Об организации и финансировании молодежной практики по городу Уральску
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и финансировании молодежной практики по городу Уральску
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3166
- Қабылданған күні
- 15.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2014 62900_171368.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZA000224
- ЭКБ идентификаторы
- 62900
- Редакция идентификаторы
- 62900_171368
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:46
0 Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жастар практикасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасынан тіркелген жұмыссыздарға ұйымдастырылсын.
2 2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012.05.31 № 1237 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3 3. Жастар практикасын өткізуді қаржыландыру шаралары бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырсын.
4
4. Орал қаласы әкімдігінің "Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы № 584 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-206 тіркелген, 2011 жылғы 19 мамырдағы "Жайық үні" газетінде № 20 және 2011 жылғы 19 мамырдағы "Пульс города" газетінде № 20 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.