О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Караганде
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Караганде
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 64/01
- Қабылданған күні
- 29.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2012 62662_170000.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KA000147
- ЭКБ идентификаторы
- 62662
- Редакция идентификаторы
- 62662_170000
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:33
0 Қарағанды қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының 4.3.1 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" N 972 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының жұмыспен қамту орталығы", Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының Октябрь ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталықтары) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімдерінде немесе Жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша он екі айға дейін жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру облыстық бюджеттегі 037 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің ағымдағы мақсатты түрде трансферті" бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы 103 "Республика бюджетінің ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" қосымша бағдарламасында көзделген Қарағанды қаласының бюджеті есебінен жүргізілсін.
4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда алғашқы алты айда жалақы мөлшері 50 % немесе 26000 теңге, келесі үш айда 30 % немесе 15600 теңге, соңғы үш айда 15 % немесе 7800 теңге мөлшерінде белгіленсін, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту бөлімі, Жұмыспен қамту орталықтары және жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады және айлық еңбекақының 50 % кем емес мөлшерін құрайды.
5
5. "Қарағанды қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 10/07 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Реестрінде N 8-1-112 тіркелген, "Орталық Қазақстан" газетінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 64 (20848), "Индустриальная Караганда" газетінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 46 (20909) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Қарағанды қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсан
N 64/01 қаулысына қосымша
Нысанды топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын, жұмыс берушілердің тізімі
N
Ұйымның атауы
Кәсіп (мамандық)
Жұмыс орындарының саны
Жұмыс ұзақтығы (айлар)
Айлық жалақы мөлшері, теңге
Өтемақы мөлшері, теңге
1
"Лека" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Желдету жүйелерін, ауаны желдетуді және аспирацияны құрастырушы
20
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
Қолмен дәнекерлеу электр дәнекерлеушісі
7
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
Жартылай автоматты машиналардың электр дәнекерлеушісі
8
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
Ішкі санитарлық- техникалық жүйелер және жабдықтар құрастырушысы
10
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
Электр құрастырушылар
3
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
2
"Қарағанды жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жол жұмыскерлері
10
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
3
"Ақнар ҚФ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Құрылысшылар
10
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
дәнекерлеушілер
2
12 айға дейін
52000
әртүрлі жұмыстарды атқаратын жұмыскерлер
5
12 айға дейін
52000
4
"Мини пекарня "Татьяна" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Кондитер
20
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
аспаз
20
12 айға дейін
52000
нан пісіруші
5
12 айға дейін
52000
5
"Энергоцентр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қараушы - машинист
10
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
Жүк тиеуші
7
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
Жөндеу бойынша слесарь
2
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
6
"Авто-Б.А.Н." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Құрылыс мамандықтары
40
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
7
Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қалалық Жарық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Ағаш шебері
1
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
сылақшы- бояушы
2
12 айға дейін
52000
8
Қарағанды қаласы әкімдігінің "Шахтер" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Құрылыстарды жөндеу бойынша жұмысшылар
5
12 айға дейін
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
9
Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы "Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Жұмысшылар
25
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
жүргізушілер
5
12 айға дейін
52000
10
Қарағанды қаласы әкімдігінің "Мәдени және демалыс бақтарын басқару" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Жұмысшылар
60
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
11
"Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты" акционерлік қоғамы
Ағаш өңдеу станоктарының станокшысы
10
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
Токарь
2
12 айға дейін
52000
газ-электр дәнекерлеушілері
2
12 айға дейін
52000
12
"СтройСнаб Д&Б" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Құрылыс мамандықтары
15
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
дәнекерлеуші
5
12 айға дейін
52000
13
Қарағанды қаласы әкімдігінің"Көркейту" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Жұмыскер
50
12 айға дейін
52000
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай
Барлығы:
361