Құжат мәтініне өту

О проведении меропиятий по приписке граждан на воинский учет, которым в год приписки исполняетя семнадцать лет

Өзге акт · № 57 · қабылданған 06.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62588/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О проведении меропиятий по приписке граждан на воинский учет, которым в год приписки исполняетя семнадцать лет Күшін жойған Өзге акт ·№ 57 ·06.12.2011
12.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении меропиятий по приписке граждан на воинский учет, которым в год приписки исполняетя семнадцать лет

Күшін жойған Өзге акт ·№ 57 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении меропиятий по приписке граждан на воинский учет, которым в год приписки исполняетя семнадцать лет
Атауы (қаз.)
Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
57
Қабылданған күні
06.12.2011
Көрсетілген редакция
12.03.2012 62588_199939.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11LI000213
ЭКБ идентификаторы
62588
Редакция идентификаторы
62588_199939
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:57

0 Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:

1 1. Шиелі ауданы бойынша 2012 жылдың қаңтар-наурыз аралығында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары жүргізілсін.

2

2. "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп, азаматтарды медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлер ұсынылсын (келісім бойынша).

3 3. "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С.Қарынбаев келісім бойынша) әскери есепке қоюдан жалтарған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.

4

4. Шиелі ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы "Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" N 49 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылдың 17 қаңтарда N 10-9-183 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2011 жылғы 26 қаңтарындағы N 8-9(7841-42) санды шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Жағыпбаровқа жүктелсін.

6 6. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы Шиелі ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Д. Нурхожин _______ "30 " желтоқсан 2011 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Шиелі аудандық
емханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері
Н. Әмір_______________ "30" желтоқсан 2011 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Қарынбаев _________________ "30" желтоқсан 2011 жыл

Қолданыстағы