О направлении безработных на общественные работы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О направлении безработных на общественные работы
- Атауы (қаз.)
- Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 43/02
- Қабылданған күні
- 01.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2016 62244_Some(108267).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KG000130
- ЭКБ идентификаторы
- 62244
- Редакция идентификаторы
- 62244_Some(108267)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:00
0 Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының 1 тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын қала ұйымдарының тізбесі және олардың түрлері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоса берілген ағымдағы жылға белгіленген орындалатын жұмыстың мөлшері, сапасы мен күрделілігі айлық ең төменгі еңбек ақыдан шыға отырып қоса берілген жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу мөлшері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
1) бекітілген тізбеге сәйкес және ағымдағы жылға осы мақсаттарға қала бюджетінен қарастырылған қаражат шегінде, жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін;
2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау шартын жасасын;
3) қала халқын, сондай-ақ қала кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, олардың еңбек ақысын төлеу тәртібі туралы ақпаратпен қамтамасыз етсін.
4. Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы "2011 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-7-114 тіркелген, 2010 жылы 31 желтоқсанда "Саран газеті" қалалық газетінде N 42 (568) жарияланған) N 29/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми түрде жарияланған сәттен бастап қолданысқа енеді.
10 Саран қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
N 43/02 қаулысына
1 қосымша
Жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізбесі және олардың түрлері
N
Жұмыс түрлері
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны
Жұмыс берушілер
1
Аумақты жинау, қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық сауықтыру
160
Саран қаласы әкімі аппаратының "Абаттандыру" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Ақтас поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
2
Қаланың бюджеттік ұйымдарындағы қосалқы жұмыстар
95
Қаланың бюджеттік ұйымдары, денсаулық сақтау мекемелері
3
Мәдени іс-шаралар өткізу
5
Мәдениет мекемелері
4
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек және қызмет көрсету
25
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері
5
Бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға салық органдарына көмек көрсету
10
Саран қаласы бойынша салық басқармасы
6
Саран қаласы бойынша әскерге шақыру және тіркеу науқанын өткізуге техникалық көмек көрсету
5
Қалалық қорғаныс бөлімі
БАРЛЫҒЫ:
300
11 Саран қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
N 43/02 қаулысына
2 қосымша
Қоғамдық жұмысқа қатыстырылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу мөлшері құрайды:
N
Жұмыс түрлері
Бір жұмыссызға еңбекақы төлеу мөлшері
Жұмыс тәртібі
Бес күндік жұмыс аптасы
Алты күндік жұмыс аптасы
1
Ауыр дене күшінің жүктемесіне байланысты жұмыстар, (абаттандыру, қаланы тазарту)
2
ең төменгі жалақы
40 сағаттық жұмыс аптасы
40 сағаттық жұмыс аптасы
жұмыс күні - 8 сағат
жұмыс күні - 6 сағат 40 минут
2
Дене күшінің жүктемесіне байланысты ауыр емес және үй - жайларда атқарылатын жұмыстар
1
ең төменгі жалақы
40 сағаттық жұмыс аптасы
40 сағаттық жұмыс аптасы
жұмыс күні - 8 сағат
жұмыс күні - 6 сағат 40 минут