Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Байдибекском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Байдибекском районе
- Атауы (қаз.)
- Бәйдібек ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 51/300
- Қабылданған күні
- 20.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2012 AI62784_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11UE000123
- ЭКБ идентификаторы
- 62784
- Редакция идентификаторы
- AI62784_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:43
0 Бәйдібек ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
1 1. Бәйдібек ауданында иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау қағидасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Бәйдібек ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы
Бәйдібек аудандық мәслихаттың
20 желтоқсан 2011 жылғы
№ 51/300 шешімімен бекітілген
Бәйдібек ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Бәйдібек ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау ережесі Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнің 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8 тармақшасына сәйкес әзірленген және Бәйдібек ауданында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау тәртібін белгілейді.