Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 29.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2012 62221_205732.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11LE000172
- ЭКБ идентификаторы
- 62221
- Редакция идентификаторы
- 62221_205732
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:02
0 Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексiнiң 18-бабының 2) тармақшасы мен 238-бабының 3-тармағына және "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесiне келісім беру туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 тамыздағы N 272 шешiмiне сәйкес Қармақшы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ерсұлтановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 29 қарашадағы N 176
қаулысына қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
ТIЗБЕСI
1 1. Денсаулық сақтау мамандары лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, оның ішінде медицина бөлімі жөніндегі;
2 2) бөлімше, станция, филиал, зертхана, орталық, бөлім басшысы;
3 3) дәріхана меңгерушісі, бөлімшесі меңгерушісі;
4
4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрiгерi, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, провизор, психолог, рентген зертханашысы, мамандырылған медициналық бике, статистик, фармацевт, фельдшер (зертханашы).
2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, оның ішінде орталық;
2 2) үйде әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi бөлiмшесiнiң (орталығының) меңгерушiсi,
3 3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: инспектор, консультант (соның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
З. Бiлiм беру мамандары лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы;
2
2) жалпы орта білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім, қосымша білім берудің басқа да ұйымдарындағы директордың (бастықтың) ғылыми, оқу ісі, оқу - өндірістік, оқу - тәрбие, тәрбие жұмыстары, мектептердің, мектеп-интернаттардың жұмыстары жөніндегі орынбасары;
3 3) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
4 4) әдістемелік кабинет басшысы;
5 5) интернат, оқу кабинеті меңгерушісі;
6
6) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, нұсқаушы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, оқытушы, үйірме жетекшісі, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім, кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог).
4 4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары;
2 2) көркемдік жетекші;
3 3) кітапхана меңгерушісі, клуб меңгерушісі, көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық бөлім меңгерушісі;
4
4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатор, актер, әртіс, мұрағатшы, режиссердің ассистенті, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, нұсқаушы, өнертанушы, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, қоюшы оператор, режиссердің көмекшісі, режиссер, қоюшы режиссер, солист, хореограф, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер, экскурсовод.