Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны

Қаулы · № 381 · қабылданған 06.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62187/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны Күшін жойған Қаулы ·№ 381 ·06.12.2011
19.09.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны

Күшін жойған Қаулы ·№ 381 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
381
Қабылданған күні
06.12.2011
Көрсетілген редакция
19.09.2017 62187_251636.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11DM000145
ЭКБ идентификаторы
62187
Редакция идентификаторы
62187_251636
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:57

0 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөнінде тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне айына бір рет 45 киловатт электр қуатының, сыйымдылығы 27 литрлік 1 газ балонының құнын, 1 кубтық метр суық сумен қамтамасыз ету және нарық бағасында жылына бір рет 1 тонна көмірдің құнын материалдық көмек ретінде қосымша шаралар белгіленсін.

2 2. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

3

3. "Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Диханбаева көмек алушының тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелердегі ашылған есеп шотына төлемдерді аудару арқылы төленуін қамтамасыз етсін.

4

4. Кербұлақ аудан әкімдігінің 2010 жылғы 09 наурыздағы N 132 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2010 жылдың 09 наурызында нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 2-13-110 болып енгізілген ("Кербұлақ жұлдызы" газетінің N 13 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Айгүл Тұрдақынқызы Диханбаева
06 желтоқсан 2011 жыл
Аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы
Шалқыбай Молдахметұлы Төлегенов
06 желтоқсан 2011 жыл

Қолданыстағы