О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 43/4
- Қабылданған күні
- 22.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2013 62571_179336.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SH000159
- ЭКБ идентификаторы
- 62571
- Редакция идентификаторы
- 62571_179336
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:37
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасы, «Агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақты дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-ІІІ Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бір адамға жылыту маусымына қосымшаға сәйкес екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік қаражат есебінде ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек берілсін.
2
2. «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету» 451 – 004 бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны қаржыландыру жүргізілсін.
3
3. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 наурыздағы № 7/13 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек төлеу туралы» шешімінің (2008 жылғы 28 сәуірдегі № 13-8-74 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде тіркелген, 2008 жылғы 1 мамырдағы № 18 «Қызылжар және қызылжарлықтар» газетінде, 2008 жылғы 1 мамырдағы № 18 «Маяк» газетінде жарияланған) күші жойылған болып есептелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛIСIЛГЕН:
«Қызылжар аудандық
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
Н. Сұлтанғазин