Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов

Қаулы · № 220 · қабылданған 21.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62474/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов Күшін жойған Қаулы ·№ 220 ·21.12.2011
06.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов

Күшін жойған Қаулы ·№ 220 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
Атауы (қаз.)
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
220
Қабылданған күні
21.12.2011
Көрсетілген редакция
06.02.2012 62474_202068.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11ZI000110
ЭКБ идентификаторы
62474
Редакция идентификаторы
62474_202068
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:40

0 Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында барлық кандидаттар үшін үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Ауылдық округ әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қаратөбе аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Х. Есжан
21.12.2011 ж.

5 Аудан әкімдігінің

2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 220 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі
депутаттарының кезектен тыс сайлауында
және Қазақстан Республикасы мәслихаттары
депутаттарының кезекті сайлауында барлық
кандидаттар үшін үгіттiк баспа
материалдарын орналастыру үшiн
орындар

Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру орны
1.
Қоржын ауылы
Аққозы орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды
2.
Қосбаз ауылы
Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды
3.
Аққозы ауылы
Ауылдық орталық алаң
4.
Бесоба ауылы
Ауылдық кітапхана ғимаратының алды
5.
Егіндікөл ауылы
Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды мен ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының алды
6.
Жусандыой ауылы
Мұхит көшесінде орналасқан ауылдық округ әкімі аппаратаның әкімшілік ғимаратының алды мен ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының алды
7.
Ханкөл ауылы
"Казпошта" бөлімшесі ғимаратының алды мен ауылдық клуб ғимаратының алды
8.
Ақтай ауылы
Қаракөл орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды мен ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының алды
9.
Алакөл ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алды
10.
Қоскөл ауылы
Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды
11.
Қаратөбе ауылы
Аудандық мәдениет үйі ғимаратының алды
12.
Қоскөл ауылы
Қоскөл орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды
13.
Шалғын ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алды
14.
Қарақамыс ауылы
Б. Қаратаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды
15.
Сәуле ауылы
Жақсыбай негізгі жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды
16.
Сулыкөл ауылы
"Казпошта" бөлімшесі ғимаратының алды мен Ж. Жабаев көшесінде орналасқан орталық алаң
17.
Үшана ауылы
"Казпошта" бөлімшесі ғимаратының алды
18.
Төлен ауылы
Төлен негізгі жалпы білім беретін мектеп ғимаратының алды
19.
Темірбек ауылы
Темірбек бастауыш мектеп ғимаратының алды
20.
Шөптікөл ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алды
21.
Үшағаш ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алды
22.
Соналы ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алды

Қолданыстағы