Құжат мәтініне өту

О схеме зонирования земель города Шымкент

Өзге акт · № 61/481-4c · қабылданған 21.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62896/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О схеме зонирования земель города Шымкент Күшін жойған Өзге акт ·№ 61/481-4c ·21.12.2011
24.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О схеме зонирования земель города Шымкент

Күшін жойған Өзге акт ·№ 61/481-4c · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О схеме зонирования земель города Шымкент
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
61/481-4c
Қабылданған күні
21.12.2011
Көрсетілген редакция
24.06.2014 62896_181494.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11UA000153
ЭКБ идентификаторы
62896
Редакция идентификаторы
62896_181494
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:41

0 Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабының 2 тармағына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы бекітілсін (қосымша қоса тіркеледі).

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Шымкент қалалық мәслихатының

2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 61/481-4с шешімімен бекітілген
Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы
1-аймақ: қаланың орталығында орналасқан және Әйтеке би, Базар, Володарский, Рашидов, Н.Исмаилов, Павлов, Гагарин, Интернационал, Ш.Қалдаяқов, Хамза, Гагарин көшелерімен шектесетін, Қарасу өзені бойымен, Темірлан тас жолы, Тельман мөлтек ауданы, Момышұлы көшесі, Қошқар ата өзені бойымен, Арғынбеков, Рысқұлов, Сайрам, Бекет Батыр, Орынбай ақын, Түркістан, Адырбеков, Төлеби көшелеріндегі жер учаскелері.
2-аймақ: қаланың орталығында орналасқан және Ташкент – Алматы айналма автожолымен шектесетін, Сайрам ауданының шекарасымен, М.Калмырзаев, Ақназар хан, Анаров көшелеріндегі, Рашидов көшесіне дейінгі темір жол бойымен шектелген жер учаскелері.
3-аймақ: қаланың орталығында орналасқан және Ташкент автожолымен шектесіп, Бадам өзенінің арнасымен, Қарасу каналы бойымен, Мамин – Сибиряк өткелінен Гагарин көшесіне дейін, темір жол бойымен, Сайрам ауданының шекарасымен, Ленгір тас жолы бойындағы, Клара Цеткина көшесінде орналасқан жер учаскелері.
4-аймақ: Бадам өзенінің арнасындағы Сайрам ауданының жерлері, Сайрам ауданы Жұлдыз ауыл округінің Қарабастау ауылының шекарасымен, Энергетиктер көшесі, Орман шаруашылығының аумағы, Ташкент – Алматы автожолының бойымен, «Сайрам Астық» өндірістік кооперативінің жерлері, Орман шаруашылығының шекарасымен, Сайрам ауданы Бадам және Жаңа талап ауыл округтерінің және құс фабрикасы шекарасымен, «Қызыл жар» өндірістік кооперативінің шекарасымен, Қарасу каналы бойымен, Ынтымақ поселкесінің жерлерімен, Тұрлан экспедициясының жерлері, Қабыл қазақ каналы бойымен, «Декхан» шаруа қожалығының шекарасымен, «Ақниет» өндірістік кооперативінің шекарасымен, Ташкент – Алматы автожолының бойымен, Достық мөлтек ауданы, Ташкент – Алматы автожолы бойымен темір жолға дейін, Азат мөлтек ауданы, Сайрам ауданы шекарасымен және Жиделі мөлтек ауданымен шектелген жер учаскелері.
5-аймақ: Қайнар бұлақ саяжайлары, Ташкент – Алматы автожолының бойымен, Бозарық саяжайлары.

Қолданыстағы