Об утверждении "Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении "Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"
- Атауы (қаз.)
- "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқаулығын" бекіту туралы
- Акт түрі
- Нұсқаулық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/3-IV
- Қабылданған күні
- 15.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2012 AI62530_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VL000129
- ЭКБ идентификаторы
- 62530
- Редакция идентификаторы
- AI62530_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:09
0 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқаулығын" бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса берілген ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаулығы бекітілсін.
2 2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаулық
Зырян ауданы мәслихатының
2011 жылғы 15 қарашадағы
№ 40/3-IV шешіміне қосымша
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және
спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға
әлеуметтік көмек көрсету бойынша
Нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы нұсқаулық әлеуметтік көмектің төлемін, сондай- ақ ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға шығындарын өтеуді реттейді.
2
2. Нұсқаулықты қабылдау үшін құқықтық негіз "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы болып табылады.
3 3. Отын сатып алуға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) Зырян ауданының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына (бұдан әрі - әлеуметтік сала мамандары) көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына жыл сайынғы біржолғы төлемақы түрінде 7200 (жеті мың екі жүз) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
Денсаулық сақтау мамандарына әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерінде төленеді.
2 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау
4
4. Әлеуметтік көмек әлеуметтік сала мамандарына «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен тағайындалады. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттар ұсынады: