Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы отчета банков второго уровня по экспортным операциям с аффинированными золотом и серебром в слитках

Қаулы · № 191 · қабылданған 25.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63037/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении формы отчета банков второго уровня по экспортным операциям с аффинированными золотом и серебром в слитках Күшін жойған Қаулы ·№ 191 ·25.11.2011
24.08.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы отчета банков второго уровня по экспортным операциям с аффинированными золотом и серебром в слитках

Күшін жойған Қаулы ·№ 191 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы отчета банков второго уровня по экспортным операциям с аффинированными золотом и серебром в слитках
Атауы (қаз.)
Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша есебінің нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
191
Қабылданған күні
25.11.2011
Көрсетілген редакция
24.08.2012 AI63037_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007396
ЭКБ идентификаторы
63037
Редакция идентификаторы
AI63037_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:04

0 Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша есебінің нысанын бекіту туралы

«Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 120 Жарлығына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операцияларына бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1 1. Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша есебінің нысаны осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялар бойынша есепті тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операцияларды жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер жасайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық түрде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (ҚААТЖ) арқылы ұсынады.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі
Төрағасының м.а. Ж.Ә. Жарқынбаев
2011 жыл 23 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 25 қарашадағы
№ 191 қаулысына
қосымша
Нысан
____________________________________________
(екінші деңгейдегі банктің толық атауы)
тазартылған құйма алтынмен және күміспен
экспорттық операциялар бойынша
20____ жылғы__________________ *
(айы)
есебі
Та­у­ар­дың то­лық ата­уы
Им­пор­тер­дің елі
Құй­ма­лар са­ны
Сал­ма­ғы (ун­ция)
Хи­ми­я­лық та­за мас­са­сы (ун­ция)
Са­ты­л­ған со­ма­сы**
1
2
3
4
5
6
Та­зар­ты­л­ған ал­тын
Та­зар­ты­л­ған кү­міс
* Мәліметтер есепті айда тазартылған құйма алтын мен күмісті экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін кеден органы 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен шығарған операциялар бойынша ұсынылады.
** Сомасы сатылу валютасында, валюта түрін көрсете отырып беріледі.
Бірінші басшы (ол жоқ болғанда
- оның орнындағы тұлға)         ____________ күні __________
Бас бухгалтер                   ____________ күні __________
Орындаушы                       ____________ күні __________
Телефоны                        ____________
Мөр орны

Қолданыстағы