Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за деятельностью участников регионального финансового центра города Алматы в области трудового законодательства Республики Казахстан

Қаулы · № 156 · қабылданған 30.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62505/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за деятельностью участников регионального финансового центра города Алматы в области трудового законодательства Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 156 ·30.09.2011
30.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за деятельностью участников регионального финансового центра города Алматы в области трудового законодательства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 156 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за деятельностью участников регионального финансового центра города Алматы в области трудового законодательства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156
Қабылданған күні
30.09.2011
Көрсетілген редакция
30.06.2015 AI62505_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007350
ЭКБ идентификаторы
62505
Редакция идентификаторы
AI62505_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:31

0 Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі бұйырады:

1 1. Мыналар бекітілсін:

1 1) осы қаулы мен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері;

2 2) осы қаулы мен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (бұдан әрі – Комитет) (Нұрпейісов Д.Қ.) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулы мен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, олардың ресми жариялануын, Комитет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 2 наурыздағы № 04.2-40/53 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 115 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 наурызда № 6119 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 63 (1685) жарияланған);

2

2) «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің уәкілетті лауазымды тұлғаларымен мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 наурыздағы № 04.2-40/54 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 114 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 наурызда № 6120 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2010 жылғы 27 сәуірде № 59 (1681) жарияланған).

4 4. Осы қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т.Ғалиеваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы мен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
_____________ Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрі
______________ Қ. Келімбетов

10 Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 156 қаулысы және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2011 жылғы
1 желтоқсандағы № 372 бұйрығына
1-қосымша
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

1

1. Осы Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы (бұдан әрі – қаржы орталығы) қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (бұдан әрі – Еңбек кодексі), 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік бақылау туралы заң), 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2006 жылғы 5 маусымдағы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында тексерілетін субъектілерді жоғары, орта не аз ғана тәуекелі бар топтарға жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1 1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

2 2) тексерілетін субъект – жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын қаржы орталығының қатысушысы.

3

3. Қаржы орталығының қатысушыларын тәуекел дәрежесі бойынша бөлу салдардың ауырлығы, нормативтік құқықтық актілерде, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тек Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды бұзудың салалық статистикасы тұрғысынан тексерілетін субъектінің маңыздылығын, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің қорытындысын ескере отырып жүзеге асырылады.

4 4. Бастапқы кезеңде қаржы орталығының жаңадан тіркелген қатысушылары тәуекел дәрежесі жоғары топқа енгізіледі. Бұдан әрі олардың тәуекел дәрежесі бойынша бөлінуі осы Өлшемдердің 1, 2 және

3-қосымшаларына сәйкес алған балладар сомасына қарай жүзеге асырылады.

5 5. Қаржы орталығының жұмыс істейтін қатысушылары тәуекел дәрежесі бойынша жүргізілген тексерулерді ескере отырып, осы Өлшемдердің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес алған баллдар сомасына қарай бөлінеді.

6 6. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер топтарына жатқызған кезде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау тәртібін және қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзуына, қаржы орталығы қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзуына байланысты Өлшемдер ескеріледі.

7 7. Тексерілетін субъектілер тәуекел Өлшемдері ескеріле отырып тексеру жоспарына енгізіледі.

8 8. Өлшемдерге:

1 1) осы Өлшемдердің 1-қосымшасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар;

2 2) осы Өлшемдердің 2-қосымшасына сәйкес қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзу;

3 3) осы Өлшемдердің 3-қосымшасына сәйкес шетелдік жұмыс күштерін тарту тәртібін бұзу жатқызылады.

9 9. Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласындағы жолсыздықтар бойынша Өлшемдердi бағалау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:

1 1) 35 және жоғары балл алған, жоспарлы тексеру саны жылына бiр рет болатын тексерілетін субъектiлер жоғары тәуекел тобына жатады;

2 2) 15-тен 35 баллға дейін алған, жоспарлы тексеру саны 3 жылда бiр рет болатын тексерілетін субъектiлер орта тәуекел тобына жатады;

3 3) 15 баллдан жоғары алған, жоспарлы тексеру саны 5 жылда бiр рет болатын тексерілетін субъектiлер аз ғана тәуекел тобына жатады.

10 10. Көрсетілген Өлшемдерді айқындауға арналған есепке алу кезеңі тексеру жоспарланып отырған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып табылады.

11 11. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орта тексерілетін субъектiлерді тексеру кезеңділігі Мемлекеттік бақылау туралы заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес анықталады.

Тексерулердің нәтижесінде жолсыздықтар анықталған және неғұрлым жоғары баллдар алған жағдайда аз ғана тәуекел деңгейі бар тексерілетін субъектiлер тиісінше жоғары немесе орта тәуекел деңгейі тобына ауыстырылады.

12 12. Тәуекел дәрежесiнiң бiр деңгейi шеңберiнде тексерулер жүргiзу үшiн тексерілетін субъектiлердi iрiктеу басымдығы:

1 1) берiлген (алған) баллдардың неғұрлым көп сомасы бойынша;

2 2) жоғарыда көрсетiлген белгiлер бойынша көрсеткiштер тең болған жағдайда, тексерiлмеген кезеңi неғұрлым көп тексерілетін субъектiлер тексеру жоспарына енгiзiледi.

33 Алматы қаласының өңірлік қаржы

орталығы қатысушыларының Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасы
саласындағы қызметіне жеке
кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
1-қосымша
Тәу­е­кел­дер то­бы
Тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сін ба­ға­лау өл­шем­де­рі
Балл
1. Ең­бек қа­уiп­сiздi­гi және ең­бек­тi қор­ғау са­ла­сын­да­ғы бұ­зу­шы­лық тәу­е­кел­дерi
Кiсi өлi­мi­мен аяқ­тал­ған жа­за­тай­ым оқи­ға (бiр де­рек үшiн)
15
Ауыр аяқ­тал­ған жа­за­тай­ым оқи­ға (бiр де­рек үшiн)
10
Жеңiл, ор­та­ша аяқ­тал­ған жа­за­тай­ым оқи­ға (бiр де­рек үшiн)
3
Жұ­мыс бе­ру­шiнiң жа­у­ап­кер­шiлi­гiн мiн­дет­тi сақ­тан­ды­ру шар­тын жа­са­мау
7
Ең­бек­тi қор­ғау қыз­метi­нің неме­се ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі мен ең­бек­ті қор­ғау ма­ма­ны­ның жоқ­тығы
6
Қыз­мет­кер­лер­дi же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз ет­пеу
6
Жұ­мыс­та­ғы жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ды және жұ­мыс­шы­ның ден­са­улы­ғы­на кел­ті­рі­л­ген өзге за­қым­дар­ды тер­геп-тек­се­рудi қам­та­ма­сыз ет­пеу
5
Қыз­мет­кер­лер­дi үй­рет­пеу, нұс­қау бер­меу және бiлiм­дерiн тек­сер­меу
4
Мiн­дет­тi және ке­зең­дiк
ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­лер жүр­гiз­беу
3

34 Алматы қаласының өңірлік қаржы

орталығы қатысушыларының Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасы
саласындағы қызметіне жеке
кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
2-қосымша
Тәу­е­кел­дер то­бы
Тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сін ба­ға­лау өл­шем­де­рі
Балл
2. Қыз­мет­кер­лер­дiң ең­бек құқық­та­рын бұ­зу­шы­лық тәу­е­кел­дерi
Жа­ла­қы­ны уа­қы­тын­да тө­ле­меу
10
Ең­бек шар­тын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес бел­гі­лен­ген ең­бек ақы тө­леу мөл­ше­рі мен шар­тта­ры­ның жоқ­тығы
8
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­мен са­лы­стыр­ған­да қыз­мет­кер­лер­дің жағ­дай­ын на­шар­ла­та­тын жұ­мыс бе­ру­ші­нің ак­ті­ле­рі
6
Жұ­мыс бе­ру­ші ке­лі­сім­де­рі­нің, ұжым­дық, ең­бек шар­тта­ры­ның, ак­ті­ле­рі­нің ере­же­ле­рі (ең­бек шар­тта­ры) сақ­тал­ма­ған
6
Тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну тәр­ті­бін сақ­та­мау
5
То­лық ма­те­ри­ал­дық жа­у­ап­кер­ші­лік ту­ра­лы жа­з­ба­ша шар­ттар­дың жоқ­тығы және олар­дың заң­ды­лы­ғы
5
Ең­бек шар­тын жа­са­мау
5
Қыз­мет­кер­лер­дің же­ке са­нат­та­ры­ның (мү­ге­дек­тер; он се­гіз жас­қа тол­ма­ған қыз­мет­кер­лер; қо­са жұ­мыс ат­қа­ра­тын қыз­мет­кер­лер; әй­ел­дер және от­ба­сы мін­дет­те­рі бар өзге тұ­лға­лар) ең­бек құқық­та­ры сақ­тал­ма­ған
5
Ең­бек ко­дексi­нің қыз­мет­кер­лер­ге жыл сай­ын­ғы ең­бек (қо­сым­ша), әле­умет­тік де­ма­лы­стар бе­ру бой­ын­ша та­лап­та­рын сақ­та­мау
5
Үсте­ме жұ­мыстар­ға заң­сыз тар­ту
3
Ең­бек шар­тын­да сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің жоқ­тығы
2

35 Алматы қаласының өңірлік қаржы

орталығы қатысушыларының Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасы
саласындағы қызметіне жеке
кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
3-қосымша
Тәу­е­кел­дер то­бы
Тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сін ба­ға­лау өл­шем­де­рі
Балл
3. Ше­тел­дiк жұ­мыс кү­шiн тар­ту тәр­тiбiн бұ­зу­шы­лық тәу­е­кел­дерi
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның қар­жы ор­та­лы­ғын­да қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үшін ке­ле­тін ше­тел­дік­тер­ге және аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар­ға ви­за бе­ру ту­ра­лы өті­ніш бой­ын­ша бе­рі­ле­тін ти­іс­ті ви­за­ны ал­май, ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін пай­да­ла­ну
10

36 Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 156 қаулысына және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрiнiң
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 372 бұйрығына
2-қосымша
нысан
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
__________ __________________
(күні)     (жасалған жері)
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған лауазымды тұлғаның аты-жөні)
Тексеруді тағайындау туралы акті_____________________________________
(№, күні)
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысының атауы (тексерілетін субъекті басшысының аты-жөні:__________________________
_____________________________________________________________________Заңды мекенжайы: ____________________________________________________
БСН/ЖСН (ол бар болса) ______________________________________________
СТН *________________________________________________________________
р/с №
Та­лап­та­ры
1.
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру жа­сал­ған шар­ты­ның бо­луы
2.
Ең­бек мін­дет­те­рін ат­қа­руы­на бай­ла­ны­сты қыз­мет­кер­дің ден­са­улы­ғы­на кел­ті­рі­л­ген зи­ян­ға өте­ма­қы тө­ле­ну жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
3.
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гін және ең­бек­ті қор­ғау қыз­ме­ті­нің (неме­се ма­ма­ны­ның) бо­луы
4.
Жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ға неме­се қыз­мет­кер­лер ден­са­улы­ғы­ның өзге де за­қым­да­ну­ла­ры­на тек­се­ру жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету
4.1.
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ды тек­се­ру жө­нін­де ко­мис­сия құ­ру ту­ра­лы ак­ті­сі­нің бо­луы
4.2.
Ең­бек жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган бел­гі­ле­ген ны­сан­ға сәй­кес жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ды және қыз­мет­кер­лер ден­са­улы­ғы­ның өзге де за­қым­да­ну­ла­рын тір­кеу жур­на­лы­ның бо­луы
4.3.
Қыз­мет­кер ең­бек­ке қа­бі­лет­ті­лі­гін жо­ғал­тқан кез­де ре­сім­де­ле­тін ең­бек жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ны­сан бой­ын­ша жа­за­тай­ым оқи­ға ту­ра­лы ак­ті­нің бо­луы
5.
Қыз­мет­кер­лер же­ке және ұжым­дық қор­ға­ну құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген
6.
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі мен ең­бек­ті қор­ғау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша оқы­ту жүр­гі­зі­ле­ді, нұс­қау бе­рі­ле­ді, қыз­мет­кер­лер­дің бі­лім­де­рі тек­се­рі­ле­ді
6.1.
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі мен ең­бек­ті қор­ғау жө­нін­де оқу жүр­гі­зі­ле­ді әрі бі­лім­де­рі тек­се­рі­ле­ді және ти­іс­ті хат­та­ма ре­сім­де­ле­ді
6.2.
Жұ­мыс ор­нын­да­ғы нұс­қа­уды тір­кеу жур­на­лын­да қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы бой­ын­ша нұс­қау жүр­гі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы жа­з­ба­ның бо­луы
6.3.
Нө­мір­лен­ген және шнур­лан­ған қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы бой­ын­ша нұс­қа­уды тір­кеу жур­на­лы­ның бо­луы
7.
Мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық және ке­зең­дік тек­се­ру­лер жүр­гі­зі­ле­ді
8.
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның қар­жы ор­та­лы­ғын­да­ғы қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на кел­ген ше­тел­дік­тер­ге және аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар­ға ви­за­лар бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­тің бо­луы
9.
Жа­ла­қы­ның уақ­ты­лы тө­ле­нуі
10.
Ең­бек ко­дек­сі­нің 13-та­ра­уы­мен қа­рас­ты­ры­л­ған ке­піл­дік­тер­дің және өте­ма­қы­лар­дың тө­ле­ну­ін сақ­тау
11.
Әр­бір қыз­мет­кер­мен ең­бек шар­тта­ры жа­сал­ған
12.
Ең­бек шар­тын жа­са­уда­ғы шек­те­улер сақ­тал­ған
12.1
Ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды негі­зін­де адам­ның ден­са­улық жағ­дайы бой­ын­ша қай­шы ке­ле­тін жұ­мысты орын­да­у­ға ең­бек шар­тта­ры жа­сал­ма­ған
12.2
Ауыр жұ­мыстар­ға, ең­бек жағ­дай­ла­ры зи­ян­ды (ерекше зи­ян­ды) және (неме­се) қа­уіп­ті жұ­мыстар­ға, сон­дай-ақ жұ­мыс бе­ру­ші­нің мүл­кі мен бас­қа да құн­ды­лық­та­ры­ның сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ет­пе­ге­ні үшін қыз­мет­кер­дің то­лық ма­те­ри­ал­дық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі көз­де­ле­тін ла­у­а­зым­дар мен жұ­мыстар­ға он се­гіз жас­қа тол­ма­ған аза­мат­тар­мен ең­бек шар­тта­ры жа­сал­ма­ған
12.3
Сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­міне сәй­кес бел­гі­лі бір ла­у­а­зым­ға тұ­ру неме­се бел­гі­лі бір қыз­мет­пен шұ­ғыл­да­ну құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған аза­мат­тар­мен ең­бек шар­тта­ры жа­сал­ма­ған
12.4
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның қар­жы ор­та­лы­ғын­да­ғы қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на кел­ген ше­тел­дік­тер­ге және аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар­ға ви­за­лар бе­ру ту­ра­лы өті­ніш бой­ын­ша бе­рі­ле­тін ви­за­ны ал­ған­ға дей­ін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да уа­қыт­ша тұ­ра­тын ше­тел­дiк­тер­мен және аза­мат­тығы жоқ адам­дар­мен ең­бек шар­тта­ры жа­сал­ма­ған
12.5
Мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін тоқ­та­тқан­нан кей­ін бір жыл бойы ком­мер­ци­я­лық ұй­ым­ға жұ­мысқа ор­на­ла­су­ға, егер мем­ле­кет­тік функ­ци­я­лар­ды орын­дау ке­зе­ңін­де атал­ған адам өзі­нің ла­у­а­зым­дық өкі­лет­тікте­ріне орай осы ком­мер­ци­я­лық ұй­ым­ның қыз­ме­тін тек­се­ру ны­са­нын­да ба­қы­ла­уды ті­ке­лей жү­зе­ге асыр­ған бол­са не осы ком­мер­ци­я­лық ұй­ым­ның қыз­ме­ті өзі­нің құ­зы­ре­тіне сәй­кес атал­ған адам­мен бай­ла­ны­сты бол­са, жол бе­ріл­мей­тін тұ­лға­лар­мен ең­бек шар­тта­ры жа­сал­ма­ған
13.
Ең­бек шар­ты­ның тоқ­та­ты­лу негіз­де­ме­сі Ең­бек ко­дек­сі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді
14.
Қыз­мет­кер­лер­мен жа­сал­ған ең­бек шар­тта­ры Ең­бек ко­дек­сі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді
15.
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­мен са­лы­стыр­ған­да қыз­мет­кер­лер­дің жағ­дай­ын на­шар­ла­та­тын ак­ті­ле­рі­нің бо­луы
16.
Ке­лі­сім­дер­де, ұжым­дық, ең­бек шар­тта­рын­да, жұ­мыс бе­ру­ші­нің ак­ті­ле­рін­де қам­ты­л­ған ере­же­лер (ең­бек шар­тта­ры)
17.
То­лық ма­те­ри­ал­дық жа­у­ап­кер­ші­лік ту­ра­лы жа­з­ба­ша шар­ттар­дың бо­луы
18.
Қыз­мет­кер­лер­ге жыл­дық ең­бек (қо­сым­ша), әле­умет­тік де­ма­лы­ста­рын ұсы­ну бой­ын­ша Ең­бек ко­дек­сі та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
19.
Қыз­мет­кер­лер­дің же­ке­ле­ген са­нат­та­ры­ның (мү­ге­дек­тер; он се­гіз жас­қа тол­ма­ған қыз­мет­кер­лер; қо­са ат­қа­ра­тын жұ­мыс іс­тей­тін қыз­мет­кер­лер; әй­ел­дер және от­ба­сы­лық мін­дет­те­ме­ле­рі бар өзге адам­дар) ең­бек құқық­та­ры сақ­тал­ған
20.
Тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну тәр­ті­бі­нің сақ­та­луы
20.1
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну ту­ра­лы ак­ті­сі­нің бо­луы және оның заң­ды­лы­ғы
20.2
Қыз­мет­кер­дің жа­з­ба­ша тү­сі­нік­те­ме­сі­нің бо­луы
20.3
Қыз­мет­кер тәр­тіп­тік те­ріс қы­лық жа­са­ға­ны үшін жа­з­ба­ша тү­сі­нік­те­ме бе­ру­ден бас тар­тқан жағ­дай­да жұ­мыс бе­ру­ші­нің ти­іс­ті ак­ті­сі­нің бо­луы
21.
Қыз­мет­кер­ді үсте­ме жұ­мыстар­ға тар­ту ке­зін­де оның жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мі­нің бо­луы
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысының тексеру парағын алғандығы туралы белгісі:
20___ жылғы «____»___________ _____________________________________
(аты-жөні, лауазымы, қолы)
* - жол 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін толтырылады

Қолданыстағы