Об установлении ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39-305
- Қабылданған күні
- 15.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2013 AI62930_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11DC000101
- ЭКБ идентификаторы
- 62930
- Редакция идентификаторы
- AI62930_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:46
0 Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 381, 382, 386-баптарына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Текелі қаласы және Рудничный кенті бойынша 2012 жылға арналған жер салығының ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Текелі қалалық мәслихатының "Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы" 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 26-196 (Текелі қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 желтоқсанда 2-3-85 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 7 қаңтарда "Текелі тынысы" газетінің 1 нөмірінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет және экономика мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына (төрағасы Константин Михайлович Нестеров) жүктелсін.
4 4. Осы шешім 2012 жылдың 01 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Текелі қаласы бойынша
салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ілімжанова Заида Әбдімананқызы
15 желтоқсан 2011 жыл
КЕЛІСІЛДІ:
"Текелі қаласының жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Есболатов Болат Бүркітбайұлы
15 желтоқсан 2011 жыл
5 Текелі қалалық мәслихатының
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
"Жер салығының ставкаларын
белгілеу туралы" № 39-305
шешіміне қосымша
Текелі қаласы және Рудничный кенті бойынша 2012 жылға арналған
жер салығының ставкалары
(теңгемен, алаңның бір шаршы метріне шаққанда)
рет
№
Жерді пайдалану бағыты
Текелі
қаласы
Рудничный
кенті
1
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары.
6,75
0,96
2
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкалары.
0,39
0,13
3
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары, көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда.
0,20
0,20
4
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға.
0,20
0,20
5
Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда.
67,5
9,6