О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство)
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1743
- Қабылданған күні
- 31.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2014 AI62992_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001743
- ЭКБ идентификаторы
- 62992
- Редакция идентификаторы
- AI62992_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:26
0 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - монополияға қарсы инспекциялары болады.»;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1743 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1
1. «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне, «Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне, «Астана қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция» мекемесіне бөлу жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
2
2. «Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне, «Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
3
3. «Алматы облысы бойынша монополияға қарсы инспекция мемлекеттік мекемесіне, «Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
4
4. «Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне, «Маңғыстау облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
5
5. «Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне, «Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне, «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
6
6. «Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
7
7. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне, «Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы инспекция» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
17 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1743 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
№ 141 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі