Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оформления и использования сопроводительных накладных на этиловый спирт и (или) алкогольную продукцию

Қаулы · № 1571 · қабылданған 21.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62829/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил оформления и использования сопроводительных накладных на этиловый спирт и (или) алкогольную продукцию Күшін жойған Қаулы ·№ 1571 ·21.12.2011
23.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оформления и использования сопроводительных накладных на этиловый спирт и (или) алкогольную продукцию

Күшін жойған Қаулы ·№ 1571 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оформления и использования сопроводительных накладных на этиловый спирт и (или) алкогольную продукцию
Атауы (қаз.)
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1571
Қабылданған күні
21.12.2011
Көрсетілген редакция
23.07.2015 AI62829_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001571
ЭКБ идентификаторы
62829
Редакция идентификаторы
AI62829_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:41

0 Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1571 қаулысымен
бекітілген
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2 2. Қағидалар заңды және жеке тұлғалардың этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ІЖҚ) ресімдеу мен пайдалану тәртібін белгілейді.

Осы Қағидаларда этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға жеткізуші (бұдан әрі – жеткізуші) болып танылады.
Алушы (бұдан әрі – алушы) деп этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жеткізуші жүргізген кезде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алу бойынша операцияларды жүзеге асырушы тұлға түсініледі.

3

3. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша әрбір операцияны (Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту пунктінен межеленген жерге дейін импортталатын алкоголь өнімін тасымалдаудан басқа) жүргізген кезде, жеткізуші мiндеттi түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ІЖҚ ресiмдейдi.
Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің экспорты кезінде осы Қағидалардың 10-тармағы қолданылмайды.

4 4. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және айналымын реттеуді этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2 2. Ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану

5 5. ІЖҚ-ны этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін жеткізуші мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде «Салық төлеушінің кабинеті» Интернет-ресурсы (web-қосымшасы) арқылы (бұдан әрі – Бағдарлама) электрондық түрде ресімдейді.

Бағдарлама уәкілетті органның Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушілердің пайдалануына қол жетімді болып табылады.

6 6. ІЖҚ-да мынадай деректер көрсетіледі:

1 1) нөмір (Бағдарлама автоматты түрде береді);

2 2) ресімдеу күні (Бағдарлама автоматты түрде береді);

3 3) операция коды (Бағдарламаның анықтамасынан таңдалып алынады);

4 4) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес:

Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің (жеткізушінің) тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН);
Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

5 5) жеткізушінің атауы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде береді);

6 6) жеткізушінің лицензиясының нөмірі және лицензияда көрсетілген мекенжайы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптасқан тізімнен таңдап алынады);

7 7) жеткізушінің түрі (Бағдарламада көрсетілетін тізімнен таңдап алынады);

8 8) алушының СТН-ін жеткізуші енгізеді;

9 9) алушының ЖСН/БСН-ін жеткізуші енгізеді;

10 10) алушының атауы (осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген деректерді енгізген кезде Бағдарлама автоматты түрде береді, экспорт кезінде жеткізуші толтырады);

11 11) алушының лицензиясының нөмірі және лицензияда көрсетілген мекенжайы (этил спиртін медициналық мақсаттар мен техникалық мұқтаждықтардан басқа, осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптасқан тізімнен таңдап алынады, экспорт кезінде жеткізуші толтырады);

12 12) алкоголь өнімін алуға алушы сенімхатының (толтыруға міндетті емес деректеме) мерзімі мен нөмірін жеткізуші енгізеді;

13 13) шарттың нөмірі мен мерзімін жеткізуші енгізеді (толтыруға міндетті емес деректеме);

14 14) көлік түрі (Бағдарламада көрсетілетін тізімнен таңдап алынады);

15 15) алкоголь өнімін тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға туралы деректерді жеткізуші енгізеді (толтыруға міндетті емес деректеме);

16 16) көлік құралы (автомобиль көлігімен тасымалдаған кезде) туралы мәліметтерді (көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі) жеткізуші енгізеді;

17 17) экспедитор туралы мәліметтерді (экспедитордың, жүргізушінің аты-жөні) жеткізуші енгізеді (толтыруға міндетті емес деректеме);

18 18) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің мөлшері (литрмен көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 35) тармақшасында көрсетілген мәліметтер этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс, бұл ретте тиісті ұяшығында:

алкоголь өнімінің өндірісі үшін;
медициналық мұқтаждықтарға;
техникалық мұқтаждықтарға тиеп жөнелтілетін спиртінің мөлшері көрсетіледі;

19 19) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының мөлшері (литрмен көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 35) тармақшасында көрсетілген мәліметтер шарап материалын өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс, бұл ретте тиісті ұяшықта:

алкоголь өнімінің өндірісіне;
коньяк спиртінің өндірісіне (тікелей немесе екі қайта айыру жолымен шарап материалынан алынатын этил спирті) тиеп-жөнелтілетін шарап материалының мөлшері көрсетіледі;

20 20) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің жалпы мөлшері (осы тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген алкоголь өнімінің мөлшерін қосу жолымен Бағдарлама автоматты түрде көрсетеді).

Осы тармақшада және осы тармақтың 22) – 27) және 35) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер алкоголь өнімін өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;

21 21) жолдың реттік нөмірі;

22 22) жеке сәйкестендіру нөмірі – алкоголь өнімінің коды (бұдан әрі – ЖСН-код) (Бағдарламаның ЖСН-код анықтамалығынан таңдап алынады);

23 23) өнім түрі (ЖСН-код енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);

24 24) өнімнің атауы (ЖСН-код енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);

25 25) ыдыстың сыйымдылығы (ЖСН-код енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);

26 26) шөлмектің санын жеткізуші енгізеді;

27 27) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің мөлшері (осы тармақтың 25) және 26) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрмен береді;

28 28) жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (алкоголь өнімі немесе оның бір бөлігі қайтарылған жағдайда қажет болған кезде толтырылады);

29 29) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) сыраның жалпы мөлшері (осы тармақтың 33) тармақшасында көрсетілген сыра мөлшерін қосу жолымен Бағдарлама автоматты түрді көрсетеді).

Осы тармақшада және осы тармақтың 30) - 33) және 35) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер сыраны өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;

30 30) сыраның атауын жеткізуші енгізеді;

31 31) сыраға арналған ыдыстың сыйымдылығын жеткізуші енгізеді;

32 32) сыраға арналған ыдыстың, шөлмектің, кега-бөшкелердің санын жеткізуші енгізеді;

33 33) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) сыраның мөлшері (осы тармақтың 31) және 32) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрмен көрсетеді);

34 34) жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (сыра немесе оның бір бөлігі қайтарылған жағдайда қажет болған кезде толтырылады);

35 35) басшының тегін, атын, әкесінің атын жеткізуші толтырады;

36 36) бар болса, бухгалтердің тегін, атын, әкесінің атын жеткізуші толтырады;

37 37) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін нақты алу күнін көрсетумен, алушының тегі, аты, әкесінің аты және қолы.

7 7. ІЖҚ-ның уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін қағаз тасығышта екі данада басып шығарылады, басшы, бухгалтер (бар болса) қол қояды, сондай-ақ жеткізушінің мөрімен расталады (бар болса, дара кәсіпкерлер үшін).

8 8. Межеленген жерге дейін тасымалдау кезінде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз тасығыштағы бір данасы тасымалдаушыға беріледі (алушының өкіліне), ол кейіннен көрсетілген тауарды алышуға тапсырылады.

9 9. ІЖҚ-ның екінші данасы этил спиртін және алкоголь өнімін жеткізушіде сақталады.

10 10. ІЖҚ-ны Бағдарламада ІЖҚ алуды растау жолымен электрондық түрде алушылар табыс етеді.

Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алушылар (этил спиртін медициналық және техникалық мұқтаждықтарға алушылардан басқа) тауарды алғаннан кейін жеткізушімен ІЖҚ ресімделген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде ІЖҚ алуды электрондық түрде растайды немесе растаудан бас тартады.

11 11. Растау мерзімдері бұзылған немесе ІЖҚ алу расталмаған жағдайларда Бағдарламада осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес автоматты режимде хабарлама қалыптастырылады.

Алушылар Бағдарламада хабарламамен танысқаннан кейін ІЖҚ алуды растайды немесе растаудан бас тартады.

12 12. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген деректер толық (және) немесе дұрыс көрсетілмей ресімделген ІЖҚ осындай ІЖҚ ресімделген күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жойылуға жатады.

13 13. ІЖҚ жойылған жағдайда жаңа ІЖҚ жазып беріледі.

14 14. ІЖҚ есебі осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бағдарламаның ІЖҚ тіркеу журналы жүргізіледі.

15 15. Қағаз тасығыштағы ІЖҚ бес жыл бойы жеткізуші мен алушыларда сақталады.

16 16. Жеткізуші (алушы) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін ІЖҚ сақтау міндеттемесі оның құқық мирасқорына (құқық мұрагерлеріне) жүктеледі.

59 Іле­с­пе жүк­құ­жа­ты №

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
мен пайдалану қағидаларына
1-қосымша
нысан
Іле­с­пе жүк­құ­жа­ты №
Ре­сім­дел­ген кү­ні: 20 ___ж. «__»       _____О­пе­ра­ция ко­ды _________
Жет­кі­зу­ші­нің СТН-і _______________
Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН/БСН-і ___________
Жет­кі­зу­ші­нің ата­уы _______________
Жет­кі­зу­ші ли­цен­зи­я­сы­ның нө­мі­рі және ли­цен­зия бой­ын­ша ме­кен­жайы _____________________________________­_­_­_­__
Жет­кі­зу­ші­нің тү­рі______________
Алушы­ның СТН-і ________________
Алушы­ның ЖСН/БСН-і _______________
Алушы­ның ата­уы ___________________
Алушы­ның ли­цен­зи­я­сы­ның нө­мі­рі және ли­цен­зия бой­ын­ша ме­кен­жайы ______________________________
__________________________________
Алушы­ның се­нім-ха­ты:
№ _____ алын­ған кү­ні: ___ __ ____
Шар­ттың нө­мі­рі _________      Шар­ттың жа­сал­ған кү­ні ______________
Кө­лік­тің тү­рі:  Ав­то  ТЖ  Әуе  Те­ңіз неме­се іш­кі су
Та­сы­мал­да­у­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ______________________________________
Кө­лік түр­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер _____________________________________
Экс­пе­ди­тор ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ________________________________________
Өт­кі­зі­ле­тін (ти­еп-жө­нел­ті­ле­тін) этил спир­ті­нің мөл­ше­рі: _____ (литр)
Ал­ко­голь өні­мін
өн­ді­ру­ге: ____________ Ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­тар­ға: ____________
Тех­ни­ка­лық мұқ­таж­дық­тар­ға: ___________
Өт­кі­зі­ле­тін (ти­еп-жө­нел­ті­ле­тін) ша­рап ма­те­ри­а­лы­ның са­ны: _____ (литр)
Ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру­ге: ________ Ко­ньяк­тік спир­тін өн­ді­ру­ге: ______
Өт­кі­зі­ле­тін (ти­е­ліп жө­нел­ті­ле­тін) ал­ко­голь өні­мі­нің (арақ, ко­ньяк, брен­ди, ша­рап, ЛАБ) мөл­ше­рі, бар­лы­ғы: _____ (литр)

ЖСН-код
Өнім­нің тү­рі
Өнім­нің ата­уы
Ыдыс­тың сый­ым­ды­лы­ғы (литр)
Шөл­мек­тер­дің са­ны
Литр
Жет­кі­зу­ші тол­тыр­ған ІЖҚ нө­мі­рі (ал­ко­голь өні­мі қай­та­ры­л­ған жағ­дай­да)
1
2
3
4
5
6
7
8
Жол­дар­дың бар­лық са­ны: _______
Өт­кі­зі­ле­тін (ти­еп-жө­нел­ті­ле­тін) сы­ра­ның мөл­ше­рі, бар­лы­ғы: ____ (литр)

Сы­ра­ның ата­уы
Ыдыс­тың сый­ым­ды­лы­ғы (литр)
Ыдыс­тар­дың, ке­га-бөш­ке­лер­дің, шөл­мек­тер­дің са­ны
Литр
Жет­кі­зу­ші тол­тыр­ған ІЖҚ нө­мі­рі (сы­ра қай­та қай­та­ры­л­ған жағ­дай­да)
1
2
3
4
5
6
Жол­дар­дың бар­лық са­ны: _______
Бас­шы­ның Т.А.Ә.: ______________________________ __________________
қо­лы
МО:
Бух­гал­тер­дің Т. А. Ә.: __________________________ __________________
қо­лы
Алушы­ның Т. А. Ә.: ____________________ ____________ ___________
Қо­лы     алын­ған кү­ні
(кү­ні, айы, жы­лы)

60 Этил спир­тіне және (неме­се) ал­ко­голь өні­міне іле­с­пе жүк­құ­жат ал­ға­нын рас­та­мау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
мен пайдалану қағидаларына
2-қосымша
нысан
Этил спир­тіне және (неме­се) ал­ко­голь өні­міне іле­с­пе жүк­құ­жат ал­ға­нын рас­та­мау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
«___» _________ 20_ _ ж.
_______________________________________________________________­_­__
(са­лық ор­га­ны­ның ата­уы)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы
«___»________№____ қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген, Этил спир­тіне және
(неме­се) ал­ко­голь өні­міне іле­с­пе жүк­құ­жат­тар­ды ре­сім­деу мен
пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­ры­ның 11-тар­ма­ғы­на сәй­кес Сіз­ді
_______________________________________________________________­_­__
(са­лық тө­ле­у­ші­нің аты-жө­ні неме­се ата­уы)
СТН _________________________
ЖИН (БИН) ___________________
_______________________________________________________________­_­__
_______________________________________________________________­_­__
(нө­мі­рі және та­быс ету­дің ке­зе­ңі)
этил спир­тіне және (неме­се) ал­ко­голь өні­міне іле­с­пе жүк­құ­жат­тар­дың алын­ға­ны­ның рас­тал­ма­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді.
Осы­ған бай­ла­ны­сты Сіз ті­ре­ку же­рі­ң­із­де­гі са­лық ор­га­ны­на 5 жұ­мыс кү­ні ішін­де тү­сі­нік­те­ме бе­ру үшін ке­лу­і­ңіз қа­жет.

61 ІЖҚ тір­кеу жур­на­лы

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
мен пайдалану қағидаларына
3-қосымша
нысан
ІЖҚ тір­кеу жур­на­лы
ІЖҚ-ның кү­ні                             ІЖҚ-ты рас­тау /
__ ж. __ ___­ба­стап __ж. __ ______ дей­ін  бас тар­ту кү­ні __ ж. __
___­ба­стап __ж. __ ______
дей­ін
Жет­кі­зу­ші­нің СТН-і ______________ Алушы­ның СТН-і ________________
Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН/БСН-і __________ Алушы­ның ЖСН/БСН-і ____________
ІЖҚ-ның нө­мі­рі: _________________ ІЖҚ мәр­те­бе­сі:
 ал­ғаш­қы тү­рі  жой­ыл­ды
 жі­бе­ріл­ді  рас­тал­ды
 алын­ды  қай­та­рыл­ды

ІЖҚ-ның кү­ні
ІЖҚ-ның нө­мі­рі
Жет­кі­зу­ші­нің СТН-і
Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН/БСН-і
Алушы­ның СТН-і
Алушы­ның ЖСН/БСН-і
ІЖҚ-ы рас­тау/
қай­та­ру кү­ні
Өт­кен күн­дер­дің са­ны
Мәр­те­бе­сі
Іс-қи­мыл­дар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Көр­се­ті­ле­тін жол­дар­дың са­ны: ____­бар­лы­ғы ___

Қолданыстағы