Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 308
- Қабылданған күні
- 29.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2013 62965_175289.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SB000145
- ЭКБ идентификаторы
- 62965
- Редакция идентификаторы
- 62965_175289
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:33
0 Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аққайың ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі қосымша тізбесі орнатылсын:
1 1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
2 2) 21 мен 29 жас аралығындағы жастар;
3 3) 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
4 4) маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар.
2 2. «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға қосымша жатқызылған тұлғаларды жұмыспен қамту бойынша және әлеуметтік қорғаудың қолдау шараларын уақытылы қамтамасыз етсін.
3 3. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін орнату туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 62 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-2-98 2009 жылдың 19 мамырында тіркелді және № 20 «Колос» және № 14 «Аққайың» аудандық газеттерінде 2009 жылдың 21 мамырында жарияланды);
2
2) «Халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін орнату туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 62 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 110 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-2-100 2009 жылдың 27 мамырында тіркелді, № 22 «Колос» және № 16 «Аққайың» аудандық газеттерінде 2009 жылдың 10 маусымында жарияланды).