Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий в селе Мадениет Мадениетского сельского округа Аягозского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий в селе Мадениет Мадениетского сельского округа Аягозского района
- Атауы (қаз.)
- Аягөз ауданының Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 939
- Қабылданған күні
- 23.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2012 AI62674_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VF000150
- ЭКБ идентификаторы
- 62674
- Редакция идентификаторы
- AI62674_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:36
0 Аягөз ауданының Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылында ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аягөз ауданының Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылында ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2
2. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторына (А. Мұқанов), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (Д. Жұмақанов) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданының әкімінің орынбасары М. Төлегеновке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Аягөз аудандық аумақтық
ауыл шаруашылық инспекциясының
мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық бас инспекторы
А. Мұқанов
23.12.2011 ж.
Аягөз аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы
Д. Жұмақанов
23.12.2011 ж.