Құжат мәтініне өту

Об установлении базовых ставок платы за земельные участки на территории города Астаны

Қаулы · № 79 · қабылданған 05.12.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62316/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об установлении базовых ставок платы за земельные участки на территории города Астаны Қолданыста Қаулы ·№ 79 ·05.12.2011
04.12.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении базовых ставок платы за земельные участки на территории города Астаны

Қолданыста Қаулы ·№ 79 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении базовых ставок платы за земельные участки на территории города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласының аумағындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
79
Қабылданған күні
05.12.2011
Көрсетілген редакция
04.12.2012 AI62316_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11A0000704
ЭКБ идентификаторы
62316
Редакция идентификаторы
AI62316_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:57

0 Астана қаласының аумағындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2012.12.04. № 83 және мәслихатының 2012.12.06. № 92/11-V (осы қаулы және шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулымен және Шешімімен.

1

1. Астана қаласының аумағындағы жер учаскелеріне жеке меншікке  құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, ғимараттар (құрылыстар, имараттар) мен олардың кешендерi салынған жерлерді берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасы бір шаршы метр үшін 6 683 (алты мың алты жүз сексен үш) теңге көлемінде белгіленсін.

1 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2012.12.04. № 83 және мәслихатының 2012.12.06. № 92/11-V (осы қаулы және шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулымен және Шешімімен.

2

2. "Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректері және жер нарығының мониторингі нәтижелері негізінде, қажеттілігіне қарай, Астана қаласының әкімдігіне жер учаскелерi жеке меншікке берілген жағдайда жер учаскелері үшін төлемнің базалық ставкаларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізсін.

3 3. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешімі ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі                     И. Тасмағамбетов
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы                       А. Ким
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы                                    Ж. Нұркенов

Қолданыстағы