Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня целевых групп населения

Қаулы · № 227 · қабылданған 23.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62766/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Перечня целевых групп населения Күшін жойған Қаулы ·№ 227 ·23.12.2011
27.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня целевых групп населения

Күшін жойған Қаулы ·№ 227 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня целевых групп населения
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
227
Қабылданған күні
23.12.2011
Көрсетілген редакция
27.03.2014 AI62766_4.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VH000142
ЭКБ идентификаторы
62766
Редакция идентификаторы
AI62766_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:36

0 Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес Бородулиха ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Бородулиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тiзбесi белгiленсiн.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қарастырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бородулиха ауданы әкiмiнiң орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 Бородулиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі

Бородулиха ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 227 қаулысына қосымша
Бородулиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі

1 1. Табысы аз адамдар;

2 2. жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3. балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата – ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4. кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата - аналар;

5 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6. зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7. мүгедектер;

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштері қатарынан босаған адамдар;

9 9. бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10. оралмандар;

11 11. техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12. жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;

13 13. 50 жастан асқан әйел адамдар, 55 жастан асқан ер адамдар;

14 14. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

15 15. нашақорлыққа тәуелді адамдар, АИТВ жұқтырған азаматтар, туберкулез ауруынан жазылғандар;

16 16. ұзақ уақыт (1 жылдан артық) жұмыс істемеген адамдар;

17 17. отбасында бір де бір жұмысшы жоқ адамдар;

18 18. еңбек өтілі жоқ адамдар.

Қолданыстағы