Құжат мәтініне өту

Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Буландынском районе

Қаулы · № а-11/287 · қабылданған 23.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62213/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Буландынском районе Күшін жойған Қаулы ·№ а-11/287 ·23.11.2011
11.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Буландынском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ а-11/287 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Буландынском районе
Атауы (қаз.)
Бұланды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-11/287
Қабылданған күні
23.11.2011
Көрсетілген редакция
11.11.2014 62213_94440.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11BG000140
ЭКБ идентификаторы
62213
Редакция идентификаторы
62213_94440
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:04

0 Бұланды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бұланды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалар материалдық қамтамасыз етілсін.

2 2. Мыналар белгіленсін:

1 1) материалдық қамтамасыз ету тоқсанға жыл бойы алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға, қажетті құжаттары берілген айдан бастап тағайындалады;

2 2) толық мемлекеттік қамтамасыз етілген мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету тағайындалмайды;

3

3) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету төлемін төлеу қаржыландыруға байланысты өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайы туындаған кезде (мүгедек бала 18 жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеу осындай жағдай туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады;

3 3. «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен бөлінген қаржыны уақытында игеруді қамтамасыз ету үшін шара қолдансын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С. Ізбасароваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы