Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил покупки электрической энергии у квалифицированных энергопроизводящих организаций

Қаулы · № 70 · қабылданған 16.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62922/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил покупки электрической энергии у квалифицированных энергопроизводящих организаций Күшін жойған Қаулы ·№ 70 ·16.01.2012
05.08.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил покупки электрической энергии у квалифицированных энергопроизводящих организаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 70 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил покупки электрической энергии у квалифицированных энергопроизводящих организаций
Атауы (қаз.)
Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70
Қабылданған күні
16.01.2012
Көрсетілген редакция
05.08.2014 AI62922_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000070
ЭКБ идентификаторы
62922
Редакция идентификаторы
AI62922_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:21

0 Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 16 қаңтардағы
№ 70 қаулысымен бекітілген
Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Өңірлік электр желілері компанияларының және (немесе) жүйелік оператордың электр энергиясының нормативтік шығасыларын жабу үшін энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібін белгілейді.

2 2. Өңірлік электр желілері компанияларының және жүйелік оператордың электр энергиясының нормативтік шығасыларын өтеуге энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібі

2.Энергия өндіруші білікті ұйым электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей электр энергиясын сатып алу шартын жасасу үшін өңірлік электр желісі компаниясына және (немесе) Жүйелік операторға өтінім береді.

3 3. Энергия өндіруші білікті ұйым электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінімге мынадай материалдар мен құжаттарды ұсынады:

1 1) энергия өндіруші білікті ұйымның басшысы қол қойған электр энергиясын сатып алу шартының жобасы;

2 2) белгіленген тәртіппен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің көшірмесі;

3 3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 756 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4

4. Электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінімді Жүйелік оператор және (немесе) Өңірлік электр желілері компаниялары он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қарау нәтижелері бойынша Жүйелік оператор және (немесе) Өңірлік электр желілері компаниялары энергия өндіруші білікті ұйыммен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады не энергия өндіруші білікті ұйымға электр энергиясын сатып алу шартын жасасудан бас тартатыны туралы хабарлайды.

5 5. Электр энергиясын сатып алу шартын жасасудан бас тарту себептері:

1 1) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау;

2 2) дұрыс емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.

Қолданыстағы