Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочной станции

Қаулы · № 1710 · қабылданған 30.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62830/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочной станции Күшін жойған Қаулы ·№ 1710 ·30.12.2011
23.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочной станции

Күшін жойған Қаулы ·№ 1710 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочной станции
Атауы (қаз.)
Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1710
Қабылданған күні
30.12.2011
Көрсетілген редакция
23.07.2015 AI62830_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001710
ЭКБ идентификаторы
62830
Редакция идентификаторы
AI62830_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:28

0 Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары;

2 2) автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 17410 қаулысымен
бекітілген
Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2

2. Қағидалар автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу тәртібін айқындайды, оны мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар ресімдейді және автожанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы мәліметтер көрсетіледі.

2 2. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру тәртібі

3

3. Автожанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде міндетті түрде осы қаулымен бекітілген нысан бойынша автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырады.

4 4. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі және жеке немесе заңды тұлғаның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады және аталған журналды жүргізуге тағайындалған жауапты тұлға қол қояды.

1-бағанда мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе өткізу жасалған күні, айы көрсетіледі.
2-бағанда мұнай өнімінің коды – дербес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3-бағанда жұмыс күні басындағы жеке немесе заңды тұлғада бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен, килограммен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.
Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнінің немесе ауысымның соңындағы қалдықтардан көшіріледі.
Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша қызметін алғаш бастаған жеке немесе заңды тұлғалар осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне);
4-бағанда мұнай өнімдерінің сатып алынған (мұнай өнімдері базасы немесе резервуарлардан ауыстырылған) мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі;
5-бағанда мұнай өнімдерінің отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
6-бағанда жұмыс күнінің соңына жеке және заңды тұлғаларда бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен, килограммен). Тәулік бойы жұмыс режимінде – ауысымның соңында.
7-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.
8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізуші салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) көрсетіледі (жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – БСН) толық ауысқанға дейін) және болған жағдайда ЖСН/БСН көрсетіледі.
9 -бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының нөмірі көрсетіледі.
10-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.
11-бағанда ілеспе жүкқұжатына сәйкес сатып алынған (мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан ауыстырылған) мұнай өнімдерінің мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
12-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә көрсетіледі, қолы қойылады.

5 Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтыру тәртібі

5. Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларынан, сондай-ақ жылжымалы түрде автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырумен бір мезгілде тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтырады.
Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтыру тәртібі
1-бағанда отын-үлестіру колонкалары арқылы мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе сату жүзеге асырылған күн және ай көрсетіледі.
2-бағанда мұнай өнімдерінің түрлері көрсетіледі.
3 және 4-бағандарда жұмыс күні басына отын-үлестіру колонкаларын есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде – ауысымның басына.
Аталған көрсеткіштер жеке немесе заңды тұлғалардағы отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда аталған бағандар көбейеді (азаяды);
5 және 6-бағандарда жұмыс күні соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде – ауысымның соңына.
Бұл көрсеткіштер жеке немесе заңды тұлғалардағы отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда бұл бағандар көбейеді (азаяды).
7 және 8-бағандарда жұмыс күні (ауысым) ішінде отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.
9-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі, қолы қойылады.

13 201__ жыл үшін автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1710 қаулысымен
бекітілген
Нысан
201__ жыл үшін автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы
_________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
*________________________________________
Кү­ні
Мұ­най өні­мі­нің пин-ко­ды
Мұ­най өнім­де­рі­нің қоз­ға­лы­сы (тон­на­да)
Жұ­мыс кү­ні­нің (ауы­сым­ның) ба­сын­да­ғы мұ­най өнім­де­рі­нің қал­ды­ғы (мөл­ше­рі)
Са­тып алын­ған мұ­най өні­мі (мұ­най өнім­де­рі ба­за­сы­нан не ре­зер­ву­ар­дан ор­ны ауы­сты­ры­л­ған)
Отын-үле­сті­ру ко­лон­ка­ла­ры ар­қы­лы са­ты­л­ған мұ­най өнім­де­рі
Жұ­мыс кү­ні­нің (ауы­сым­ның) со­ңын­да­ғы мұ­най өнім­де­рі­нің қал­ды­ғы (мөл­ше­рі)
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Мұ­най өнім­де­рін жет­кі­зу­ші­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Жур­нал­ды жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның Т.А.Ә.
Мұ­най өнім­де­рін жет­кі­зу­ші­нің ата­уы
Жет­кі­зу­ші­нің СТН және бар болған кез­де ЖСН/БСН
Іле­с­пе жүк- құ­жа­ты­ның нө­мі­рі
Іле­с­пе жүк- құ­жа­ты­ның кү­ні
Іле­с­пе жүк- құ­жа­ты бой­ын­ша мөл­ше­рі (тон­на­мен)
7
8
9
10
11
12
Ескертпе * жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар меншік иесін (жалға берушіні), автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін және қауіпті жүк тасу қызметімен айналысу құқығына лицензияның нөмірін көрсетеді.

14 Автожанармай құю станциясындағы

мұнай өнімдерінің қозғалысын
есепке алу журналына
қосымша
Нысан
__________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
Отын-үле­сті­ру ко­лон­ка­ла­рын­да­ғы (ОҮК) есеп­те­уіш­тер­дің көр­сет­кіш­те­рі
Жа­у­ап­ты же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның Т.А.Ә., қо­лы
Кү­ні
Мұ­най өнім­де­рі­нің түр­ле­рі
ОҮК есеп­те­уіш­тің көр­сет­кіш­те­рі жұ­мыс кү­ні­нің (ауы­сым­ның) ба­сын­да
ОҮК есеп­те­уіш­тің көр­сет­кіш­те­рі жұ­мыс кү­ні­нің (ауы­сым­ның) со­ңын­да
Жұ­мыс кү­ні (ауы­сым­да) ОҮК ар­қы­лы са­ты­л­ған мұ­най өнім­де­рі­нің мөл­ше­рі, литр­мен
ОҮК № 1
ОҮК № 2
ОҮК № 1
ОҮК № 2
ОҮК № 1
ОҮК № 2
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ескертпе * отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері = жұмыс күні (ауысым) соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері - жұмыс күні (ауысым) басында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері

Қолданыстағы