Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи детям с ограниченными возможностями, воспитывающимся и обучающимся на дому

Қаулы · № 12-1360 · қабылданған 20.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62933/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи детям с ограниченными возможностями, воспитывающимся и обучающимся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ 12-1360 ·20.12.2011
15.08.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи детям с ограниченными возможностями, воспитывающимся и обучающимся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ 12-1360 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи детям с ограниченными возможностями, воспитывающимся и обучающимся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-1360
Қабылданған күні
20.12.2011
Көрсетілген редакция
15.08.2014 62933_215690.kaz
Соңғы өзгеріс
15.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11DK000110
ЭКБ идентификаторы
62933
Редакция идентификаторы
62933_215690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:44

0 Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды (бұдан әрі – мүгедек балалар) үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу (бұдан әрі- үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек) әр мүгедек балаға тоқсанына айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек туған, асырап алған, сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата- анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға отбасының табыстарына қарамастан, облыстық психологиялық- медициналық- педагогикалық консультацияның (бұдан әрі-ПМПК) берген қорытындысы негізінде мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап каникул күндерін есептемегенде бір оқу жылына тоқсандағы өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және ПМПК- ның қорытындысының мерзімінің бітуіне дейін төленеді.

3 3. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

Үйде оқытуға көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның басшысымен арызды және барлық керекті құжаттарды қабылдаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылданады және тоқсан сайын төленеді.

4

4. "Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Махмұдбек Жұмағұловқа тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер арқылы өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда жәрдемақының тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін:

1 1) өтініш;

2 2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі;

3 3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

4 4) тұрғылықты жерін растайтын құжат;

5 5) медициналық - әлеуметтік сараптаманың мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;

6 6) облыстық психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациясының қорытындысы;

7 7) оқу орнының үйде оқыту жөніндегі анықтамасы.

Құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы"
Жұмағұлов Махмұдбек Нүсіпбекұлы
20 желтоқсан 2011 жыл
"Қарасай аудандық экономика,
бюджеттік жоспарлау және
кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы"
Хамитов Азат Нұрхасенұлы
20 желтоқсан 2011 жыл

Қолданыстағы