О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами и Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами и Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1520
- Қабылданған күні
- 13.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2013 AI62606_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001520
- ЭКБ идентификаторы
- 62606
- Редакция идентификаторы
- AI62606_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:48
0 Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң «Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң «Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы» мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Мемлекеттiк мекемелер» деген 3-бөлiмде мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«88-1. Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы»;
3) «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiндегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
реттік нөмірі 6-жолда:
3-бағанда:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «11471» деген сандар «11621» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның iшiнде:» деген жолдағы «5460» деген сандар «5610» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы
150
»;
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
20.
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып
360
».