Құжат мәтініне өту

О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) и об установлении категории автостоянок (паркингов) по Аягозскому району

Өзге акт · № 01-02/37-7 · қабылданған 22.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62636/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) и об установлении категории автостоянок (паркингов) по Аягозскому району Күшін жойған Өзге акт ·№ 01-02/37-7 ·22.12.2011
15.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) и об установлении категории автостоянок (паркингов) по Аягозскому району

Күшін жойған Өзге акт ·№ 01-02/37-7 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) и об установлении категории автостоянок (паркингов) по Аягозскому району
Атауы (қаз.)
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы және Аягөз ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01-02/37-7
Қабылданған күні
22.12.2011
Көрсетілген редакция
15.03.2018 62636_304388.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VF000149
ЭКБ идентификаторы
62636
Редакция идентификаторы
62636_304388
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:37

0 Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы және Аягөз ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодексiнiң 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай базалық ставкалардың мөлшерi 2 қосымшаға сәйкес көбейтілсін.

3 3. Аягөз қаласына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Аягөз қаласы айқындалсын.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Аягөз ауданы бойынша автотұрақтың түріне қарай автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Қосымша 1
Аягөз аудандық мәслихатының
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 01-02/37-7 шешімімен
бекітілген
Аягөз ауданы бойынша автотұрақтың түріне қарай автотұрақтардың
(паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері
Санаты
1
Жер үстiндегi жабық түрлi автотұрақтар, ашық түрлi автотұрақтар
1 санат
2
Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың iшiне салынған автотұрақтар
2 санат
3
Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстiндегi төменгi немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар
3 санат

6 Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлiнген жерлерге салынатын салық ставкасын автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттарына қарай көбейту туралы

Қосымша 2
Аягөз аудандық мәслихатының
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 01-02/37-7 шешімімен
бекітілген
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлiнген жерлерге салынатын салық
ставкасын автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттарына қарай
көбейту туралы

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Салық ставкасын көбейту мөлшерi
1
1-санат
10 есе
2
2-санат
8 есе
3
3-санат
6 есе

Қолданыстағы