Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Регистрация лиц, имеющих право осуществлять деятельность реабилитационного и (или) конкурсного управляющих и (или) администратора внешнего наблюдения, и снятие их с регистрации"

Бұйрық · № 628 · қабылданған 13.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62714/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Регистрация лиц, имеющих право осуществлять деятельность реабилитационного и (или) конкурсного управляющих и (или) администратора внешнего наблюдения, и снятие их с регистрации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 628 ·13.12.2011
08.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Регистрация лиц, имеющих право осуществлять деятельность реабилитационного и (или) конкурсного управляющих и (или) администратора внешнего наблюдения, и снятие их с регистрации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 628 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Регистрация лиц, имеющих право осуществлять деятельность реабилитационного и (или) конкурсного управляющих и (или) администратора внешнего наблюдения, и снятие их с регистрации"
Атауы (қаз.)
"Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
628
Қабылданған күні
13.12.2011
Көрсетілген редакция
08.02.2013 AI62714_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007377
ЭКБ идентификаторы
62714
Редакция идентификаторы
AI62714_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:49

0 "Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д.Үсенова):

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі А.М.Шоқпытовқа жүктелсін.

4 «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызметінің регламенті

4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2012 жылдың 30 каңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 628 бұйрығымен
бекітілген
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1498 қаулысымен бекітілген «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.

2

2. «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

3 3. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға – жеке кәсіпкер;
құрылымды – функционалдық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушы лауазымды тұлғалар (бұдан әрі – ҚФБ).

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 10-2-бабының 1) тармақшасы негізінде көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:

оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу туралы жазбаша растауды беру (жолдау), сондай-ақ оның деректерін оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізу;
тіркеуден бас тартқан жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып дәйекті жауапты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 545 «Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру мақсатында тiркеуге, тiркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректерiне өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiштердiң нысандарын, тiркелгендiгiн растау және тiркеуден бас тарту нысандарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7309 тіркелген) бұйрығымен белгіленген нысан бойынша беру (жолдау);
тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерге өзгерістер енгізу;
оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыратын тұлғаны тіркеуден алу болып табылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері тұтынушыға жазбаша, қағаз тасығышта ұсынылады.

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне бөгде мемлекеттік органдардың, басқа да ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың қатысуы көзделмеген.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8

8. Комитет мемлекеттік қызметті демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнделікті сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін көрсетеді, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Жеделдетілген қызмет көрсету тәртібі қарастырылмаған. Комитеттің заңды мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11, 922 бөлме.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету және ұсынылатын құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.kz - интернет-ресурсында, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті бөлімінде орналастырылған.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көзделген қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап - бес жұмыс күнінен кешіктірілмейді;

2 2) мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды тапсыру үшін тұтынушының жүгінген күні мемлекеттік қызмет көрсету орнында күту уақытының рұқсат берілген ең ұзақтығы – отыз минутты құрайды;

3 3) тұтынушының жүгінген күні, мемлекеттік қызметті көрсету орнында алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты - отыз минутты құрайды.

Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, Комитет тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы, құжаттарды ұсынған сәттен екі жұмыс күні аспайтын мерзімде жазбаша хабар береді.
Тіркеуден алынған тұлғаға, мұндай шешім қабылданған сәттен екі жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарлама тапсырылады (жолданады).

11 11. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды, іс жүргізуге жауапты Комитеттің лауазымды тұлғасы тізімдеме бойынша жүзеге асырады.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Комитетке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

14 14. Іс жүргізуге жауапты Комитеттің лауазымды тұлғасы берген тиісті құжаттарды қабылдау туралы тізімдеменің көшірмесі, құжаттардың тұтынушыдан қабылдануын растайтын құжат болып табылады.

15 15. Стандарттың 16-тармағында қарастырылған негіздер бар болған жағдайларда, Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

16 16. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) қабылданған құжаттар, олар түскен күні сканерленіп Комитеттің Бірыңғай электрондық құжатайналым жүйесі деректер қорында тұтынушы ұсынған барлық құжаттардың сканерленген көшірмелері жалғанып, сондай-ақ жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі;

2 2) тиісті түрде тіркеліп, ресімделген құжаттар Комитет басшылығына беріліп, ол оларды мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты Комитеттің лауазымды тұлғасына қарастыруға жолдайды;

3

3) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты Комитеттің лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің ақпараттық жүйесінде жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрғандығы туралы мәліметті қарауды қоса алғанда тұтынушының Стандарттың 11-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкестігін, ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресімдеудің дұрыстығын тексереді, тиісті тіркеу, тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерге өзгерістер енгізу туралы растауды не Комитет басшысының орынбасары қол қоятын жазбаша дәйекті бас тартуды дайындайды;

4 4) Комитеттің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты басқармасының бастығы, тұтынушы ұсынған құжаттардың және дайындалған тіркеу туралы растаудың не дәйекті бас тартудың заңнамаға сәйкестігін қарастырып, бұрыштама қояды;

5 5) ресімделген тиісті растауға не жазбаша бас тартуға Комитет басшысының орынбасары қол қояды және мөрмен куәландырады.

16 16. Ресімделген тиісті растау не жазбаша дәйекті бас тарту бірдей нөмірі бар екі данада толтырылады, біріншісі тұтынушыға беріледі (жолданады), екіншісі сақтау үшін Комитетте қалдырылады.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымды – функционалдық бірліктер (ҚФБ) тартылған:

1 1) іс жүргізуге жауапты Комитеттің лауазымды тұлғасы;

2 2) Комитет басшысының орынбасары;

3 3) Комитеттің басқарма бастығы;

4 4) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты Комитеттің лауазымды тұлғасы.

18 18. ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарын сипаттау осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

19 ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарын сипаттау

19. ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланыс көрініс табатын сызба осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық
басқарушылардың және (немесе) сыртқы
байқау әкімшісінің қызметін жүзеге
асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және
оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарын сипаттау
1-кесте. ҚФБ-ның іс-әрекеттерін сипаттау
Негіз­гі про­це­стің іс-әре­ке­ті (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­ны)
1.
Іс-әре­кет № (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2.
ҚФБ ата­уы
Іс жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты Ко­ми­тет­тің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Ко­ми­тет бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты Ко­ми­тет­тің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Ко­ми­тет­тің бас­қар­ма ба­стығы
Ко­ми­тет бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
Іс жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты Ко­ми­тет­тің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
3.
Іс-әре­кет­тің ата­уы (үде­рі­стер­дің, рә­сім­дер­дің, опе­ра­ци­я­лар­дың) және олар­дың си­патта­уы
Өті­ніш­ті, қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау, кө­шір­ме­лер­ді түп­нұс­қа­лар­мен са­лы­сты­ру, жур­нал­ға тір­кеу
Орын­да­у­шы­ны анық­тау
Тұ­ты­ну­шы­ның тір­ке­уден өту үшін қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін, ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және ре­сім­де­удің дұ­ры­стығ­ын тек­се­ру
Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және дай­ын­дал­ған тір­кеу ту­ра­лы рас­та­удың не дәй­ек­ті бас тар­ту­дың заң­на­ма­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ра­ды
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру
Тұ­ты­ну­шы­ға жа­з­ба­ша рас­тау не бас тар­ту­ды бе­ру (жол­дау)
4.
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру, өкім­дік ше­шім)
Ті­зім­де­ме­нің кө­шір­ме­сін тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру
Қа­рар са­лу
Тір­кеу ту­ра­лы рас­та­уды не дәй­ек­ті бас тар­ту­ды дай­ын­дай­ды
Ре­сім­дел­ген құ­жат­қа бұ­ры­шта­ма қою
Ре­сім­дел­ген құ­жат­қа қол қою және мөр­мен ку­әлан­ды­ру
Тұ­ты­ну­шы­ның ал­ғанды­ғы ту­ра­лы қо­лы не по­шта бай­ла­ны­сы ар­қы­лы жол­дан­ға­ны ту­ра­лы бел­гі
5.
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 ми­нут
1 күн
2 күн
1 күн
3 са­ғат
30 ми­нут
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс – мемлекеттік қызметті ұсыну туралы шешімді бекіткен жағдайда
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
Іс жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты Ко­ми­тет­тің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Ко­ми­тет бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты Ко­ми­тет­тің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Ко­ми­тет­тің бас­қар­ма ба­стығы
Ко­ми­тет бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
Іс жүр­гізу­ге  жа­у­ап­ты Ко­ми­тет­тің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
№ 1 іс-әре­кет Өті­ніш­тер­ді, ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды, кө­шір­ме­лер­ді түп­нұс­қа­лар­мен са­лы­сты­ра­ды, тір­кей­ді және құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы ті­зім­де­ме­нің кө­шір­ме­сін бе­ре­ді (30 ми­нут).
№ 2 іс-әре­кет Орын­да­у­шы­ны анық­тай­тын қа­рар са­ла­ды
(3 са­ғат).
№ 3 іс-әре­кет Тұ­ты­ну­шы­ның тір­ке­уден өту үшін қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін, ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және ре­сім­де­удің дұ­ры­стығ­ын тек­се­ре­ді, рас­та­уды дай­ын­дай­ды (2 күн).
№ 4 іс-әре­кет Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және дай­ын­дал­ған тір­кеу ту­ра­лы рас­та­удың не дәй­ек­ті бас тар­ту­дың заң­на­ма­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ра­ды, бұ­ры­шта­ма қо­яды (1 күн).
№ 5 іс-әре­кет Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­мен та­ны­са­ды, ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ға қол қо­яды және мөр­мен ку­әлан­ды­ры­ла­ды
(1 күн).
№ 6 іс-әре­кет Тұ­ты­ну­шы­ға рас­тау бе­ре­ді, тұ­ты­ну­шы ал­ғанды­ғы жө­нін­де қол қо­яды (30 ми­нут).
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы шешімді бекіткен жағдайда баламалы процесс
Ба­ла­ма­лы про­цесс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­ны)
Іс жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты Ко­ми­тет­тің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Ко­ми­тет бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
Ко­ми­тет­тің бас­қар­ма ба­стығы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты Ко­ми­тет­тің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
№ 1 іс-әре­кет Өті­ніш­тер­ді, құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды, кө­шір­ме­лер­ді түп­нұс­қа­лар­мен са­лы­сты­ра­ды, тір­кей­ді және ті­зім­де­ме­нің кө­шір­ме­сін бе­ре­ді (30 ми­нут).
№ 2 іс-әре­кет Орын­да­у­шы­ны анық­тай­тын қа­рар са­ла­ды
(1 са­ғат).
№ 3 іс-әре­кет Тұ­ты­ну­шы­ның тір­ке­уден өту үшін қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін, ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және ре­сім­де­удің дұ­ры­стығ­ын тек­се­ре­ді, дәй­ек­ті бас тар­ту­ды дай­ын­дау (2 күн); құ­жат­тар­дың то­лық тіз­бе­сін ұсын­ба­ған жағ­дай­да (1 күн).
№ 4 іс-әре­кет Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және дай­ын­дал­ған дәй­ек­ті жа­з­ба­ша бас тар­ту­дың заң­на­ма­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ра­ды, бұ­ры­шта­ма қо­яды (1 күн). Құ­жат­тар­дың то­лық тіз­бе­сін ұсын­ба­ған жағ­дай­да (2 са­ғат).
№ 5 іс-әре­кет Дәй­ек­ті бас тар­ту­ға қол қо­яды (1 күн). Құ­жат­тар­дың то­лық тіз­бе­сін ұсын­ба­ған жағ­дай­да (1 са­ғат).
№ 6 іс-әре­кет Тұ­ты­ну­шы­ға дәй­ек­ті бас тар­ту­ды бе­ре­ді (жол­дай­ды) (30 ми­нут).
«Оңалтушы және (немесе) конкурстық
басқарушылардың және (немесе) сыртқы
байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға
құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды
тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша
ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланыс көрініс табатын сызба

Қолданыстағы