Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле
- Атауы (қаз.)
- Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1713
- Қабылданған күні
- 30.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2015 AI63083_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001713
- ЭКБ идентификаторы
- 63083
- Редакция идентификаторы
- AI63083_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:29
0 Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-18-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
3 Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1713 қаулысымен
бекітілген
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидалары
1
1. Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлардың көрме-жәрмеңкелік саудасы бойынша қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) төленуін бақылау тәртібін көздейді.
2 2. Қағидалардың әрекеті осы көрмелерде көрсетілетін тауарларды (заттарды) өткізу көзделмейтін көрмелерді ұйымдастыру мен өткізуге қолданылмайды.
3
3. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының салық төлеушісі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) орналасқан орны бойынша салық органын оны өткізуді бастағанға дейін он жұмыс күні бұрын Кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылар тізімімен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы жазбаша хабарлайды.
Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламаға:
1 1) мақсаты мен бағдары көрсетіле отырып, басшы мен бас бухгалтердің (ол болған жағдайда) қолдарымен, сондай-ақ ұйымдастырушының мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған осындай көрме және/немесе жәрмеңке өткізу туралы көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы (ұйымдастырушылар) шешімінің көшірмесі;
2
2) жылжымайтын мүлікті жалға алу (сатып алу-сату) шартының немесе жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу мақсатында жылжымайтын мүлікті пайдалану және (немесе) иелік ету және (немесе) билік ету құқығын растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжат;
3 3) тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органымен көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу уақыты мен орнын келісуді растайтын құжат қоса беріледі.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұйымдастырушы жаңа хабарламаны берумен бір мезгілде бұрын берілген хабарламаны қайтарып алу жолымен жүргізіледі.
4 4. Салық органдары көрме-жәрмеңкелік саудада өткізуге арналған тауарларға, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу орнына байқау жүргізеді.
5
5. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі көрме-жәрмеңкелік саудада бұрын Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, ҚҚС төленбеген тауарларды сатып алған жағдайда, ҚҚС төлеуді көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушымен – Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісімен (төлеушісімен) тауарды сатып алу-сату шарты (келісімшарты) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген тауарды сатып алу-сату шартының (келісімшартының) бір данасын көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы – Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) ұйымдастырушыға береді.
6 6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісімен тауарларды сатып алу-сату шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда мұндай тауарлар бойынша ҚҚС төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы жүзеге асырады.
7
7. Көрме-жәрмеңкелік сауда аяқталған соң көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы орналасқан орны бойынша салық органына көрме-жәрмеңкелік сауда аяқталған айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы есепті (бұдан әрі – есеп) табыс етеді.
8 8. Есепке:
1 1) оның негізінде тауарлар көрме-жәрмеңкелік саудада өткізілген көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушымен (төлеушісімен) – Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісімен шарт (келісімшарт);
2 2) ҚҚС төлегені туралы төлем құжаты;
3 3) көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушының – Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (төлеушісінің) Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелгенін растайтын құжат;
4 4) көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейін көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушының – Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (төлеушісінің) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарды әкеткенін растайтын құжат қоса беріледі.
9 9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеуші табыс еткен көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы есеп негізінде салық органы бюджет сыныптамасының кодтары бойынша салық төлеушінің тиісті дербес шоттарына ҚҚС есептеуді жүргізеді.
Салық төлеуші көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша есепті табыс етпеген жағдайда, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламаның негізінде салық органы бюджет сыныптамасының кодтары бойынша салық төлеушінің тиісті дербес шоттарына ҚҚС есептеуді жүргізеді.