Құжат мәтініне өту

О Правилах содержания животных (собак, кошек) в городе Шымкент

Ереже · № 61/482-4c · қабылданған 21.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-62942/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О Правилах содержания животных (собак, кошек) в городе Шымкент Күшін жойған Ереже ·№ 61/482-4c ·21.12.2011
17.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Правилах содержания животных (собак, кошек) в городе Шымкент

Күшін жойған Ереже ·№ 61/482-4c · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Правилах содержания животных (собак, кошек) в городе Шымкент
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау қағидасы туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
61/482-4c
Қабылданған күні
21.12.2011
Көрсетілген редакция
17.05.2012 62942_179883.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11UA000154
ЭКБ идентификаторы
62942
Редакция идентификаторы
62942_179883
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:41

0 Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау қағидасы туралы

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау Қағидасы" бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Шымкент қалалық мәслихатының

2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 61/482-4с шешімімен бекітілген
Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау Қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау ережесі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8 тармақшасына сәйкес әзірленген және Шымкент қаласында жануарларды (ит, мысықтар) ұстау тәртібін белгілейді.

2 2. Жануарларды (ит, мысықтар) ұстау тәртібі

1 1. Жануарлар (ит, мысықтар) жеке ветеринариялық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендіріледі.

2 2. Жануарларды (ит, мысықтар) беру, сату, сатып алу, сонымен қатар қала аумағынан тысқары шығару және кіргізу жануарлардың (ит, мысықтар) «құтыруға қарсы егілген» белгісі бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етіледі.

3 3. Мыналарға рұқсат етілмейді:

1 1) тіркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген жануарларды (ит, мысықтар) ұстауға;

2 2) жануарларды (ит, мысықтар) көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалар ойнайтын алаңшаларда және көпшілік шаралар өткізілетін жерлерде серуендетуге;

3 3) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;

4 4) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттерді серуендетуге;

5 5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және бастау көздерінде жануарларды (ит, мысықтар) шомылдыруға;

6 6) тұрғын үй қоры пәтерлерінде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлері үшін паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;

7 7) жануарларды (ит, мысықтар) көп пәтерлі тұрғын үйлердің және жатақханалардың ортақ пайдаланатын орындарында ұстауға, сонымен қатар сауда орталықтарының аумағына жетектеп әкелуге.

4 4. Адамдарды немесе жанауарларды тістеген иттер мен мысықтар тез арада оқшауланып, бақылау жасау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесіне жеткізіледі.

5 5. Жануарларды (ит, мысықтар) ұстау ветеринариялық (ветеринариялық – санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

6 6. Санитариялық – гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға:

1 1) бірнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтерлерде), тек өзінің тұрғын жайында, пәтерде барлық тұрушылардың жазбаша келісімі бойынша көршілердің дәрігерлік кері көрсеткіші (ұшыну) болмаса, итттер мен мысықтарды ұстауға;

2 2) иттерді тұмылдырықсыз және шылбырсыз елді мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларда бос ұстауға рұқсат беріледі.

3 3. Қорытынды ережелер

1 1. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

Қолданыстағы