Об утверждении правил содержания и выпаса сельскохозяйственных животных в Бурлинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил содержания и выпаса сельскохозяйственных животных в Бурлинском районе
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі ауданында ауыл шаруашылық жануарларды ұстау және жаю ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31-3
- Қабылданған күні
- 15.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 18.07.2012 62198_196470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZC000118
- ЭКБ идентификаторы
- 62198
- Редакция идентификаторы
- 62198_196470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:09
0 Бөрлі ауданында ауыл шаруашылық жануарларды ұстау және жаю ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Бөрлі ауданында ауылшаруашылық жануарларды ұстау және жаю Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2011 жылғы 15 қарашадағы № 31-3
Бөрлі аудандық мәслихат шешімімен
бекітілген
Бөрлі ауданында ауыл шаруашылық
жануарларды ұстау және жаю
Ережесi
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Бөрлі ауданында ауыл шаруашылық жануарларды ұстау және жаю Ережесi (әрi қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес әзірленген.