Об особенностях применения избирательного законодательства в условиях чрезвычайного положения в городе Жанаозен Мангистауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об особенностях применения избирательного законодательства в условиях чрезвычайного положения в городе Жанаозен Мангистауской области
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасының қолданылу ерекшеліктері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/153
- Қабылданған күні
- 06.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2012 AI62739_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007368
- ЭКБ идентификаторы
- 62739
- Редакция идентификаторы
- AI62739_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:25
0 Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасының қолданылу ерекшеліктері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2011 жылғы 17 желтоқсандағы № 197 және «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» 2012 жылғы 4 қаңтардағы № 215 Жарлықтарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулысына түсіндірме беру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қосымша қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай режимінің қолданылуына байланысты 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында өткізілмейді.