Об утверждении Правил содержания и выпаса сельскохозяйственных животных в Акжаикском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания и выпаса сельскохозяйственных животных в Акжаикском районе
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және жаю Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34-4
- Қабылданған күні
- 16.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2012 62200_194534.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZB000125
- ЭКБ идентификаторы
- 62200
- Редакция идентификаторы
- 62200_194534
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:09
0 Ақжайық ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және жаю Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Ақжайық ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және жаю Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2011 жылы 16 қарашадағы № 34-4
аудандық мәслихат шешімімен
бекітілген
Ақжайық ауданында ауыл шаруашылығы
жануарларын ұстау және жаю
Ережесі
1 1. Жалпы ережелері
1
1. Ақжайық ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және бағу Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді.