Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Целиноградском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Целиноградском районе
- Атауы (қаз.)
- Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 298/46-4
- Қабылданған күні
- 13.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2017 62928_209087.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BQ000161
- ЭКБ идентификаторы
- 62928
- Редакция идентификаторы
- 62928_209087
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:49
0 Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Целиноград ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
2 2. Ақмол ауылы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалары қолданылатын Целиноград ауданының жақын жатқан елді мекені болып белгіленсін.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
Ақмола облысы бойынша Салық Комитетінің
Целиноград ауданы бойынша Салық Департаментінің
Салық Басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
С.Мырзабаев
4 Целиноград аудандық мәслихатының
2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 298/46-4
шешіміне 1 қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№
Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері
Санаттар
1.
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1 санат
2.
Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
2 санат
5 Целиноград аудандық мәслихатының
2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 298/46-4
шешіміне 2 қосымша
Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшері
№
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшері
Базалық ставканың ұлғаюы
1.
1 санат
0,48
он есе
2.
2 санат
0,48
он есе