О реализации Закона Республики Казахстан "О государственной службе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации Закона Республики Казахстан "О государственной службе"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 867
- Қабылданған күні
- 13.06.2000
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2000 6255_254821.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00V0000341
- ЭКБ идентификаторы
- 6255
- Редакция идентификаторы
- 6255_254821
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:26
0 "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 8 шешімімен.
"Қазақстандағы мемлекеттiк қызметтiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгiнiң қызметтiк хаты бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы туралы" облыс Әкімінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 658а шешiмi және "Жергiлiктi және Республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын басшы кадрларды тағайындау және босату туралы" Ереже туралы" облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 19 мамырдағы № 1-358ө өкiмi, "Қазақстандағы мемлекеттiк қызметтiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгiнiң қызметтiк хаты бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы туралы" облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы шешiмiн орындау туралы" 1999 жылғы 3 маусымдағы № 1-631ө өкiмi облыстың мемлекеттiк қызмет жүйесiн реформалаудың бастапқы кезеңiнде жергiлiктi атқарушы органдардың барлық деңгейдегi басшы кадрларды тағайындау, босату және келiсу жөнiндегi жұмысында оңды рөл атқарды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органды құруға және мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша жаңа нормативтi-құқықтық актiлердiң қабылдануына байланысты және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау тұрғысында ШЕШIМ қабылдаймын:
1. "Қазақстандағы мемлекеттiк қызметтiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң қызметтiк хаты бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы туралы" облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 658а шешiмi және "Жергiлiктi және республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын басшы кадрларды тағайындау және босату туралы" Ереже туралы" облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 19 мамырдағы № 1-358ө өкiмi , "Қазақстандағы мемлекеттiк қызметтiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгiнiң қызметтiк хаты бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы туралы" облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 658а шешiмiн орындау туралы" 1999 жылғы 3 маусымдағы № 1-631ө өкiмi күшiн жойды деп саналсын.
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, қаржыландыру көздерiне қарамастан облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер басшылары кадрларды iрiктеу, орналастыру және ауыстыру жөнiндегi жұмысты "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қатаң сәйкес, тек конкурстық негiзде жүргiзсiн, бұл үшiн беделдi конкурстық комиссиялар, оның iшiнде ведомстволық құрылымдық бөлiмдерде конкурстық комиссиялар құрылсын, олардың құрамына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк Әкiмiнiң өкiлдерi келiсiм бойынша енгiзiлсiн.
3. Облыс Әкiмiнiң аппаратында әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер басшыларының бос лауазымдарының орнын басуға конкурс өткiзу облыстық конкурстық комиссияға жүктелсiн.
4. Облыс Әкiмi аппаратының басшысы (Ибраев Т.Т.) "Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң орнын басуға конкурс өткiзу Ережесiнiң " 4-тармағының 23-тармақшасына сәйкес орталық мемлекеттiк органдардың конкурстық комиссияларының жұмысына аумақтық бөлiмдер басшыларын конкурстық iрiктеу бойынша облыс Әкiмi өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуын қамтамасыз етсiн.
5. БЕКIТIЛСIН:
Облыстық конкурстық комиссияның құрамы (№ 1 қосымша).
Облыс Әкiмi тағайындайтын, босататын және облыс Әкiмiмен келiсiлетiн лауазымдардың тiзбесi (№ 2 қосымша).
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын басшы кадрларды бекiтiлген лауазымдар тiзбесiне сәйкес тағайындау, босату және келiсу тәртiбi (№ 3 қосымша).
6. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi жергiлiктi жерлерде осындай жұмысты ұйымдастырсын.
7. Облыс Әкiмi аппаратының ұйымдық-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi кадрлармен жұмысты "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , басқада нормативтiк актiлерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi Агенттiгiнiң талаптары мен ұсыныстарына қатаң сәйкес жүргiзсiн.
Мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде арнайы тексерулер өткiзу үшiн материалдарды дер кезiнде беру, табыстары туралы декларацияны тапсырғаны және қажеттi нұсқамалармен танысқандығы туралы анықтаманы бергенi үшiн бақылау күшейтiлсiн.
Жергiлiктi атқарушы органдардың конкурстық комиссияларының жұмыс деңгейi мен сапасы арттырылсын.
Мемлекеттiк қызметшiлер санатына жатпайтын лауазымды адамдарды бекiтiлген лауазымдар тiзбесiне сәйкес тағайындау, босату және келiсу жөнiндегi жұмыс қамтамасыз етiлсiн.
8. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмi аппаратының басшысы Т.Т. Ибраевқа жүктелсiн.
9 Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос орындарына конкурс өткізу үшін Шығыс Қазақстан облыстық комиссияның
Шығыс Қазақстан облыс Әкiмiнiң
2000 жылғы 14 маусымдағы № 867
шешiмiне № 1 қосымша
📌 Ескерту. № 1 қосымша жаңа редакцияда - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 66 шешімімен .
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос
орындарына конкурс өткізу үшін Шығыс Қазақстан
облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
1
Юрий Петрович
Швайченко
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы
2
Евгений Иванович
Шатов
облыс әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
3
Нуржамал Молдакановна Баженова
облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы, комиссияның хатшысы
Комиссия мүшелері:
4
Облыс әкімінің орынбасары
Қарастыратын мәселелер бойынша
5
Бағлан Қапаевич
Данияров
Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің директоры
6
Тоқтамыс Кадошевич Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы (келісімі бойынша)
7
Бақытбек Құрманбекович Қизатов
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (келісімі бойынша)
Облыс Әкімі
аппаратының басшысы
Т. Ибраев
10 Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң
2000 жылғы 14 маусымдағы № 867
шешiмiне № 2 қосымша
I. Облыс Әкiмi санаттар бойынша тағайындайтын және босататын әкiмшiлiк және саяси мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының
ТIЗБЕСI
Саяси мемлекеттiк лауазымдар:
1. Облыс Әкiмiнiң орынбасарлары
Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар:
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi
Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар:
3. Облыс Әкiмi аппаратының басшысы
4. Облыс Әкiмi аппараты басшысының орынбасары
"Е" санатының тобы
5. Облыс Әкiмi аппаратының бөлiм меңгерушiлерi
"Е" санатының тобы
6. Экономика басқармасының бастығы
7. Ауылшаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiбi басқармасының бастығы
8. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы
9. Денсаулық сақтау басқармасының бастығы
10. Мәдениет, спорт және туризм басқармасының бастығы
11. Энергетика, индустрия, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық
байланыстар басқармасының бастығы
12. Мұрағаттар басқармасының бастығы
13. Бiлiм департаментiнiң бастығы
14. Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы
15. Сауда және қызмет көрсету департаментiнiң бастығы
16. Көлiк департаментiнiң бастығы
17. Тiл жөнiндегi комитеттiң төрағасы
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша коммуналдық меншiк басқармасының бастығы
19. Қаржы басқармасының бастығы
Ескерту: саяси мемлекеттiк қызметшiлерден басқа қалған аталған санаттар конкурстың нәтижелерi бойынша қызметке тағайындалады
II. Облыс Әкiмiмен келiсiм бойынша тағайындалатын және босатылатын саяси мемлекеттiк лауазымдардың
ТIЗБЕСI
1. Ауданға бағынышты қалалардың әкiмдерi
2. Селолық және кенттiк округтердiң әкiмдерi
III. Мемлекеттiк қызмет санатына жатпайтын, тағайындалуы және босатылуы облыс Әкiмiмен келiсiлетiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер басшыларының
ТIЗБЕСI
1. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың бас басқармасы
1.1. Облыстық медицина-әлеуметтiк сараптау комиссиясының төрағасы
1.2. "Облыстық ортопедиялық орталық" мемлекеттiк кәсiпорынның директоры
2. Денсаулық сақтау басқармасы
2.1. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердiң бас дәрiгерi
2.2. Облыстық психиатриялық диспансердiң бас дәрiгерi
2.3. СПИД орталығының бас дәрiгерi
2.4. Облыстық психоневрологиялық диспансердiң бас дәрiгерi
2.5. Сот-медицина сараптауының - РБ облыстық бюросының бастығы
2.6. Емдеу-сауықтыру кешенiнiң бас дәрiгерi
2.7. Арнайы медициналық жабдықтау базасының бастығы
2.8. Апаттар медицинасының аймақтық орталығының директоры
3. Мәдениет, спорт және туризм басқармасы
3.1. А.С.Пушкин атындағы кiтапхананың директоры
3.2. А. Гайдар атындағы кiтапхананың директоры
3.3. Көзi көрмейтiндер үшiн облыстық мамандандырылған кiтапхананың директоры
3.4. Жоғары спорт шеберлiгi мектебiнiң директоры
3.5. Олимпия резервiнiң балалар-жасөспiрiмдердiң облыстық мамандандырылған спорт мектебiнiң директоры (Өскемен қаласы)
3.6. Олимпия резервiнiң балалар-жасөспiрiмдердiң облыстық мамандандырылған
спорт мектебiнiң директоры (Семей қаласы)
3.7. Облыстық ұлттық балалар-жасөспiрiмдер ат спорты мектебiнiң директоры
4. Мұрағаттар басқармасы
4.1. Облыстық мемлекеттiк мұрағат директоры
4.2. Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың Аягөз филиалының директоры
4.3. Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың Жарма филиалының директоры
4.4. Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың Зайсан филиалының директоры
4.5. Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың Лениногор филиалының директоры
4.6. Облыстық ең жаңа тарихын құжаттау орталығының директоры
5. Бiлiм департаментi
5.1. Жаңа технология орталығының директоры
5.2. Жамбыл атындағы Облыстық мектеп-гимназияның директоры
6. Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы
6.1. Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптаудың Шығыс Қазақстан
еншiлес кәсiпорнының бастығы
6.2. Мемархқұрылысинспекцияның Шығыс Қазақстан облыстық кәсiпорнының
бастығы
6.3. Сәулет-қалақұрылысы iс-қимылдарын лицензиялаудың Шығыс Қазақстан
мемлекеттiк орталығының бастығы
6.4. "Облжөндеужоба" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
6.5. Коммерциялық құрылыс салудың облыстық компаниясының директоры
7. Iшкi iстер басқармасы
7.1. Iшкi iстер басқармасының бастығы
7.2. Iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
7.3. Әкiмшiлiк полициясы қызметiнiң бастығы
7.4. Көшi-қон полициясы басқармасының бастығы
7.5. Секретариат бастығы
7.6. Тылды қамтамасыз ету басқармасының бастығы
7.7. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрлiгiнiң кәсiптiк даярлау
училищесiнiң бастығы
7.8. Медицина қызметiнiң бастығы
7.9. Жол полициясы басқармасының бастығы
Коммуналдық меншiк кәсiпорындары
7.10. Қалалық және аудандық iшкi iстер бөлiмдерiнiң бастығы
Коммуналдық меншiк кәсiпорындары
Облыс Әкiмi тағайындайтын және босататын басшылар
1. Облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының "Облтұрғынүйкомшарқұрылыс" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
2. "Семей қаласында Ертiс өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысын жүзеге асыру жөнiндегi дирекция" мемлекеттiк коммуналдық қазыналы кәсiпорынның директоры
3. Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң "Семей" былғары-мех комбинаты" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
4. Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң "Шығыс Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының облыстық Достық үйi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
5. "Клиника" Шығыс Қазақстан шаруашылық есептегi орталық" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын" мемлекеттiк кәсiпорнының директоры
6. "Шығыс Қазақстан облыстық оперативтi құтқару отряды" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
7. "Киров автокөлiк кәсiпорны" мемлекеттiк кәсiпорнының директоры
Тағайындалуы облыс Әкiмiмен келiсiлетiн басшылар
1. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк филармония" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
2. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық "Кинобейнепрокат" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
3. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының "Облыстық тарихи-өлкетану мұрағаты" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
4. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының "Облыстық этнографиялық мұрағаты" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
5. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей геологиялық барлау колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
6. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
7. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Интеллект" бiлiм берудегi жаңа технологияның Семей ғылыми-әдiстемелiк орталығы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналы кәсiпорынның директоры
8. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Дарын" Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми-практикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
9. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Жасөспiрiмдер техниктерiнiң облыстық стансасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
10. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығысжабдықбiлiм" Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның директоры
11. Облыстық бiлiм департаментiнiң "М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
12. Облыстық бiлiм департаментi жанындағы "Бiлiмдегi жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстан аймақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
13. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығыс Қазақстан облыстық бiлiм арттыру институты" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
14. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей электртехникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
15. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей бизнес-колледж" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
16. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей политехникалық колледжi"
коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
17. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Лениногор аграрлық-техникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
18. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығыс Қазақстан ауылшаруашылығы колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
19. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей геодезия және картография колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
20. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей сервис колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
21. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығыс Қазақстан өнер колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
22. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей көлiк колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
23. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей құрылыс колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
24. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей радиотехника және байланыс колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
25. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
26. Облыстық бiлiм департаментiнiң "М.О.Әуезов атындағы Семей педагогтiк колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
27. Облыстық бiлiм департаментiнiң Өскемен политехникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
28. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Өскемен медициналық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
29. "Семей мемлекеттiк медициналық академиясының клиникалық оқу орталығы
- Шығыс Қазақстан облыстық халықты сауықтыру орталығы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
30. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Аягөз орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
31. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бiрлестiгi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
32. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
33. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансерi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
34. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Семей медициналық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
35. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Глубокое орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
36. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
37. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық қан тапсыру орталығы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
38. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Семей консультациялық- диагностикалық орталығы емханасымен" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
39. Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының коммуналдық мемлекеттiк қазыналы мамандырылған емдеу-профилактикалық кәсiпорны
40. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
41. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Балалардың облыстық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
42. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық тер-венерелогиялық диспансерi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
43. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Теректi аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
44. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Күршiм орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
45. Шығыс Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың бас басқармасының Зимовье психоневрологиялық үй-интернаты қосалқы шаруашылығы коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
46. Облыстық әдiлет басқармасының "Ритуал" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
47. Облыстық сауда және қызмет көрсету департаментiнiң "Дәулет" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының директоры
48. Шығыс Қазақстан облысы iшкi iстер басқармасының "Шығысжолкөлiк" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Облыс Әкiмi
аппаратының басшысы
Т. Ибраев
137 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын басшы кадрларды бекiтiлген лауазымдар тiзбесiне сәйкес тағайындау, босату және келiсу
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң
2000 жылғы 14 маусымдағы № 867
шешiмiне № 3 қосымша
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын басшы кадрларды
бекiтiлген лауазымдар тiзбесiне сәйкес тағайындау, босату және келiсу
ТӘРТIБI
Мақсаты:
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын басшы кадрларды бекiтiлген лауазымдар тiзбесiне сәйкес тағайындаудың, босатудың және келiсудiң бiртұтас, айқын тәртiбiн қамтамасыз ету.
Негiзгi ереже:
Д-1, Д-2, Д-3, Е-1 санаттағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi тағайындау және босату.
Д-1, Д-2, Д-3, Е-1 санаттағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi облыс Әкiмi немесе оны ауыстыратын адам конкурстың нәтижелерi бойынша қызметке тағайындайды.
Конкурсты облыстық конкурстық комиссия жариялайды және өткiзедi.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң жоғарыда аталған санаттарын қызметтен босатуды облыс Әкiмi немесе оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Саяси мемлекеттiк қызметшiлер
Облыс Әкiмiнiң орынбасарларын, қалалар мен аудандардың әкiмдерiн облыс Әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Ауданға бағынышты қалалардың әкiмдерiн, селолық және кенттiк округтер әкiмдерiн тиiстi қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыс Әкiмiмен алдын ала келiсiм бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Коммуналдық меншiк кәсiпорындарының басшылары
Коммуналдық меншiк кәсiпорындарының басшыларын (бекiтiлген тiзбеге сәйкес) облыс Әкiмi өкiлеттi орган басшысының ұсынысы бойынша негiзгi дәлелдемесiмен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Мемлекеттiк қызмет санатына жатпайтын мемлекеттік кәсiпорындар басшыларын (бекiтiлген тiзбеге сәйкес) тағайындауды және босатуды қалалар мен аудандардың тиiстi әкiмдерi, облыстық басқармалардың, комитеттердiң, департаменттердiң бiрiншi басшылары облыс Әкiмiмен келiсiм бойынша жүзеге асырады.
Қызметтiк тағайындау, қызметтен босату, кандидатураға келiсу облыс Әкiмi аппаратының кадр қызметi арқылы - ұйымдық-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынысы бойынша ұйымдық-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кадрлар жөнiнде құжаттарды қалыптастырады (ұсыныс, кадрларды есептеу жөнiндегi жеке парақ, анкета, келiсу парағы және басқалары), олардың сапасын тексергеннен, өңдегеннен кейiн оларды арнайы тексеруден өту үшiн ёлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментiне тапсыруды қамтамасыз етедi.
Конкурстың және арнайы тексерудiң нәтижелерi бойынша облыс Әкiмiнiң тапсырмасымен нақты кандидатураны бос қызметке тағайындау туралы өкiм әзiрлейдi.
Тиiстi мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынысы бойынша ұйымдық-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi кандидатураны қызметке тағайындау үшiн аппарат басшысымен, облыс Әкiмiнiң қамқорлық етушi орынбасарымен келiсудi жүргiзедi. Облыс Әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес бос орынға тағайындауға ұсынылған кандидатураға келiсу нәтижелерi бойынша жазбаша жауап бередi.
Облыс Әкiмi
аппаратының басшысы
Т. Ибраев