О проведении мероприятий по приписке граждан мужского пола на воинской учет, которым в год приписке исполняется семнадцать лет
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении мероприятий по приписке граждан мужского пола на воинской учет, которым в год приписке исполняется семнадцать лет
- Атауы (қаз.)
- Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 08.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2012 62585_204716.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11LD000166
- ЭКБ идентификаторы
- 62585
- Редакция идентификаторы
- 62585_204716
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:54
0 Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
1 1. Қазалы ауданы бойынша 2012 жылы қаңтар-наурыз аралығында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
2 2. Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округ әкімдері және мүдделі ұйымдардың басшылары Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскери есепке тіркелуге жататын азаматтардың тізімін беруді қамтамасыз етсін.
3
3. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4 4. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін.
5 5. "Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери есепке қоюдан жалтарған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
6 6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Жолтаевқа жүктелсін.
7 7. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қызылорда облысының
денсаулық сақтау басқармасының
"Қазалы аудандық емханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері Қ. Әзіров ______________
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысы Қазалы
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б. Шаймерденов ______________
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысының Ішкі істер
Департаменті Қазалы ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы К. Өтеев ___________