Об образовании избирательных участков на территории Коксуского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании избирательных участков на территории Коксуского района
- Атауы (қаз.)
- Көксу ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-47
- Қабылданған күні
- 20.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2011 AI62441_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11DN000120
- ЭКБ идентификаторы
- 62441
- Редакция идентификаторы
- AI62441_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:43
0 Көксу ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес және Көксу аудандық сайлау комиссиясымен келісе отырып аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Көксу ауданының аумағында сайлау учаскелерінің бекітілген шекараларында осы шешімнің қосымшасына сәйкес сайлау учаскелері құрылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Дәулет Кенжеханұлы Халеловке жүктелсін.
3 3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Көксу аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Ағыбаев Ғани Бартайұлы
20 желтоқсан 2011 жыл
4 Көксу ауданы әкімінің
2011 жылғы "20" желтоқсандағы
"Көксу ауданының аумағында
сайлау учаскелерін құру туралы"
N 12-47 шешіміне қосымша
Көксу ауданы бойынша сайлау учаскелері
N 518 Әуезов сайлау учаскесі
Орталығы: Балпық би кенті, Жолбарыс би көшесі 56, "Автобаза", телефон: 20952
Шекарасы: Балпық би кенті, Жетісу, Қалдарбеков, Ибраимов Сатқынов, Маметова, Құрманов, Даулетов, Мыңбаев, Уалиханов, Жолбарыс би, Әуезов, Жұмабеков, Надырбай көшелері толық, Темірбаев N 7-29 (тақ жағы), N 6-30 (тақ жағы), Исабаев N 2-86 (жұп жағы), N 1-85(тақ жағы).
N 519 Қалқа Жапсарбаев сайлау учаскесі
Орталығы: Балпық би кенті, Измайлов көшесі 17, Балпық би кентіндегі қазақ орта мектеп - гимназиясы, телефон: 22351.
Шекарасы: Балпық би кенті: Қазбек би, Айтеке би, Ескелді би, Солтанбай батыр, Нұрпейісов, Измайлов, Мырзабеков, Байтұрсынов, Асан Тәжі, Бакумов, Қабанбай батыр, Жалайыр, Қонаев, Желтоқсан, Балпық би көшелері толығымен, Темірбаев N 1-7 (тақ жағы) 2-6 (жұп жағы), Исабаев N 88-142 (жұп жағы), N 87-141(тақ жағы), Шадрин N 2-10(жұп жағы), Нүсіпов және Төле би шағын аудандары.
N 520 Балпық би сайлау учаскесі
Орталығы: Балпық би кенті, Амангелді көшесі 1, "Көксу-Шекер" акционерлік қоғамның әкімшілік ғимараты, телефон:20821.
Шекарасы: Балпық би кенті, Молдабергенов, Байтұрбай би, Орақты батыр, Шағыров, Ыбырай Алтынсарин, Ақын Сара көшелері толығымен, Амангелді көшелері N 2-80(жұп жағы), N 1- 55 (тақ жағы), Исабаев N 144-258 (жұп жағы), N 143-247 (тақ жағы).
N 521 Наурызбай сайлау учаскесі
Орталығы: Балпық би кенті, Исабаев көшесі 247, Құндақбаева атындағы орталау мектебі, телефон: 21514.
Шекарасы: Балпық би кенті, Наурызбай, Алдабергенов, Жароков көшелері толығымен, Тәттібай батыр көшесі N 1-67 (тақ жағы), Исабаев көшесі N 57-165(тақ жағы), N 260-508 (жұп жағы), N 249-335 (тақ жағы), Амангелді көшесі N 82-166 (жұп жағы), N 57-165(тақ жағы).
N 522 Жангелдин сайлау учаскесі
Орталығы: Балпық би кенті, Тазабұлақ көшесі 1, Құрманов атындағы N 2 орта мектеп, телефон: 20298.
Шекарасы: Балпық би кенті, Төлебаев, Байсеитов, Жансүгіров, Мәуленбай, Жангелдин, Байысов, Молдағұлова, Мұсабек, Бақай батыр, Нартбай датқа, Ғарышкер, Бақтыбай батыр, Жамбыл, Момышұлы көшелері, Қойшыбаев тұйығы, Тазабұлақ шағын ауданы толығымен.
N 523 Абай сайлау учаскесі
Орталығы: Балпық би кенті, Сейфуллин көшесі 35, "Алпамыс" бөбек-жай балабақшасы, телефон: 21814
Шекарасы: Балпық би кенті, Қаблиса, Қарынбай, Жапсарбаев, Абай, Сейфулин, Қойлық, Азизбеков, Дарабоз ана, Мәйке ақын, Тынышбай көшелері толығымен.
N 524 Достық сайлау учаскесі (жабық)
Орталығы: Балпық би кенті, Измайлов көшесі 4, аудандық аурухана, телефон: 21155.
Шекарасы: Балпық би кенті, Измайлов көшесі N 4.
N 525 Ақшатоған сайлау учаскесі
Орталығы: Ақшатоған ауылы, Калинин көшесі 16, N 5 орта мектеп, телефон: 20249.
Шекарасы: Ақшатоған ауылының аумағы.
N 526 Теректі сайлау учаскесі
Орталығы: Теректі ауылы, Құлболдинов көшесі 17, N 4 Исабаев атындағы орта мектебі, телефон: 20017.
Шекарасы: Теректі ауылының аумағы.
N 527 Мәмбет сайлау учаскесі
Орталығы: Мәмбет ауылы, Мәмбет көшесі 7, ауылдық мәдениет үйі, телефон: 25477
Шекарасы: Мәмбет ауылы, Көксу плотинасы, жылыжай, бақ, Сарыбастау учаскелерінің аумағы.
N 528 Әйтеке би сайлау учаскесі
Орталығы: Еңбекшіқазақ ауылы, Абданбеков көшесі 1, Еңбекшіқазақ орта мектебі, телефон: 31554.
Шекарасы: Еңбекшіқазақ ауылы, жол жөндеу учаскесі, май зауыты, бақ аумақтары.
N 529 Қақпақты сайлау учаскесі
Орталығы: Мәмбет ауылы, Қақпақты мал жайылым учаскесі, телефон: 25477
Шекарасы: Қақпақты, Желдіқара, Жетіжал, Тұрсынбай мал жайылым учаскелерінің аумақтары.
N 530 Жамбыл сайлау учаскесі
Орталығы: Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі 17, Жамбыл атындағы орта мектебі, телефон: 31957.
Шекарасы: Жамбыл ауылы, бақ аумақтары.
N 531 Қонаев сайлау учаскесі
Орталығы: Талапты ауылы, Абай көшесі 26, Талапты орта мектебі, телефон: 25193.
Шекарасы: Талапты ауылы, сүт-тауар, құс фермалары, Дүбек, Сарыбел мал жайылым учаскелерінің аумақтары.
N 532 Қаблиса сайлау учаскесі
Орталығы: Ақтекше ауылы, Егінбаев көшесі 31, ауылдық Мәдениет үйі, телефон: 24314.
Шекарасы: Ақтекше, Көкбастау ауылдарының аумақтары.
N 533 Малайсары сайлау учаскесі
Орталығы: Ақтекше ауылы, Малайсары мал жайылым учаскесі, телефон:24312.
Шекарасы: Малайсары мал жайылым учаскесінің аумағы.
N 534 Мұқыры сайлау учаскесі
Орталығы: Мұқыры ауылы, Сыдықов көшесі 9, Жапсарбаев атындағы орта мектеп, телефон: 24541.
Шекарасы: Мұқыры ауылы, Алмалы, Желдіқара, Точка мал жайылым учаскелерінің аумақтары.
N 535 Қазақстан сайлау учаскесі
Орталығы: "10 жылдық Қазақстан" ауылы, Нұрманбетов көшесі 24, "10-жылдық Қазақстан" орта мектебі, телефон: 24546.
Шекарасы: "10-жылдық Қазақстан" ауылының аумағы.
N 536 Солтанбай сайлау учаскесі
Орталығы: Жарлыөзек ауылы, Абай көшесі 1, "Балпық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимараты, телефон: 33440.
Шекарасы: Жарлыөзек ауылы, Каганович қосалқы шаруашылығының аумақтары.
N 537 Төле би сайлау учаскесі
Орталығы: Бозтоған ауылы, Мәрден көшесі 1, Мұсабек атындағы орта мектеп, телефон: 33432.
Шекарасы: Бозтоған ауылы, Бейсек, Мұсабек, Құсайынов, Жапсарбаев, Сыдықов көшелері толығымен, Марден N 1-8 (жұп жағы), N 7 (тақ жағы), Керімбаев N 1-7-ге (тақ жақ), Идигов N 10-20 (жұп жағы), Дөмеев N 1-12, Карпиков N 2-4 (жұп жағы), Нұрпейісов N 2-10(жұп жағы).
N 538 Қыдырәлі сайлау учаскесі
Орталығы: Бозтоған ауылы, Құндақбаева көшесі 33, ауылдық клуб, телефон: 33397.
Шекарасы: Бозтоған ауылы, Құндақбаева көшесі; Мұқаншы ауылы, көшелері: Жамбыл, Алдабергенов, Шадрин, Мұқаншы толығымен.
N 539 Мұсабек сайлау учаскесі
Орталығы: Мұсабек ауылы, Андасов көшесі 18, Қызыларық орта мектебі, телефон: 33898.
Шекарасы: Мұсабек ауылының аумағы.
N 540 Мәулімбай сайлау учаскесі
Орталығы: Мәулімбай ауылы, Смаил көшесі 15, Жеңіс орта мектебі, телефон: 33896.
Шекарасы: Мәулімбай ауылының аумағы.
N 541 Быжы сайлау учаскесі
Орталығы: Быжы бекеті, бекет кеңсесі, телефон: 33707
Шекарасы: Быжы, Бақша, Мойынқұм бекеттерінің аумақтары.
N 542 Амангелді сайлау учаскесі
Орталығы: Амангелді ауылы, Ақниет көшесі 42, ауылдық Мәдениет үйі, телефон: 26504.
Шекарасы: Амангелді ауылы, Ақ-там, Қарасу учаскелерінің аумақтары.
N 543 Кеңарал сайлау учаскесі
Орталығы: Кеңарал ауылы, Қырықбаева көшесі 38, Қырықбаева атындағы орта мектеп, телефон: 33228.
Шекарасы: Кеңарал ауылының аумағы.
N 544 Бесқайнар сайлау учаскесі
Орталығы: Бесқайнар ауылы, Қиялов көшесі 35, Бесқайнар орта мектебі, телефон: 33534.
Шекарасы: Бесқайнар ауылының аумағы.
N 545 Қаратал сайлау учаскесі
Орталығы: Қаратал ауылы, Набережная көшесі 22, Қаратал бастауыш мектебі, телефон: 33885.
Шекарасы: Қаратал ауылының аумағы.
N 546 Байтұлақ сайлау учаскесі
Орталығы: Көксу бекеті, Байтұлақов көшесі 11, Мұқаншы орта мектебі, тел. 29138.
Шекарасы: Көксу бекетінің аумағы.
N 547 Нүсіпбек сайлау учаскесі
Орталығы: Мұқаншы ауылы, Орақты батыр көшесі 52, фельдшерлік-акушерлік пункт, телефон:29201.
Шекарасы: Мұқаншы ауылының аумағы.
N 548 Нәдірзбек сайлау учаскесі
Орталығы: Нәдірізбек ауылы, Әлкенов көшесі 15, дүкен ғимараты, телефон:29137.
Шекарасы: Нәдірізбек ауылы, өндіріс учаскесі, сүт-тауар фермасының аумақтары.
N 549 Ескелді сайлау учаскесі
Орталығы: Жетіжал ауылы, Кәкенов көшесі, 11 Жетіжал орта мектебі, телефон: 25734.
Шекарасы: Жетіжал ауылының аумағы.
N 550 Батыржан сайлау учаскесі
Орталығы: Алғабас ауылы, Батыржан көшесі 42 Алғабас орта мектебі, телефон: 27378.
Шекарасы: Алғабас ауылы, Жылыкүнгей, Байбарақ мал жайылым учаскелерінің аумақтары.
N 551 Нұрлан сайлау учаскесі
Орталығы: Қызылтоған ауылы, Нұрахмет көшесі 33, Қызылтоған орталау мектебі, телефон: 33811.
Шекарасы: Қызылтоған ауылы, Мақпал мал жайылым учаскесінің аумақтары.
N 552 Байшапанов сайлау учаскесі
Орталығы: Айнабұлақ бекеті, Вокзальная көшесі 1, N 12 Айнабұлақ орта мектебі, телефон: 33804.
Шекарасы: Айнабұлақ бекеті, Көпір, Таурасы разъездерінің аумақтары.
N 553 Сарыбастау сайлау учаскесі
Орталығы: N 45 теміржол бөлімшесінің қосалқы шаруашылығы, Рысқұлов көшесі 7, фельдшерлік акушерлік пункт, телефон:33935.
Шекарасы: N 45 теміржол бөлімшесінің қосалқы шаруашылығы, су тартқыш аумағы.