Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима в селе Карабута Карабутинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима в селе Карабута Карабутинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Қарабұта ауылдық округінің Қарабұта ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 570
- Қабылданған күні
- 28.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2012 AI62414_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VR000138
- ЭКБ идентификаторы
- 62414
- Редакция идентификаторы
- AI62414_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:33
0 Қарабұта ауылдық округінің Қарабұта ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарабұта ауылдық округінің Қарабұта ауылында ірі қара малдар арасынан аусыл ауруы пайда болуына байланысты, карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринарлық режим белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Садвакасовқа осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы М. Ішкібаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
4
4. Қарабұта ауылдық округінің әкімі М. Шөмшековке шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аумақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Байсабыровқа жүктелсін.
6 6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешеніндегі
мемлекеттік инспекция Комитетінің
Үржар аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
С. Садвакасов
28 желтоқсан 2011 ж.
Үржар ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы
М. Ішкібаев
28 желтоқсан 2011 ж.