Об увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
- Атауы (қаз.)
- Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38/3-IV
- Қабылданған күні
- 21.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2018 62471_303258.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VD000160
- ЭКБ идентификаторы
- 62471
- Редакция идентификаторы
- 62471_303258
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:40
0 Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 381, 386 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. 1 қосымшаға сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары орнатылсын.
2 2. Тұрғын үй қорымен, соның ішінде автотұрақтардың санаттарына байланысты ұлғайтылған құрылыстары мен ғимараттарымен қамтылған жерлерден басқа Риддер қаласы аумағында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерлері 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Риддер қаласына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елдi мекен болып Риддер қаласы айқындалсын.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Риддер қ. бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын анықтау туралы
2011 жылғы 21 желтоқсан № 38/3-IV
қалалық мәслихаттың шешіміне
1 қосымша
Риддер қ. бойынша автотұрақтар (паркингтер)
санаттарын анықтау туралы
№
Автотұрақтар түрі
Санаттар
1
Жер үсті шатырмен жабылған автотұрақтар, шатырмен жабылмаған автотұрақтар
1 санат
2
Басқа мақсатқа арналған ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар, басқа мақсаттарға салынған ғимараттарға ішкери салынған автотұрақтар
2 санат
3
Ғимараттардың жер асты, жертөле, цокольды немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар
3 санат
Қалалық мәслихат хатшысы
А. Ермаков
6 Санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы
2011 жылғы 21 желтоқсан № 38/3-IV
қалалық мәслихаттың шешіміне
2 қосымша
Санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін
бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы
№
Автотұрақтар санаттары
Ставкалар
1
1 санат
10 есеге
2
2 санат
9 есеге
3
3 санат
8 есеге
Қалалық мәслихат хатшысы
А. Ермаков