Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника

Қаулы · № 1601 · қабылданған 26.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62493/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника Күшін жойған Қаулы ·№ 1601 ·26.12.2011
29.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника

Күшін жойған Қаулы ·№ 1601 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника
Атауы (қаз.)
Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1601
Қабылданған күні
26.12.2011
Көрсетілген редакция
29.12.2015 AI62493_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001601
ЭКБ идентификаторы
62493
Редакция идентификаторы
AI62493_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:35

0 Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 7-бабының 3) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1601 қаулысымен
бекітілген
Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртiбiн айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мақта өңдеу ұйымы – меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы қайта өңдеу жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;

2 2) мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстары – тұқымдық мақсаттар үшiн пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттiлiгiн тұрақты қамтамасыз ету үшiн құрылған және арналған мақта тұқымының мемлекеттiк қорлары;

3

3) мамандандырылған ұйымдар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысымен айқындалған отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар;

4 4) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi.

3 3. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану уәкiлеттi орган мен мамандандырылған ұйымдар арасында мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сенiмгерлік басқару шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады.

4 4. Мамандандырылған ұйымдар мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға байланысты қызмет нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органға уәкiлеттi орган белгiлеген тiзбе, нысандар бойынша және мерзiмдерде есептiлік бередi.

2 2. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру

5 5. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруды уәкiлеттi орган мамандандырылған ұйымдар арқылы:

1 1) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен аттестатталған өндiрушiлерден мақта тұқымын сатып алу;

2 2) бұрын берiлген тұқымдық несиелердi қайтару;

3 3) мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сатудан түскен қаражатқа аттестатталған өндiрушiлерден мақта тұқымын сатып алу жолымен жүзеге асырады.

6 6. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарына жеткiзiлетiн мақтаның сорттық тұқымы Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарға жатуы, ал сорттық және себу сапалары бойынша мына талаптарға жауап беруi тиiс:

1 1) элита тұқымы – сорттық тазалықтың бiрiншi санаты және себу стандартының бiрiншi сыныбы;

2 2) бiрiншi-екiншi көбейтiлген тұқым – сорттық тазалықтың екiншi санатынан және себу стандартының екiншi сыныбынан төмен емес.

3 3. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау

7 7. Мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстары мақта өңдейтiн ұйымдарда бүлiнуден, басқа дақылдармен және сорттармен араласып кетуден толық сақтауды қамтамасыз ететiн арнайы бөлiнген қоймаларда сақталады.

8 8. Мамандандырылған ұйымдар мен мақта өңдеу ұйымдары мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етедi.

9 9. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау жөнiндегi шығындар оны сатудан түскен қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

10 10. Мақта өңдеу ұйымдары уәкiлеттi органға және мамандандырылған ұйымдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау жөнiнде есеп бередi.

4 4. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын пайдалану

11 11. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын пайдалануды тұқымдық несие беру және сату, сондай-ақ мақта өңдеу ұйымына мақта тұқымын сақтау жөнiндегi қызметке төленетiн ақы есебiнде беру арқылы мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

12 12. Тұқымдық несиенi беру бөлiнетiн несие құнының 3 пайызын құрайтын мөлшердегi қайтару коэффициентiн ескере отырып, қайтарымдылық және коммерциялық негiзде жүргiзiледi.

13

13. Тұқымдық несие алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер (бұдан әрі – АШТӨ) мамандандырылған ұйымдарға өтiнiш (қалаған нысанда), жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, АШТӨ-нің тұқым несиесін қайтару жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдікті шығаруға әзір екендігі туралы ниет-хатын және Қазақстан Республикасының банктiк заңнамасына сәйкес ресiмделген екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн тапсырады.
Мамандандырылған ұйымдар тапсырылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде қарайды.
Оң шешім қабылданған жағдайда, мамандандырылған ұйымдар шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде АШТӨ-мен шарт жасасады, шартта АШТӨ-ге бір ай ішінде банктік кепілдік тапсыру көзделеді. Банктік кепілдік тапсырылғаннан кейін мамандандырылған ұйымдар оны екі жұмыс күні ішінде қарайды және үш жұмыс күні ішінде тұқымдық несие беру туралы өкім береді.
Теріс шешім қабылданған жағдайда АШТӨ-ге бас тарту себебі көрсетіліп, дәлелді жауап жолданады.
Тұқымдық несиенi беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық болмау себептеріне байланысты болады.

14 14. Тұқымдық несиенi қайтару ағымдағы жылғы өнiм мақтасының сорттық тұқымынан немесе несие беру шартында көрсетiлген мерзiмдерде шиттi мақтамен, мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарын сақтауды жүзеге асыратын мақта өңдеу ұйымдарына жеткiзу арқылы жүзеге асырылады.

15

15. Мақта тұқымын сату алдын ала төлем немесе Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң кепiлдiгi бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Мақта тұқымын сатып алу кезiнде сатып алушылар мамандандырылған ұйымдарға сонымен қатар өтiнiштi (қалаған нысанда) және жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн тапсырады.

16 16. Мақта тұқымын сақтау мерзiмi өткен жағдайда мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен айырбастау шарты негiзiнде мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарын айырбастауды жүзеге асырады.

17 17. Мамандандырылған ұйымдар уәкiлеттi органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының болуы және қозғалысы жөнiнде ақпарат бередi.

34 201 _ жылғы _____ тоқсандағы мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау жөніндегі есеп

Мақта тұқымының мемлекеттiк
ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Тоқсан сайын
есептік тоқсан аяқталғаннан кейiн
25-күнi тапсырылады
201 _ жылғы _____ тоқсандағы мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау жөніндегі есеп
______________________________________________________
(мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы)
Р/с №
Да­қыл
Сорт
Кө­ле­мi (тон­на)
Есеп құ­ны (мың тең­ге)
Са­па­лық құ­ра­мы және си­патта­ма­сы
Кон­ди­ци­я­лық тұқым (тон­на)
Сан аты
Ре­про­дук­ци­я­сы
Се­бу стан­дар­ты­ның сы­ны­бы
Өнiм­дiлi­гi
Кон­ди­ци­я­ға жат­пай­тын тұқым (тон­на)
1
2
3
эли­та
1
2
1
2
3
Басшы ________________ _________________________________
(қолы)                   (Т.А.Ә.)

35 20_ жылғы «___» __________ мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының болуы және қозғалысы

Мақта тұқымының мемлекеттiк
ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгiне
айына бiр рет 29-күнi
мамандандырылған ұйым тапсырады
20_ жылғы «___» __________ мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының болуы және қозғалысы
Мақ­та­ны қай­та өң­деу ұй­ы­мы­ның ата­уы
20_ жы­л­ғы «___»______
мақ­та тұқы­мы­ның
бо­луы
20_ жы­л­ғы
__ __ _____
есеп­ті
ке­зең­де­гі кiрiс
20_ жы­л­ғы
__ __ _____
есеп­ті
ке­зең­де­гі шы­ғыс
20_ жы­л­ғы
«___»______
мақ­та тұқы­мы­ның
бо­луы
Басшы ________________ _________________________________
(қолы)                 (Т.А.Ә.)
Орындаушы ________________ ______________________________
(қолы)               (Т.А.Ә.)

Қолданыстағы