Құжат мәтініне өту

Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды

Өзге акт · № 611 · қабылданған 12.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62386/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды Күшін жойған Өзге акт ·№ 611 ·12.12.2011
15.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды

Күшін жойған Өзге акт ·№ 611 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды
Атауы (қаз.)
Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
611
Қабылданған күні
12.12.2011
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2012
Көрсетілген редакция
15.05.2019 62386_406980.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11KA000146
ЭКБ идентификаторы
62386
Редакция идентификаторы
62386_406980
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:51

0 Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек:

1 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, сонымен қатар зейнетақының ең төменгі мөлшерін және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;

2

2) жетім – балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі болатын балалар, мүгедек балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ата – анасының бірінен айырылған балалар, жалғыз басты аналардың балалары арасынан күндізгі оқу нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне көрсетілсін.

2 2. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында көзделген қаражаттар есебінен жүргізілсін.

3 3. Қарағанды қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

4

4. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік көмек тағайындау үшін зейнетақы мен жәрдемақы алушылар жөнінде ақпараттың ай сайынғы берілуі "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Қарағанды облыстық филиалына қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. Күші жойылды деп танылсын:

1

1) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы ІІ сессиясының "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 21 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 8-1-61, 2007 жылдың 12 қарашасындағы № 127 (315) "Взгляд на события" газетінде жарияланған);

2

2) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 26 қарашадағы ХV сессиясының "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы ІІ сессиясының "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 21 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" № 157 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 8-1-79, 2008 жылдың 17 желтоқсандағы № 129 (458) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).

7 7. Осы шешім 2012 жылғы 1 қаңтарынан бастап ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
"Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекеме бастығы
Ж. Ысқақов
14.12.2011 жыл

Қолданыстағы