Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Республикой Таджикистан о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров (работ, услуг)

Заң · № 62-II · қабылданған 22.06.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6302/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Республикой Таджикистан о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров (работ, услуг) Қолданыста 22.06.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Республикой Таджикистан о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров (работ, услуг)

Қолданыста Заң № 62-II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Республикой Таджикистан о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров (работ, услуг)
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының арасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алудың принциптері туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
62-II
Қабылданған күні
22.06.2000
Көрсетілген редакция
22.06.2000 AI6302_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z000000062_
ЭКБ идентификаторы
6302
Редакция идентификаторы
AI6302_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:25
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының арасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алудың принциптері туралы келісімді бекіту туралы

Душанбеде 1999 жылғы 16 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы
мен Тәжікстан Республикасының арасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет
көрсетулердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алудың
принциптері туралы келісім бекітілсін.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының
арасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің)
экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алудың
принциптері туралы
Келісім
(2000 жылғы 13 шілдеде күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары
бюллетені, 2001 ж., N 5, 47-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан
Республикасы,
өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға және
экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдетуге, шаруашылық жүргізуші
субъектілер үшін тең мүмкіндіктер орнатуға және адал бәсекелестік үшін
жағдай жасауға ұмтыла отырып,
халықаралық сауданың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін
бағдарға ала отырып,
мыналар жөнінде келісті:

1-бап Жалпы айқындамалар

Келісімде қолданылатын терминдер:

1) "жанама салықтар" - қосылған құнға салынатын салық және

акциз (акциз салығы);

2) "нөлдік ставка" - есепке алу құқығын беретін нөл процент ставка

бойынша қосылған құнға салық салу;

3) "тауар" - кез келген мүлік, оның ішінде өнім (энергияның барлық түрлерін қоса алғанда), валюта және валюталық құндылықтар;

4) "жалған экспорт" - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) Тараптардың кеден аумағынан экспортталатын ретінде жалған құжаттық ресімдеу, бұл жағдайда осы Тараптың кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды іс жүзіндегі әкету (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді іс жүзінде сату) жүргізілмейді;

5) "тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) тағайындалған

елі" - кеден аумағына тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импортталатын
мемлекет;

6) "құзыреттi органдар" - қазақстан тарапынан - Қаржы министрлiгi,

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi, тәжiк тарапынан Қаржы министрлiгi.

2-бап Экспорт кезiнде салық алу принципi

1. Тараптар бiр Тараптың кеден аумағынан екiншi Тараптың кеден

аумағына экспортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге)
жанама салықтар салмайды.

2. Осы ереже:

1) нөлдiк ставка бойынша ҚҚС салуды;

2) акциздерден босатуды бiлдiредi.

3-бап Импорт кезiнде салық алу принципi

1. Бiр Тараптың кеден аумағынан экспортталып, Тараптардың бiрiнiң кеден аумағына импортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тағайындалған елiнде оның ұлттық заңдарына сәйкес жанама салықтар салынады.

2. Екiншi Тараптың кеден аумағынан экспортталған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) импортына салық салған кезде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тағайындалған елiнiң ұлттық заңдарында белгiленген салық ставкалары қолданылады.

4-бап Тауарларды өткiзуге және жанама салықтарды төлеуге бақылау жасау

Осы Келiсiмдi қолдану және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) импорты кезiнде жанама салықтар алымының толықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жалған экспортты болдырмау мақсатында Тараптардың құзыреттi органдары Тараптардың кеден шекаралары арқылы тауарларды өткiзуге және жанама салықтарды төлеуге бақылау жасау механизмiн әзiрлейдi және қолданылуға енгiзедi, оның iшiнде жұмыстарды,
қызмет көрсетулердi сату орнына қатысты ережелердi айқындайды.

5-бап Халықаралық шарттармен ара салмағы

Осы Келiсiм қатысушысы Тараптар болып табылатын басқа да халықаралық
шарттардың нормаларын қозғамайды.

6-бап Даулы мәселелердi шешу тәртiбi

1. Тараптар өз заңдары шегiнде болашақта жанама салық салудың ұқсас

жүйесiн құруға бағытталған, атап айтқанда, үшiншi елдермен сауда-саттық
жасасу кезiндегi салық салу мәселелерiне қатысты келiсiлген әрекеттер
жасайтын болады.

2. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты

Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптардың
құзыреттi органдары консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы шешедi.

7-бап Ақпараттар алмасу

Тараптар осы Келiсiмде қамтылатын салықтарға қатысты олардың iшкi
заңдарындағы өзгерiстер мен толықтырулар туралы ақпараттар алмасатын
болады.

8-бап Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң тәртiбi

Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас
бөлiгi болып табылатын Хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлуi мүмкiн.

9-бап Қорытынды ережелер

1. Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалды және оның күшiне енуi үшiн барлық қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы Тараптардың

соңғы хабарлаған күнiнен бастап күшiне енедi.

2. Осы Келісім Тараптардың бірі басқа Тарапты оның әрекетін тоқтату

туралы өзінің ойын алты ай бұрын жазбаша хабардар еткен кезге дейін әрекет
ететін болады.

3. Осы Келісім ол күшіне енгеннен кейін жеткізілген тауарларға

(жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) ғана қатысты қолданылатын болады.
1999 жылғы 16 желтоқсанда Душанбе қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік
және орыс тілдеріндегі екі түпнұсқа данада жасалады.
Осы Келісімнің мәтінін түсіндіру жөнінде Тараптар арасында
келіспеушіліктер туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін басым күшке ие.
Қазақстан Республикасы Тәжікстан Республикасы
үшін үшін