Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев безопасности водохозяйственных систем и сооружений

Қаулы · № 29 · қабылданған 12.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63099/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении критериев безопасности водохозяйственных систем и сооружений Күшін жойған Қаулы ·№ 29 ·12.01.2012
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев безопасности водохозяйственных систем и сооружений

Күшін жойған Қаулы ·№ 29 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев безопасности водохозяйственных систем и сооружений
Атауы (қаз.)
Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29
Қабылданған күні
12.01.2012
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI63099_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000029
ЭКБ идентификаторы
63099
Редакция идентификаторы
AI63099_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:23

0 Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлері бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлері Негізгі ережелері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қаңтардағы
№ 29 қаулысымен
бекітілген
Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлері Негізгі ережелері

1

1. Осы су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) мониторинг үдерісінде Қазақстан Республикасындағы су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының суды тежейтін гидротехникалық құрылыстар (бұдан әрі - ГТҚ) жай-күйінің негізгі қадағаланатын және бақыланатын техникалық көрсеткіштерін белгілейді.

2 2. Критерийлер мониторингін ГТҚ-ның меншік иелері құрылыстардың техникалық көрсеткіштерін сырттай (көрнекі және инструменталдық) бақылау нәтижелері негізінде жүзеге асырады.

Критерийлердің сандық және сапалық мәні Қазақстан Республикасының «Гидротехникалық құрылыстар. Жобалаудың негізгі ережелері» № 3.04-01-2008 құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес олардың сипаттамалары, пайдалану шарттары, ескеріле отырып, құрылыс жобасы құрамында әзірленеді.

3 3. Осы Критерийлерде мынадай анықтамалар қолданылады:

1 1) су тежейтін гидротехникалық құрылыс - тежеуді жасауға, су деңгейін көтеруге немесе су қоймасын құруға арналған құрылыс;

2 2) бақыланатын көрсеткіштер - техникалық құралдар көмегімен өлшенген немесе құрылысты өлшеу негізінде есептелген ГТҚ жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамасы;

3 3) диагностикалық көрсеткіштер - ГТҚ жай-күйін диагностикалау мен бағалау үшін маңызды, «құрылыс - табан — су қоймасы» ГТҚ қауіпсіздігіне толығымен немесе оның жеке элементтерін бағалауға мүмкіндік беретін бақыланатын көрсеткіштер;

4 4) К - ГТҚ техникалық жай-күйін мониторингілеу үдерісінде өлшенген бақыланатын көрсеткіштердің мәні;

5

5) К1 - диагностикалық көрсеткіштер мәндерінің деңгейін сақтандыратын критериалдық диагностикалық көрсеткіштердің деңгейі, оған жеткенде ГТҚ тұрақтылығы, механикалық және сүзілу төзімділігі мен оның табаны, сондай-ақ су қашыртқы және су өткізгіштік құрылыстарының суды жіберу мүмкіндігі қалыпты пайдалану шарттарына әлі де сәйкес келеді;

6 6) К2 - критериалдық диагностикалық көрсеткіштер деңгейі, диагностикалық көрсеткіштер мәндерінің екінші (шекті) деңгейі, одан асып кеткенде жобалық режимде ГТҚ пайдалануға рұқсат етілмейді.

4 4. ГТҚ-ның негізгі бақыланатын және диагностикалық көрсеткіштері осы Критерийлердің қосымшасында келтірілген.

5 5. Критерийлер:

1 1) ГТҚ-ны пайдалануға беру алдында;

2 2) пайдаланудың бастапқы екі жылынан кейін;

3 3) пайдаланудың әрбір бес жылынан кейін кемінде бір рет;

4 4) ГТҚ қайта жаңғыртқаннан, күрделі жөндеуден, қалпына келтірілгеннен және пайдалану шарттарын өзгерткеннен кейін;

5 5) пайдаланудан шығарылғаннан кейін және консервациялау кезінде;

6 6) ГТҚ қауіпсіздігі саласында нормативтік құқықтық актілерді, қағидалар және нормалары өзгертілген кезде;

7 7) авариялық жағдайлардан кейін түзетілуге жатады.

6 6. ГТҚ жай-күйін бағалау К диагностикалық көрсеткішінің өлшенген мәнін оның К1 және К2 критериалдық мәнімен салыстыру негізінде жүргізіледі. К < К1-де кезінде ГТҚ жай-күйі қалыпты, К1< К < К2- әлеуетті қауіпті, К > К2- аварияның алдында деп есептеледі.

0-1 Су шаруашылығы жүйелері құрылыстарының су тежейтін гидротехникалық құрылыстарының негізгі бақыланатын және диагностикалық көрсеткіштерінің ТІЗБЕСІ

Су шаруашылығы жүйелері мен
құрылыстары қауіпсіздігінің
критерийлеріне қосымша
Су шаруашылығы жүйелері құрылыстарының су тежейтін гидротехникалық құрылыстарының негізгі бақыланатын және диагностикалық көрсеткіштерінің ТІЗБЕСІ
Тү­ріне қа­рай ГТҚ жай-күй­і­нің негіз­гі ба­қы­ла­на­тын көр­сет­кіш­те­рі
ба­қы­ла­на­тын көр­сет­кіш­ті өл­шеу тә­сі­лі
Ба­қы­ла­на­тын көр­сет­кіш­ті өл­шей­тін тех­ни­ка­лық құ­рал­дар
Өл­шем­нің бо­лжам­ды ке­зең­ді­лі­гі*
Мо­ни­то­ринг нәти­же­сі
К өл­шен­ген көр­сет­кіш­тің мәні
К1, К2 көр­сет­кіш­тің кри­те­ри­ал­дық мәні
1
2
3
4
5
6
1. Бе­тон­ды ГТҚ (гра­ви­та­ци­я­лық, контр­фор­сты, ар­қа­лы бө­гет­тер)
Құ­ры­лы­стың қы­ры мен оның та­ба­ны­ның тік жы­л­жуы (шө­гуі), мм
Үстің­гі мар­ка­лар­ды ни­ве­лир­леу
Үстің­гі мар­ка­лар, жұ­мыс­шы және ір­ге­та­сты ре­пер­лер
Жы­лы­на 2 рет
мм
мм
Құ­ры­лы­стар мен оның та­бан­да­ры­ның көл­де­не­ңі­нен жы­л­жуы, мм
Тұ­ста­ма­лар бой­ын­ша три­ан­гу­ля­ция, шам­ды алы­стан ша­ма­лай­тын ба­қы­ла­у­лар
Жұ­мыс­шы ре­пер­лер, ви­зир­лі мар­ка­лар, шам­ды алы­стан ша­ма­лай­тын ба­қы­лау мар­ка­ла­ры
Сол мер­зім­де
мм
мм
Құ­ры­лы­стар­дың және оның та­ба­ны­ның кер­не­уі, кг/см2, МПа
Де­фор­ма­ци­я­лар­ды, құ­ры­лы­стар­дың және оның та­ба­ны­ның кер­не­уін қа­шық­тық­тан өл­шеу
Сызық­тық де­фор­ма­ци­я­ны өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер, ішек­ті түр­лі кү­ш­тер
Ай­ы­на 1 рет
кг/см2, МПа
кг/см2, МПа
Бе­тон­ды құ­ры­лы­стың ұл­та­нын­да­ғы түй­іс­кен кер­неу, кг/см2, МПа
Ба­қы­ла­на­тын алаң­ға ке­ле­тін кү­ш­ті қа­шық­тық­тан өл­шеу,
Ішек­ті түр­лі кү­ш­тер­ді өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер
Сол мер­зім­де
Кг/см2, МПа
Кг/см2, МПа
Құ­ры­лы­стың сек­ци­яа­ра­лық тігі­сте­рін ашу
Тігі­стер­дің ашы­луын қа­шық­тық­тан өл­шеу
Ішек­ті түр­де­гі сызық­тық ауы­сулық­ты өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер
Ай­ы­на 3 рет
мм
мм
Құ­ры­лы­стың сек­ци­яа­ра­лық тігі­сте­рі бой­ын­ша сек­ци­я­лар­дың өза­ра жы­л­жуы, мм
Бө­гет сек­ци­я­ла­ры­ның өза­ра жы­л­жуын ті­ке­лей өл­шеу
Ішек­ті түр­лі сызық­тық жы­л­жу­лар­ды өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер
Сол мер­зім­де
мм
мм
Жар­тас пен құ­ры­лыс түй­і­сі бой­ын­ша жа­рық­тың со­зы­лу кө­ле­мі, мм
Жар­тас пен құ­ры­лыс түй­і­сі бой­ын­ша жа­рық­ты ашу қа­шық­тық өл­ше­улер
Ішек­ті түр­де­гі сызық­тық ауы­сулық­ты өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер
-
мм
мм
Құ­ры­лы­с­та­ғы бло­ка­ра­лық тігі­стер мен жа­рық­тар­ды ашу, мм
Бло­ка­ра­лық тігі­стер мен жа­рық­тар­ды ашу жө­нін­де қа­шық­тық өл­ше­улер
Ішек­ті түр­де­гі сызық­тық ауы­сулық­ты, өзге­рі­стер­ді өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер
-
мм
мм
Құ­ры­лыс бе­то­ны­ның мен оның та­ба­ны­ның тем­пе­ра­ту­ра­сы, оС
Бе­тон тем­пе­ра­ту­ра­сын қа­шық­тық­тан өл­шеу
Ішек­ті түр­де­гі тем­пе­ра­ту­ра­ны өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер
-
С
С
Жо­ғар­ғы бе­тіне шы­ға­тын неме­се дре­на­ж­ды құ­ры­л­ғы­лар­ға тү­се­тін сүзі­лу шы­ғын­дар, л/с
Өл­шей­тін суа­ғар­да су дең­гей­ін ті­ке­лей өл­шеу неме­се шы­ғын­дар­ды қа­шық­тық­тан өл­шеу
Сұй­ық­тық дең­гей­ін өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер, өл­шей­тін рей­ка
-
л/с
л/с
Су жа­ға­сы­на жа­на­сқан және құ­ры­лы­стар­дың та­ба­нын­да­ғы пье­зо­мет­ри­я­лық қы­сым, м
Құ­ры­лы­стар­дың та­ба­нын­да пье­зо­мет­ри­я­лық дең­гей­лер­ді ту­ра неме­се қа­шық­тық­тан өл­шеу
Ішек­ті түр­де­гі қы­сым­ды өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер, үл­гі­лі ма­но­метр­лер
-
м
м
Құ­ры­лы­стар­дың та­ба­нын­да­ғы пье­зо­мет­ри­я­лық гра­ди­ент­тер, мөл­шер­сіз
Құ­ры­лы­стар та­ба­нын­да өл­шен­ген қы­сым­дар бой­ын­ша есеп­те­ле­ді
-
Ай­ы­на 3 - рет
Мөл­шер­сіз кө­лем
Мөл­шер­сіз кө­лем
Құ­ры­лы­стар­дың және оның та­ба­ны­ның сей­сми­ка­лық тол­қуы­ның па­ра­метр­ле­рі (жи­і­лі­гі, гц; өзі­нің тол­қу­ла­ры­ның ке­зе­ңі, с)
Тол­қу­лар ам­пли­ту­да­сы­ның, же­дел­де­уі­нің ав­то­мат­тық кү­ту ре­жи­мін­де өл­шеу
Сей­смо­мет­ри­ка­лық ап­па­ра­ту­ра
Үне­мі
Гц,с
Гц,с
Тө­мен­гі бьеф­те ар­на­ның шай­ы­лу си­патта­ма­сы (те­рең­ді­гі, м; шай­ы­лу шұң­қы­ры­ның ала­ңы, м2)
Сүң­гу­ір­лер неме­се эхо­лот­тар­дың кө­ме­гі­мен шаю шұң­қыр­ла­рын ту­ра өл­шеу
Эхо­лот­тар, өл­шей­тін лен­та­лар
Жы­лы­на 1 рет
м, м2
м, м2
Құ­был­ма­лы дең­гей­дің бел­де­уін­де бе­тон­ның бұ­зы­луы, мм
Бе­тон­ның бұ­зы­лу те­рең­ді­гін ту­ра өл­шеу
Са­ғат тү­рін­де­гі ин­ди­ка­тор ба­за­сын­да­ғы де­фор­мо­метр
Жы­лы­на 2 рет
мм
мм
Бе­тон­ның ірі то­лық­ты­ру­шы­ла­ры­ның ре­ак­ци­я­лық қа­си­ет­те­рі сал­да­ры­нан бе­тон­ның бұ­зы­луы, мм
Бе­тон­ның бұ­зы­лу те­рең­ді­гін ту­ра өл­шеу
Сол мер­зім­де
Сол мер­зім­де
мм
мм
2. То­пы­рақ­ты ма­те­ри­ал­дар­дан жа­сал­ған құ­ры­лы­стар (бө­гет­тер, дам­ба­лар және т.б.)
Құ­ры­лы­стың қы­ры мен оның та­ба­ны­ның тік жы­л­жуы (шө­гуі), мм
Те­рең­дік­те­гі мар­ка­лар­ды, үстің­гі мар­ка­лар­ды ни­вер­леу
Үстің­гі, те­рең­дік­те­гі мар­ка­лар, жұ­мыс­шы және ір­ге­та­сты ре­пер­лер
Жы­лы­на 2 рет
мм
мм
Құ­ры­лы­стар қыр­ла­ры­ның көл­де­не­ңі­нен ығы­суы, мм
Тұ­ста­ма­лар бой­ын­ша три­ан­гу­ля­ция, шам­ды алы­стан ша­ма­лай­тын ба­қы­ла­у­лар
Жұ­мыс­шы және ір­ге­та­сты ре­пер­лер, ви­зир­лі мар­ка­лар, шам­ды алы­стан ша­ма­лай­тын ба­қы­лау үшін мар­ка­лар
Сол мер­зім­де
мм
мм
Құ­ры­лы­стың су­ті­рек эле­мент­те­рін­де және оның та­ба­нын­да­ғы бу­лы қы­сым, МПа
Құ­ры­лы­стың су­ті­рек эле­мент­те­рін­де бу­лы қы­сым­ды қа­шық­тық­тан өл­шеу
Ішек­ті түр­де­гі қы­сым­ды өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер
Ай­ы­на 3 рет
МПа
МПа
Жо­ғар­ғы бе­тіне шы­ға­тын неме­се дре­на­ж­ды құ­ры­л­ғы­лар­ға тү­се­тін сүзі­лу шы­ғын­дар, л/с
Өл­шей­тін суа­ғар­да су дең­гей­ін ті­ке­лей өл­шеу неме­се шы­ғын­дар­ды қа­шық­тық­тан өл­шеу
Сұй­ық­тық дең­гей­ін өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер, уль­тра­ды­бысты шы­ғын­ды өл­ше­уіш­тер, өл­шей­тін рей­ка
Сол мер­зім­де
л/с
л/с
Құ­ры­лы­стар­дың де­не­сін­де­гі, су жа­ға­сы­на жа­на­сқан сүзі­лу ағы­ны­ның де­прес­си­я­лық үстін­гі бел­гі­сі
Пье­зо­мет­ри­я­лық дең­гей­ді қа­шық­тық­тан өл­шеу неме­се пье­зо­мет­ри­я­лық дең­гей­і­нің бел­гі­ле­рін ту­ра өл­шеу
Ішек­ті түр­де­гі қы­сым­ды өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер, қы­сым­ды және қы­сым­сыз пье­зо­метр­лер, үл­гі­лі ма­но­метр­лер, жар­тыл­да­ғы­штар, дең­гей өл­ше­уіш­тер
-
м
м
Құ­ры­лы­стың су­ті­рек эле­мент­те­рін­де, та­ба­нын­да­ғы қы­сым гра­ди­ент­те­рі, өл­ше­у­сіз
Құ­ры­лы­стың және оның та­ба­нын­да өл­шен­ген пье­зо­мет­ри­ка­лық қы­сым­дар бой­ын­ша есеп­те­ле­ді
-
Ай­ы­на 3 - рет
Өл­ше­у­сіз
Өл­ше­у­сіз
Құ­ры­лы­стың және оның та­ба­ны­ның тем­пе­ра­ту­ра­сы, оС
Құ­ры­лы­стың және оның та­ба­ны­ның тем­пе­ра­ту­ра­сын қа­шық­тық­тан өл­шеу
Ішек­ті тү­рін­де­гі тем­пе­ра­ту­ра­ны өл­шей­тін түр­лен­дір­гіш­тер
Сол мер­зім­де
оС
оС
Құ­ры­лы­стар­дың және оның та­ба­ны­ның сей­сми­ка­лық тол­қуы­ның па­ра­метр­ле­рі (жи­і­лі­гі; гц; өзі­нің тол­қу­ла­ры­ның ке­зе­ңі, с)
Тол­қу­лар ам­пли­ту­да­сы­ның, же­дел­де­уі­нің ав­то­мат­тық кү­ту ре­жи­мін­де өл­шеу
Сей­смо­мет­ри­ка­лық ап­па­ра­ту­ра
Үне­мі
Гц,с
Гц,с
Құ­ры­лы­стың сыр­тын­да тө­мен­гі бьеф­те гри­фон­дар­дың бо­луы, л/с
Сүзі­лу шы­ғын­дар­ды өл­шеу
Суа­ғар­дың бе­ті­нен су­дың дең­гей­ін өл­шеу үшін өл­шей­тін суа­ғар рей­ка­сы­мен
Ай­ы­на 3 рет
л/с
л/с
Ашық-жа­сыл шөп­ті жа­мы­л­ғы­мен тө­мен­гі бет­кей­де бел­де­улер­дің бо­луы, м2
Бел­де­улер­дің алаң­да­рын өл­шеу
Ру­лет­ка
Сол мер­зім­де
м2
м2
Бө­гет­тің бет­кей­ін­де және қы­рын­да оты­ру шұң­қыр­ла­рын анық­тау, см, м3
Шұң­қыр­дың те­рең­ді­гін және алаң­да­рын, диа­мет­рін өл­шеу
-
-
см, м2
см, м2
Бө­гет­тің қы­рын­да тік және көл­де­нең жа­рық­тар­ды анық­тау, м, мм
Жа­рық­тар­дың ашы­луын және ұзынды­ған өл­шеу
-
-
м, мм
3. Үстің­гі және тө­мен­гі бьеф­тер­де то­пы­рақ­тың жа­на­суы
Сыр­ғы­ма және әле­ует­ті ор­нық­сыз мас­сив­тер­де тігі­нен ығы­су, мм
Үстің­гі және те­рең мар­ка­ла­рын ни­ве­лир­леу
Үстің­гі және те­рең мар­ка­лар
Жы­лы­на 4 рет
мм
мм
Сыр­ғы­ма және әле­ует­ті ор­нық­сыз мас­сив­тер­де көл­де­нең ығы­су, мм
Три­ан­гу­ля­ция, шам­ды алы­стан ша­ма­лай­тын ба­қы­ла­у­лар
Ре­пер­лер, мар­ка­лар
Сол мер­зім­де
мм
мм
Сыр­ғы­ма және әле­ует­ті ор­нық­сыз мас­сив­тер­де жер асты су­лар­дың дең­гейі, м
Пье­зо­мет­ри­ка­лық дең­гей­лер­ді өл­шеу
Пье­зо­метр­лер, дең­гей өл­ше­уіш­тер, жар­тыл­да­ғы­штар
Ай­ы­на 1 рет
м
м
Сыр­ғы­ма және оты­ру жа­рық­та­ры­ның пай­да бо­луы, м, см
Ені­нің, те­рең­ді­гі­нің ұзынды­ғын өл­шеу, су­рет­теу
Ру­лет­ка
Ай­ы­на 3 рет
м, см
м, см
Ар­тық ылғал­да­ну бел­де­уле­рі­нің бо­луы, м2
Су шық­қан алаң­дар­ды өл­шеу
Ру­лет­ка
Сол мер­зім­де
м2
м2
Тө­мен­гі бьеф­те жер асты су­ла­ры­ның жи­нақ­тал­ған шы­ғу­ла­ры­ның бо­луы, л/с
Сүзі­лу шы­ғын­да­рын өл­шеу
Өл­шей­тін суа­ғар
Тәу­лі­гіне бір рет
л/с
л/с
То­пы­рақ­тың суф­фо­зи­он­дық шы­ғуы­ның бо­луы, г/л
Жү­зін­ді са­нын өл­шеу
Өл­шей­тін ыдыс
Ай­ы­на 3 рет
г/л
г/л
Оты­ру және суф­фо­зи­он­дық шұң­қыр­лар­дың бо­луы, м
Су­рет­теу, шұң­қыр­лар­дың са­нын және кө­ле­мін өл­шеу
Ру­лет­ка
Сол мер­зім­де
м
м
Крио­ген­ді де­фор­ма­ци­я­ның бо­луы, м
Де­фор­ма­ция си­па­ты, кө­лем­де­рі, та­ра­лу ала­ңы
-
Жы­лы­на бір рет
м
м
Ескертпе: *Пайдалану тәжірибесін негізге алып, әрбір құрылыс үшін өлшеу кезеңділігі ГТҚ сыныптылығына, жай-күйіне, пайдалану кезеңіне және де басқа да факторларға байланысты тағайындалады.

Қолданыстағы