Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличение размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Буландынском районе

Өзге акт · № 4С-40/3 · қабылданған 09.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62927/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличение размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Буландынском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 4С-40/3 ·09.12.2011
20.06.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличение размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Буландынском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4С-40/3 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличение размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Буландынском районе
Атауы (қаз.)
Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу және базалық ставкалар мөлшерін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4С-40/3
Қабылданған күні
09.12.2011
Көрсетілген редакция
20.06.2017 62927_207138.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11BG000144
ЭКБ идентификаторы
62927
Редакция идентификаторы
62927_207138
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:52

0 Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу және базалық ставкалар мөлшерін ұлғайту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 381-бабына, 386-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай базалық ставкалар мөлшері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

3 3. Макинск қаласы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалары қолданылатын Бұланды ауданының жақын жатқан елді мекені болып белгіленсін.

4 4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі Е. Нұғыманов
«Бұланды ауданы бойынша салық
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
бастығы О. Әбілдин

5 Бұланды аудандық мәслихатының

2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 4С-40/3
шешіміне 1-қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері
Санаттар
1.
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1 санат
2.
Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
2 санат

6 Бұланды аудандық мәслихатының

2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 4С-40/3
шешіміне 2-қосымша
Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай салықтың базалық ставкалары

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкалары
Базалық ставканың ұлғаюы
1.
1 санат
5,02
он есе
2.
2 санат
5,02
он есе

Қолданыстағы