Құжат мәтініне өту

О направлении безработных на общественные работы

Қаулы · № 43/02 · қабылданған 01.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62244/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О направлении безработных на общественные работы Күшін жойған Қаулы ·№ 43/02 ·01.12.2011
25.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О направлении безработных на общественные работы

Күшін жойған Қаулы ·№ 43/02 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О направлении безработных на общественные работы
Атауы (қаз.)
Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
43/02
Қабылданған күні
01.12.2011
Көрсетілген редакция
25.08.2016 62244_Some(108267).kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11KG000130
ЭКБ идентификаторы
62244
Редакция идентификаторы
62244_Some(108267)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:00

0 Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының 1 тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын қала ұйымдарының тізбесі және олардың түрлері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоса берілген ағымдағы жылға белгіленген орындалатын жұмыстың мөлшері, сапасы мен күрделілігі айлық ең төменгі еңбек ақыдан шыға отырып қоса берілген жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу мөлшері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:

1 1) бекітілген тізбеге сәйкес және ағымдағы жылға осы мақсаттарға қала бюджетінен қарастырылған қаражат шегінде, жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін;

2 2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау шартын жасасын;

3 3) қала халқын, сондай-ақ қала кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, олардың еңбек ақысын төлеу тәртібі туралы ақпаратпен қамтамасыз етсін.

4

4. Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы "2011 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-7-114 тіркелген, 2010 жылы 31 желтоқсанда "Саран газеті" қалалық газетінде N 42 (568) жарияланған) N 29/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы ресми түрде жарияланған сәттен бастап қолданысқа енеді.

10 Саран қаласы әкімдігінің

2011 жылғы 1 желтоқсандағы
N 43/02 қаулысына
1 қосымша
Жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізбесі және олардың түрлері
N
Жұмыс түрлері
Қо­ғам­дық жұ­мыстар­ға қа­ты­су­шы­лар са­ны
Жұ­мыс бе­ру­ші­лер
1
Аумақ­ты жи­нау, қа­ла ау­ма­ғын абат­тан­ды­ру, кө­гал­дан­ды­ру және эко­ло­ги­я­лық са­уық­ты­ру
160
Са­ран қа­ла­сы әкі­мі ап­па­ра­ты­ның "Абат­тан­ды­ру" жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі, "Ақ­тас по­сел­ке­сі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты" мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
2
Қа­ла­ның бюд­жет­тік ұй­ым­да­рын­да­ғы қо­сал­қы жұ­мыстар
95
Қа­ла­ның бюд­жет­тік ұй­ым­да­ры, ден­са­улық сақ­тау ме­ке­ме­ле­рі
3
Мәдени іс-шаралар өткізу
5
Мәдениет мекемелері
4
Ха­лық­тың әле­умет­тік әл­сіз топ­та­ры­на кө­мек және қыз­мет көр­се­ту
25
Әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту ме­ке­ме­ле­рі
5
Бюд­жет­тің кі­ріс бө­лі­гін арт­ты­ру­ға са­лық ор­ган­да­ры­на кө­мек көр­се­ту
10
Са­ран қа­ла­сы бой­ын­ша са­лық бас­қар­ма­сы
6
Са­ран қа­ла­сы бой­ын­ша әс­кер­ге ша­қы­ру және тір­кеу на­у­қа­нын өт­кізу­ге тех­ни­ка­лық кө­мек көр­се­ту
5
Қалалық қорғаныс бөлімі
БАРЛЫҒЫ:
300

11 Саран қаласы әкімдігінің

2011 жылғы 1 желтоқсандағы
N 43/02 қаулысына
2 қосымша
Қоғамдық жұмысқа қатыстырылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу мөлшері құрайды:
N
Жұ­мыс түр­ле­рі
Бір жұ­мыс­сыз­ға ең­бе­ка­қы тө­леу мөл­ше­рі
Жұ­мыс тәр­ті­бі
Бес күн­дік жұ­мыс ап­та­сы
Ал­ты күн­дік жұ­мыс ап­та­сы
1
Ауыр дене кү­ші­нің жүк­те­ме­сіне бай­ла­ны­сты жұ­мыстар, (абат­тан­ды­ру, қа­ла­ны та­зар­ту)
2
ең тө­мен­гі жа­ла­қы
40 са­ғат­тық жұ­мыс ап­та­сы
40 са­ғат­тық жұ­мыс ап­та­сы
жұ­мыс кү­ні - 8 са­ғат
жұ­мыс кү­ні - 6 са­ғат 40 ми­нут
2
Дене кү­ші­нің жүк­те­ме­сіне бай­ла­ны­сты ауыр емес және үй - жай­лар­да ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар
1
ең тө­мен­гі жа­ла­қы
40 са­ғат­тық жұ­мыс ап­та­сы
40 са­ғат­тық жұ­мыс ап­та­сы
жұ­мыс кү­ні - 8 са­ғат
жұ­мыс кү­ні - 6 са­ғат 40 ми­нут

Қолданыстағы