О дополнительном лекарственном обеспечении
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 521/75-IV
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном лекарственном обеспечении
- Атауы (қаз.)
- Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 521/75-IV
- Қабылданған күні
- 07.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2017 62428_213841.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11A0000707
- ЭКБ идентификаторы
- 62428
- Редакция идентификаторы
- 62428_213841
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:56
0 Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Азаматтардың жекелеген санаттары жергілікті бюджет қаражаты
есебінен амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсін:
1 1) "Колистиметат" препараты, муковисцидоз ауруын емдеу үшін ингаляция ерітіндісін жасауға арналған мөлшеріндегі ұнтақ;
2 2) Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2014 № 282/40-V
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3 3) "Бозентан" препараты, бастапқы өкпе гипертензиясы ауруын емдеуге арналған мөлшеріндегі таблетка;
4 4) "Леветирацетам" препараты, эпилепсия ауруын емдеуге арналған мөлшеріндегі таблеткалар;
5 5) Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2014 № 282/40-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
6 6) Драве синдромы ауруына арналған «Стирипентол» препараты, капсула;
7 7) Қалқанша безінің медуллярлы ісігі ауруына арналған «Вандетаниб» препараты, таблеткалар;
8 8) «Инфликсимаб» препараты, көктамыр ішіне енгізілетін ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 100 мг, «Бехтерев ауруына» арналған «Адалимумаб» инъекцияға арналған 40 мг/0,8 мл ерітінді;
9 9) Муковисцидоз ауруына арналған «Тобрамицин» препараты, капсулаларда ингаляцияға арналған 28 мг ұнтақ.
2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Астана қаласының Денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің (ДСБ) бастығы А.Сегізбаев
2011 жылғы 18 қараша