Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления отчетов о выполнении мероприятий Гражданской обороны

Қаулы · № 1526 · қабылданған 14.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62176/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления отчетов о выполнении мероприятий Гражданской обороны Күшін жойған Қаулы ·№ 1526 ·14.12.2011
02.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления отчетов о выполнении мероприятий Гражданской обороны

Күшін жойған Қаулы ·№ 1526 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления отчетов о выполнении мероприятий Гражданской обороны
Атауы (қаз.)
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1526
Қабылданған күні
14.12.2011
Көрсетілген редакция
02.04.2015 AI62176_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001526
ЭКБ идентификаторы
62176
Редакция идентификаторы
AI62176_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:48

0 Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидаларын бекіту туралы

"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1525 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары

1. Осы Қағидалар Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағидалар).

2. Мемлекеттік органдар жыл сайын тиісті жылдың 10 желтоқсанына төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органға Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп береді (бұдан әрі - есеп).

3. "Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесі мен өлшемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 942 қаулысына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдар жыл сайын тиісті жылдың 25 қарашасына төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарына есеп береді.

4. Төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын тиісті жылдың 25 қаңтарына Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының аумағында өткен жылы Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп береді.

5. Есептер мынадай деректерден тұратын ерікті нысанда беріледі:

1) Азаматтық қорғаныс жоспарының болуы;

2) Азаматтық қорғаныстың басқару, хабардар ету және байланыс жүйелерін жаңғырту мен жетілдіру және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;

3) Азаматтық қорғаныс күштерін жасақтау, жарақтандыру және әзірлікте ұстау;

4) зақымдау құралдары қолданылған жағдайларда қорғаныс құралдары тәсілдеріне және іс-қимыл жасауға басқару органдарын даярлау және халықты жаппай оқыту;

5) Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын салу мен олардың қорын жинақтау және оларды жұмыс істеуге әзірлікте ұстау;

6) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге де ресурстарды, резервтерді құру, жинақтау және уақтылы жаңарту;

7) төтенше жағдайлардың қаупі және туындауы кезінде эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау және жүргізу;

8) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу;

9) экономика салалары мен объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау;

10) проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары.

6. Есепке мемлекеттік органдар мен ұйымдарың бірінші басшылары қол қояды. Мемлекеттік органдар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында, ал ұйымдар - қағаз тасығышта есептерді ұсынады.

Қолданыстағы