Құжат мәтініне өту

Об операторе единой транспортной среды государственных органов

Қаулы · № 1719 · қабылданған 30.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62863/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об операторе единой транспортной среды государственных органов Күшін жойған Қаулы ·№ 1719 ·30.12.2011
29.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об операторе единой транспортной среды государственных органов

Күшін жойған Қаулы ·№ 1719 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об операторе единой транспортной среды государственных органов
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1719
Қабылданған күні
30.12.2011
Көрсетілген редакция
29.01.2016 AI62863_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001719
ЭКБ идентификаторы
62863
Редакция идентификаторы
AI62863_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:28

0 Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы туралы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы болып белгіленсін.

2 2. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:

1 1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;

2 2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;

3 3) аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының телекоммуникация желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;

4 4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және байланыс саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, сондай-ақ әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады;

5

5) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арналарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының жұмыс істеуін жүзеге асырады. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының байланыс арналары бойынша ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғау жөніндегі іс-шаралар бірлескен құпия жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ақпаратты қорғау бойынша) жұмыстарын орындау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді қорғау «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы қызметті реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1268 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы