Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламентов государственных услуг в сфере интеллектуальной собственности

Бұйрық · № 239 · қабылданған 27.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63127/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламентов государственных услуг в сфере интеллектуальной собственности Күшін жойған Бұйрық ·№ 239 ·27.06.2011
27.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламентов государственных услуг в сфере интеллектуальной собственности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 239 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламентов государственных услуг в сфере интеллектуальной собственности
Атауы (қаз.)
Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
239
Қабылданған күні
27.06.2011
Көрсетілген редакция
27.02.2014 AI63127_3.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007133
ЭКБ идентификаторы
63127
Редакция идентификаторы
AI63127_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:07

0 Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;

3 3) алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2012.09.28 № 327 Бұйрығымен.

4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;

5 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті;

6 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларды сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

7 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (Л.С.Стамбекова):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ә.Т. Аманбаевқа жүктелсін.

4 «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 239 бұйрығына
1-қосымша
«Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) тіркеуші орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

2 2) өтініш беруші – өнеркәсіптік меншік объектісіне ерекше құқығы бар жеке және заңды тұлғалар;

3 3) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда (өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын тіркеуші органға ведомстволық бағынысты ұйым.

3 3. Мемлекеттік қызметті тіркеуші орган көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 1000, 1029-баптары, «Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 11-бабының 6-тармағы, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңының 21-бабының 1, 2, 3-тармақтары, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 8-бабы, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 18, 19, 20-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны қағаз тасымалдағышта берілетін шарттың тіркелген күні мен ағымдағы нөмірі бар мөртаңба басылған тіркелген шартты беру не бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бойынша талаптар

7 7. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс мекенжайы бойынша тіркеуші органмен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Қабылдау кезек бойынша жүргізіледі. Алдын ала жазылу немесе жедел қызмет көрсету көзделмеген.

8 8. Құжаттарды толтыру орны қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар тағанмен жабдықталған.

Физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар мен лифтілер көзделген.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат тіркеуші органның интернет-ресурсінде орналасқан: www.intellkaz.kz, сонымен қатар ресми ақпарат көздерінде. Анықтама телефоны: (87172) 74-07-54.

10 10. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу:

1 1) тіркеуге өтініш пен құжаттарды қабылдауды;

2 2) тіркеуші органда келіп түскен құжаттарды бөлуді;

3 3) өтінішті қарауды және ұсынылған материалдардың Стандартқа сәйкестігін тексеруді;

4 4) сараптама жасау ұйымына шарт жасалатынға қатысты ерекше құқықтарды беруге бөгет жасайтын міндеттемелердің алдында жасалған шарттарда болуы туралы ақпарат ұсыну туралы өтінім жіберуді;

5 5) сараптама жасау ұйымының жауабын алғаннан кейін тіркеу әрекеттерін жүзеге асыруды немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап әзірлеуді;

6 6) басшылықтың құжаттарды қарауды және оларды өтініш берушіге беруді әзірлеуді;

7 7) құжаттарды немесе дәлелді жауапты беруді қамтиды.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

2 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды;

3 3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды.

12 12. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуде іс жүргізуді тоқтату негіздері Стандарттың 16-тармағында көзделген.

13 13. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері Стандарттың 16-тармағында көзделген.

14 14. Тіркеуші органның кеңсесінде өтінішті және құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында іс әрекет тәртібінің сипаттамасы (өзара іс-қимыл)

15 15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеуші органға Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

16 16. Өтініштердің бланкілерін тіркеуші органның кеңсесінен мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс, № 1019 кабинетінен (бұдан әрі – Комитеттің кеңсесі) немесе Интернет-ресурсынан: www.intellkaz.kz алуға болады.

17 17. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар тіркеуші органның кеңсесіне тапсырылады.

18 18. Осы Регламенттің 15-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанына оның Комитет кеңсесінің тіркеу мөртабаны қойылған (кіріс нөмірі, күні) өтініш беруші өтінішінің көшірмесі растама болып табылады.

19 19. Құжаттарды алу Комитет кеңсесінде немесе пошта қызметі арқылы жүзеге асырылады.

20 20. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.

21 21. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

1 1) құпиялық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау).

22 22. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функциональдық бірліктер (өкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері және т.б.) (бұдан әрі – ҚФБ):

1 1) тіркеуші орган кеңсесінің қызметкері – құжаттарды қабылдау және беру;

2 2) сараптама жасау ұйымы – шарт жасалатынға қатысты ерекше құқықтарды беруге бөгет жасайтын міндеттемелердің алдында жасалған шарттарда болуы туралы ақпаратты ұсыну;

3 3) тіркеуші органның қызметкері – өтінішті қарау және орындау.

23 23. Әр іс-қимылды орындаудың мерзімі көрсетілген әр ҚФБ іс-қимылының (процедураның, функцияның, операцияның) кезектік мәтіндік кестелік сипаттамасын осы Регламенттің 1-қосымшасында ұсынылған.

24 «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламент 1. Жалпы ережелер

24. Іс-қимылдың қисынды кезектілігі (мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмманы осы Регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.
«Өнеркәсіптік меншік объектілеріне
ерекше құқықты беру туралы
шарттарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызметінің регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
1
Іс-қи­мыл­дың № (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
2
ҚФБ ата­уы
Тір­кеу ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Тір­кеу ор­ган­ның бас­шы­сы
Са­рап­та­ма жа­сау ұй­ы­мы
Тір­кеу ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі
Тір­кеу ор­ган­ның бас­шы­сы
Тір­кеу ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі
Тір­кеу ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
3
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тір­кеу ор­ган­ның бас­шы­сы­на бе­ру
Құ­жат­тар­ды қа­рау және бө­лу
Тір­ке­у­ші ор­ган­ның өті­ні­мін қа­был­дау
Өті­ніш­ті қа­рау және орын­дау
Жа­у­ап жо­ба­сын тек­се­ру
Тір­кеу әре­кет­те­рін жү­зе­ге асы­ру (ре­сми ті­зі­лім­ге жа­з­ба ен­гі­зу)
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру үшін қа­был­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер)
өті­ніш бе­ру­ші­ге өті­ніш қа­был­дан­ған нө­мір, кү­ні мен уа­қы­ты;
құ­жат­тар­ды рә­сім­де­у­ге өті­ніш­ті қа­был­да­ған тір­ке­у­ші ор­ган кең­се­сі қыз­мет­ке­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты көр­се­ті­л­ген өті­ніш кө­шір­ме­сін бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою
Тір­ке­у­ші ор­ган­ға өті­нім­ге сәй­кес ақ­па­рат бе­ру
Ерекше құқық­ты бе­ру ту­ра­лы шар­тты тір­ке­у­ге неме­се дәлел­ді бас тар­ту­дың жо­ба­сын бас­шы­лық­қа бе­ру
Бас­шы­ның бұ­ры­шта­ма­сы
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­ріне бе­ру
Құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
45 ми­нут
Кү­ніне 2 рет
5 жұ­мыс кү­ні
30 жұ­мыс кү­ні
Кү­ні бойы
Кү­ні бойы
2 күн
6
Ке­зек­ті іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7
8
2-кесте. Пайдалану түрлері. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сі
Тір­кеу ор­га­ны
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
4. Са­рап­та­ма жа­сау ұй­ы­мы­на өті­нім жі­бе­ру және өті­нім­ге жа­у­ап алу
2. Құ­жат­тар­ды элек­трон­дық аза­мат­тар­дың өті­ніш­те­рін есеп­ке алу кі­та­бын­да тір­кеу
5. Өті­ніш­ті қа­рау және ерекше құқық шар­тың әзір­леу
3. Өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ру
6. Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сіне орын­дал­ған құ­жат­тар­ды бе­ру
7. Орын­да­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
3-кесте. Пайдалану түрлері. Баламалы процесс.
Ба­ла­ма­лы про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сі
Тір­кеу ор­га­ны
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
4. Са­рап­та­ма жа­сау ұй­ы­мы­на өті­нім жі­бе­ру және өті­нім­ге жа­у­ап алу
2. Құ­жат­тар­ды элек­трон­дық аза­мат­тар­дың өті­ніш­те­рін есеп­ке алу кі­та­бын­да тір­кеу
5. Өті­ніш­ті қа­рау және бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­тың жо­ба­сын әзір­леу
3. Өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ру
6. Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сіне бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­ты бе­ру
7. Бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­ты өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
«Өнеркәсіптік меншік объектілеріне
ерекше құқықты беру туралы шарттарды
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
қызметінің регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 239 бұйрығына
2-қосымша
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламент 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) тіркеуші орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

2 2) өтініш беруші – мемлекеттік тіркеу солардың мүдделеріне жүргізілетін автор, құқық иеленуші және өзге тұлғалар.

3 3. Мемлекеттік қызметті тіркеуші орган көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттік қызмет «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан  Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт), Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 131 бұйрығымен бекітілген Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) негізінде көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны қағаз тасымалдағышта берілетін авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу куәлігін (бұдан әрі – Куәлік) немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс, № 1019 кабинет мекенжайы бойынша тіркеуші органмен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Қабылдау кезек бойынша жүргізіледі. Алдын ала жазылу немесе жедел қызмет көрсету көзделмеген.

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат тіркеуші органның интернет-ресурсында: www.intellkaz.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен тіркеуші орган орналасқан жерінде қойылған стендте орналасқан.

9 9. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларды мемлекеттік тіркеу:

1 1) тіркеуге өтініш пен құжаттарды қабылдауды;

2 2) тіркеуші органда келіп түскен құжаттарды бөлуді;

3 3) өтінішті қарауды және ұсынылған материалдардың Нұсқаулыққа сәйкестігін тексеруді;

4 4) тіркеу әрекеттерін жүзеге асыруды немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап әзірлеуді;

5 5) басшылықтың құжаттарды қарауды және оларды өтініш берушіге беруді әзірлеуді;

6 6) Куәлікті немесе дәлелді жауапты беруді қамтиды.

10 10. Мемлекеттік тіркеуге түсетін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1 1) мемлекеттік қызмет өтініш беруші Стандарттың 16-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

2 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды;

3 3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде тіркеуші орган өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетілген хат жолдайды.
Тіркеуші органға ұсынылған материалдар, құқықтарды тіркеуге берген өтініш берушінің оларды қайтару туралы жазбаша өтініші болған жағдайды есептемегенде, қайтарылмайды. Материалдарды қайтару мерзімі он жұмыс күні.

13 13. Тіркеуші органның кеңсесінде өтінішті және құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде іс-әрекеттер (өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеуші органға Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

Қызмет міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, еңбек шартының көшірмесін ұсыну қажет. Қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың тиесілігі туралы автор мен жұмыс берушінің арасында шарт жасалған жағдайда осындай шарттың көшірмесін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін ұсыну қажет.
Құқық иеленуші заңды тұлға болған жағдайда тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін ұсыну қажет.
Құрамдас немесе туынды шығармаларға құқықтарды тіркеу кезінде түпнұсқа туындының авторымен (авторларымен) немесе құқық иеленушімен (құқық иеленушілермен) жасалған авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.
Тіркеуші органға мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін ұсынылатын туындылар тасымалдағыштарда олардың объективті нысанда болуын тексеру үшін қарауға жатады.

15 15. Тіркеуге ұсынылатын материалдар нөмірленуі, тігілуі және өтініш берушінің қолы қойылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметті алу үшін осы Регламенттің 14-тармағында көзделген құжаттар тіркеуші органның кеңсесіне тапсырылады.
Осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанына оның тіркеуші орган кеңсесінің тіркеу мөртабаны қойылған (кіріс нөмірі, күні) өтініш беруші өтінішінің көшірмесі растама болып табылады.
Тіркеуші орган кеңсесінің қызметкері:

1 1) құжаттарды қабылдайды;

2 2) өтініш берушіге:

өтініш қабылданған нөмір, күні мен уақыты;
құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған тіркеуші орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген өтініш көшірмесін береді;

3 3) қабылданған құжаттарды тіркеуші органның басшылығына береді;

4 4) куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты өтініш берушіге қолма-қол немесе пошта қызметі арқылы беруді жүзеге асырады.

16 16. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес белгіленген тіркеу алымы төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы салық салу объектісінің тіркелетін жері бойынша төленеді.
Алымдардың сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.

17 17. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

1 1) құпиялық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау).

18 18. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функциональдық бірліктер (өкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері және т.б.) (бұдан әрі – ҚФБ):

1 1) тіркеуші орган кеңсесінің қызметкері – құжаттарды қабылдау және беру;

2 2) тіркеуші органның қызметкері – өтінішті қарау және орындау.

19 19. Әр іс-қимылды орындаудың мерзімі көрсетілген әр ҚФБ іс-қимылының (процедураның, функцияның, операцияның) кезектік мәтіндік кестелік сипаттамасын осы Регламенттің 1-қосымшасында ұсынылған.

20 «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті 1. Жалпы ережелер

20. Іс-қимылдың қисынды кезектілігі (мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмманы осы регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.
«Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
1
Іс-қи­мыл­дың № (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Тір­кеу ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Тір­кеу ор­ган­ның бас­шы­сы
Тір­кеу ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі
Тір­кеу ор­ган­ның бас­шы­сы
Тір­кеу ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі
Тір­кеу ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
3
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тір­кеу ор­ган­ның бас­шы­сы­на бе­ру
Құ­жат­тар­ды қа­рау және бө­лу
Өті­ніш­ті қа­рау және орын­дау
Жа­у­ап жо­ба­сын тек­се­ру
Тір­кеу әре­кет­те­рін жү­зе­ге асы­ру (ре­сми ті­зі­лім­ге жа­з­ба ен­гі­зу)
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру үшін қа­был­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер)
өті­ніш бе­ру­ші­ге өті­ніш қа­был­дан­ған нө­мір, кү­ні мен уа­қы­ты;
құ­жат­тар­ды рә­сім­де­у­ге өті­ніш­ті қа­был­да­ған тір­ке­у­ші ор­ган кең­се­сі қыз­мет­ке­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты көр­се­ті­л­ген өті­ніш кө­шір­ме­сін бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою
Ку­ә­лік­тің неме­се дәлел­ді бас тар­ту­дың жо­ба­сын бас­шы­лық­қа бе­ру
Бас­шы­ның бұ­ры­шта­ма­сы
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­ріне бе­ру
Құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
45 ми­нут
Кү­ніне 2 рет
17 жұ­мыс кү­ні
Кү­ні бойы
Кү­ні бойы
2 күн
6
Ке­зек­ті іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7
2-кесте. Пайдалану түрлері. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сі
Тір­кеу ор­га­ны
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
4. Өті­ніш­ті қа­рау және ку­ә­лік­тің жо­ба­сын әзір­леу
2. Құ­жат­тар­ды элек­трон­дық аза­мат­тар­дың өті­ніш­те­рін есеп­ке алу кі­та­бын­да тір­кеу
5. Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сіне орын­дал­ған құ­жат­тар­ды бе­ру
3. Өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ру
6. Орын­да­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
3-кесте. Пайдалану түрлері. Баламалы процесс.
Ба­ла­ма­лы про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сі
Тір­кеу ор­га­ны
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
4. Өті­ніш­ті қа­рау және бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­тың жо­ба­сын әзір­леу
2. Құ­жат­тар­ды элек­трон­дық аза­мат­тар­дың өті­ніш­те­рін есеп­ке алу кі­та­бын­да тір­кеу
5. Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сіне бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­ты бе­ру
3. Өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ру
6. Бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­ты өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
«Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 239 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 239 бұйрығына
4-қосымша
«Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) тіркеуші орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

2 2) өтініш беруші – өнеркәсіптік меншік объектісіне ерекше құқығы бар жеке және заңды тұлғалар;

3 3) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда (өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын тіркеуші органға ведомстволық бағынысты ұйым.

3 3. Мемлекеттік қызметті тіркеуші орган көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 79, 299-326, 896-909, 1001, 1031-баптары, «Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 14-бабының 1-4-тармақтары, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңының 21-бабының 2, 3-тармақтары, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 8-бабы, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 18, 19, 20-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны қағаз тасымалдағышта берілетін шарттың тіркелген күні мен ағымдағы нөмірі бар мөртаңба басылған тіркелген шартты беру не бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бойынша талаптар

7 7. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс мекенжайы бойынша тіркеуші органмен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Қабылдау кезек бойынша жүргізіледі. Алдын ала жазылу немесе жедел қызмет көрсету көзделмеген.

8 8. Құжаттарды толтыру орны қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар тағанмен жабдықталған.

Физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар мен лифтілер көзделген.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат тіркеуші органның интернет-ресурсінде орналасқан: www.intellkaz.kz, сонымен қатар ресми ақпарат көздерінде. Анықтама телефоны: (87172) 74-07-54.

10 10. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу:

1 1) тіркеуге өтініш пен құжаттарды қабылдауды;

2 2) тіркеуші органда келіп түскен құжаттарды бөлуді;

3 3) өтінішті қарауды және ұсынылған материалдарды тексеруді;

4 4) сараптама жасау ұйымына шарт жасалатынға қатысты ерекше құқықтарды беруге бөгет жасайтын міндеттемелердің алдында жасалған шарттарда болуы туралы ақпарат ұсыну туралы өтінім жіберуді;

5 5) сараптама жасау ұйымының жауабын алғаннан кейін тіркеу әрекеттерін жүзеге асыруды немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап әзірлеуді;

6 6) басшылықтың құжаттарды қарауды және оларды өтініш берушіге беруді әзірлеуді;

7 7) құжаттарды немесе дәлелді жауапты өтініш берушіге беруді қамтиды.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет өтініш берушіге осы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

2 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды;

3 3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды.

12 12. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуде іс жүргізуді тоқтату негіздері Стандарттың 16-тармағында көзделген.

13 13. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері Стандарттың 16-тармағында көзделген.

14 14. Тіркеуші органның кеңсесінде өтінішті және құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында іс әрекет тәртібінің сипаттамасы (өзара іс-қимыл)

15 15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеуші органға Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

16 16. Өтініштердің бланкілерін Комитет кеңсесінен мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс, № 1019 кабинетінен (бұдан әрі – Комитеттің кеңсесі) немесе Интернет-ресурсынан: www.intellkaz.kz алуға болады.

17 17. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы Регламенттің 15-тармағында көзделген құжаттар тіркеуші органның кеңсесіне тапсырылады.

18 18. Осы регламенттің 16-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанына оның Комитет кеңсесінің тіркеу мөртабаны қойылған (кіріс нөмірі, күні) өтініш беруші өтінішінің көшірмесі растама болып табылады.

19 19. Құжаттарды алу Комитет кеңсесінде немесе пошта қызметі арқылы жүзеге асырылады.

20 20. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңды мәні бар әрекеттер жасау және (немесе) құжаттарды беру орны бойынша төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес белгіленген төлем мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын береді.

21 21. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

1 1) құпиялық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау).

22 22. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функциональдық бірліктер (өкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері және т.б.) (бұдан әрі – ҚФБ):

1 1) тіркеуші орган кеңсесінің қызметкері – құжаттарды қабылдау және беру;

2 2) сараптама жасау ұйымы – шарт жасалатынға қатысты ерекше құқықтарды беруге бөгет жасайтын міндеттемелердің алдында жасалған шарттарда болуы туралы ақпаратты ұсыну;

3 3) тіркеуші органның қызметкері – өтінішті қарау және орындау.

23 23. Әр іс-қимылды орындаудың мерзімі көрсетілген әр ҚФБ іс-қимылының (процедураның, функцияның, операцияның) кезектік мәтіндік кестелік сипаттамасын осы Регламенттің 1-қосымшасында ұсынылған.

24 «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және сенiмдi өкiлдерiн аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті

24. Іс-қимылдың қисынды кезектілігі (мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмманы осы Регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.
«Өнеркәсіптік меншік объектілерін
пайдалануға байланысты лицензиялық,
сублицензиялық шарттарды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
1
Іс-қи­мыл­дың № (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
2
ҚФБ ата­уы
Тір­кеу ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Тір­кеу ор­ган­ның бас­шы­сы
Са­рап­та­ма жа­сау ұй­ы­мы
Тір­кеу ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі
Тір­кеу ор­ган­ның бас­шы­сы
Тір­кеу ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі
Тір­кеу ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
3
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тір­кеу ор­ган­ның бас­шы­сы­на бе­ру
Құ­жат­тар­ды қа­рау және бө­лу
Тір­ке­у­ші ор­ган­ның өті­ні­мін қа­был­дау
Өті­ніш­ті қа­рау және орын­дау
Жа­у­ап жо­ба­сын тек­се­ру
Тір­кеу әре­кет­те­рін жү­зе­ге асы­ру (ре­сми ті­зі­лім­ге жа­з­ба ен­гі­зу)
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру үшін қа­был­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер)
өті­ніш бе­ру­ші­ге өті­ніш қа­был­дан­ған нө­мір, кү­ні мен уа­қы­ты;
құ­жат­тар­ды рә­сім­де­у­ге өті­ніш­ті қа­был­да­ған тір­ке­у­ші ор­ган кең­се­сі қыз­мет­ке­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты көр­се­ті­л­ген өті­ніш кө­шір­ме­сін бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою
Тір­ке­у­ші ор­ган­ға өті­нім­ге сәй­кес ақ­па­рат бе­ру
Ерекше құқық­ты бе­ру ту­ра­лы шар­тты
тір­ке­у­ге неме­се дәлел­ді бас тар­ту­дың жо­ба­сын бас­шы­лық­қа бе­ру
Бас­шы­ның бұ­ры­шта­ма­сы
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­ріне бе­ру
Құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
45 ми­нут
Кү­ніне 2 рет
5 жұ­мыс кү­ні
30 жұ­мыс кү­ні
Кү­ні бойы
Кү­ні бойы
2 күн
6
Ке­зек­ті іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7
8
2-кесте. Пайдалану түрлері. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сі
Тір­кеу ор­га­ны
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
4. Са­рап­та­ма жа­сау ұй­ы­мы­на өті­нім жі­бе­ру және өті­нім­ге жа­у­ап алу
2. Құ­жат­тар­ды элек­трон­дық аза­мат­тар­дың өті­ніш­те­рін есеп­ке алу кі­та­бын­да тір­кеу
5. Өті­ніш­ті қа­рау және ли­цен­зи­я­лық, суб­ли­цен­зи­я­лық шар­тты әзір­леу
3. Өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ру
6. Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сіне орын­дал­ған құ­жат­тар­ды бе­ру
6. Орын­да­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
3-кесте. Пайдалану түрлері. Баламалы процесс.
Ба­ла­ма­лы про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сі
Тір­кеу ор­га­ны
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
4. Са­рап­та­ма жа­сау ұй­ы­мы­на өті­нім жі­бе­ру және өті­нім­ге жа­у­ап алу
2. Құ­жат­тар­ды элек­трон­дық аза­мат­тар­дың өті­ніш­те­рін есеп­ке алу кі­та­бын­да тір­кеу
5. Өті­ніш­ті қа­рау және бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­тың жо­ба­сын әзір­леу
3. Өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ру
6. Тір­кеу ор­ган­ның кең­се­сіне бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­ты бе­ру
6. Бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­ты өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
«Өнеркәсіптік меншік объектілерін
пайдалануға байланысты лицензиялық,
сублицензиялық шарттарды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 239 бұйрығына
5-қосымша
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және сенiмдi өкiлдерiн аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

2 2) өтініш беруші – патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер жеке тұлға;

3 3) аттестаттау комиссиясы – аттестаттау өткізу үшін уәкілетті органда құрылатын комиссия.

3 3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 36-бабының 1-тармағы, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңының 46-бабы, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 5-бабы, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 15-бабы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» стандарты (бұдан әрі – Стандарт), Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 28 шiлдедегi № 223 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының патенттiк сенiмдi өкiлдерiн аттестаттау, тiркеу және тiркеу жөнiнде куәлiк беру ережесi (бұдан әрі - Ереже) негізінде көрсетіледі.

6

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны патенттік сенім білдірілген өкілге біліктілік емтиханын өткендігі жөнінде аттестаттау комиссиясының шешімі (бұдан әрі - Шешім) және қағаз тасымалдағышта берілетін Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) не бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бойынша талаптар

7 7. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс мекенжайы бойынша тіркеуші органмен көрсетіледі.

8 8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.

9 9. Қабылдау кезек бойынша жүргізіледі. Алдын ала жазылу немесе жедел қызмет көрсету көзделмеген.

10 10. Құжаттарды толтыру орны қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар тағанмен жабдықталған.

Физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар мен лифтілер көзделген.

11 11. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат тіркеуші органның интернет-ресурсінде орналасқан: www.intellkaz.kz, сонымен қатар ресми ақпарат көздерінде. Анықтама телефоны: (87172) 74-07-54.

12 12. Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және тіркеу:

1 1) біліктілік емтиханын өту және куәлік алу үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдауды;

2 2) уәкілетті органда келіп түскен құжаттарды таратуды;

3 3) өтініштерді қарауды және келіп түскен материалдарды Ережеге сәйкестікке тексеруді;

4 4) аттестаттау және тіркеу іс-әрекеттерін жүзеге асыруды не бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап дайындауды;

5 5) аттестаттау комиссиясының, басшылықтың құжаттарды қарауды және оларды өтініш берушіге шешім не куәлік беру үшін дайындауды;

6 6) аттестаттау өткізуді;

7 7) өтініш берушіге шешімді, куәлікті не дәлелді жауап беруді қамтиды.

13 13. Біліктілік емтиханынан өту не тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

14 14. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет өтініш беруші аттестаттаудан өту үшін қажетті құжаттарды Стандарттың 11-тармағына сәйкес ұсынған сәттен бастап 3 (үш) ай ішінде, Куәлік беру оны беру туралы өтініш ұсынылған сәттен 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүзеге асырылады;

2 2) құжаттарды ұсыну кезінде кезекте ең көп күту уақыты – 10 минуттан артық емес;

3 3) құжаттарды алу кезінде кезекте ең көп күту уақыты – 10 минуттан артық емес.

Ұсынылған құжаттардың толықтылығын және олардың ресімделуінің дұрыстығын тексеру он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құжаттардың толық емес болу жағдайында уәкілетті орган аталған мерзімдерде жазбаша толық дәлелді қараудан бас тарту туралы хат береді.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жоғалған немесе бұзылған жағдайында өтініш берушінің өтініші бойынша уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде оның телқұжатын береді.

15 15. Мемлекеттік қызметті тоқтату көзделмеген.

Осы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері Стандарттың 16-тармағында көзделген.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетілген хат жолдайды.
Жеткіліксіз мәліметтер және құжаттар сұралған уақыттан бастап екі ай ішінде ұсынылмаса уәкілетті органға ұсынылған құжаттар қайтарылуға жатады.

16 16. Уәкілетті орган кеңсесінде өтініштер мен құжаттарды тіркеу үшін қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында іс әрекет тәртібінің сипаттамасы (өзара іс-қимыл)

17 17. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар ұсынады.

18 18. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.

Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанына оның Комитет кеңсесінің тіркеу мөртабаны қойылған (кіріс нөмірі, күні) өтініш беруші өтінішінің көшірмесі растама болып табылады.
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері:

1 1) құжаттарды қабылдайды;

2 2) өтініш берушіге:

өтініш қабылданған нөмірі, күні мен уақыты;
құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген өтініш көшірмесін береді;

3 3) қабылданған құжаттарды уәкілетті органның басшылығына береді;

4 4) өтініш берушіге қолма-қол не пошта қызметі арқылы шешімді және куәлікті не бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруді жүзеге асырады.

19 19. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңды мәні бар әрекеттер жасау және (немесе) құжаттарды беру орны бойынша төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес белгіленген төлем мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын береді.

20 20. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

1 1) құпиялық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау).

21 21. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функциональдық бірліктер (өкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері және т.б.) (бұдан әрі – ҚФБ):

1 1) уәкілетті органының кеңсе қызметкері – құжаттарды қабылдау және беру;

2 2) аттестаттау комиссия – өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарау, орындау.

22 22. Әр іс-қимылды орындаудың мерзімі көрсетілген әр ҚФБ іс-қимылының (процедураның, функцияның, операцияның) кезектік мәтіндік кестелік сипаттамасын осы Регламенттің 1-қосымшасында ұсынылған.

23 «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларды сақтауға тапсыру туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті

23. Іс-қимылдың қисынды кезектілігі (мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмманы осы Регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерді
мемлекеттік тіркеу және аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
1
Іс-қи­мыл­дың № (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Ко­мис­сия хат­шы­сы
Ко­мис­сия
Ко­мис­сия хат­шы­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
3
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және ко­мис­сия хат­шы­сы­на құ­жат­тар­ды бе­ру
Құ­жат­тар­ды қа­рау және бө­лу
Ат­те­стат­тау бой­ын­ша ко­мис­сия оты­ры­сын өт­кі­зу, ше­шім қа­был­дау
Ку­ә­лік алу ту­ра­лы өті­ніш­тер бой­ын­ша Ку­ә­лік жо­ба­сын әзір­леу
Ку­ә­лік жо­ба­сын тек­се­ру
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру үшін қа­был­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер)
өті­ніш бе­ру­ші­ге өті­ніш қа­был­дан­ған нө­мі­рі, кү­ні мен уа­қы­ты;
құ­жат­тар­ды рә­сім­де­у­ге өті­ніш­ті қа­был­да­ған уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі қыз­мет­ке­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты көр­се­ті­л­ген өті­ніш кө­шір­ме­сін бе­ру
Ат­те­ста­ци­я­ға жі­бе­ру ту­ра­лы ко­мис­сия оты­ры­сы хат­та­ма­сы­ның жо­ба­сы
Ше­шім
Ку­ә­лік жо­ба­сы
Қол қою
Құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
45 ми­нут
60 күн
5 жұ­мыс кү­ні
30 күн
Кү­ні бойы
2 күн
6
Ке­зек­ті іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7
2-кесте. Пайдалану түрлері. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
Ко­мис­сия
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
2. Ко­мис­си­я­ның оты­ры­сын өт­кі­зу және ше­шім қа­был­дау (хат­та­ма ре­сім­де­ле­ді)
3. Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сіне ку­ә­лік бе­ру
4. Орын­да­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
3-кесте. Пайдалану түрлері. Баламалы процесс.
Ба­ла­ма­лы про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
Уәкі­лет­ті ор­га­ны
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
2. Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лы­на жа­зу ен­гі­зу
3. Ко­мис­си­я­ның оты­ры­сын өт­кі­зу және ше­шім қа­был­дау (хат­та­ма ре­сім­де­ле­ді)
4. Хат­та­ма­дан үзін­ді дай­ын­дау
6. Бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­ты өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
5. Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сіне жа­з­ба­ша түр­де бас тар­ту негіз­де­рін көр­се­те оты­рып дәлел­ді жа­у­ап бе­ру
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерді
мемлекеттік тіркеу және аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 26 маусымдағы
№ 239 бұйрығына
6-қосымша
«Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларды сақтауға тапсыру туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларды сақтауға тапсыру туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

2 2) өтініш беруші – мемлекеттік тіркеу солардың мүдделеріне жүргізілетін автор, автордың сенімді тұлғасы.

3 3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттік қызмет «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан   Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 4-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларды сақтауға тапсыру туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт), Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 14 қазанда № 279 бұйрығымен бекітілген Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларды сақтауға тапсыру туралы анықтама беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны қағаз тасымалдағышта берілетін жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, сақтауға қабылдау туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама) немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс, № 1019 кабинет мекенжайы бойынша уәкілетті органмен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Қабылдау кезек бойынша жүргізіледі. Алдын ала жазылу немесе жедел қызмет көрсету көзделмеген.

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат тіркеуші органның интернет-ресурсында: www.intellkaz.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен тіркеуші орган орналасқан жерінде қойылған стендте орналасқан.

9 9. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларды сақтауға тапсыру туралы анықтама беру:

1 1) сақтауға өтініш пен құжаттарды қабылдауды;

2 2) уәкілетті органда келіп түскен құжаттарды бөлуді;

3 3) өтінішті қарауды және ұсынылған материалдардың Ережеге сәйкестігін тексеруді;

4 4) жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, сақтауға қабылдау туралы анықтама беруді жүзеге асыруды немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап әзірлеуді;

5 5) басшылықтың құжаттарды қарауын және оларды өтініш берушіге беруді әзірлеуді;

6 6) Анықтаманы немесе дәлелді жауапты беруді қамтиды.

10 10. Сақтауға түсетін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1 1) мемлекеттік қызмет өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында көзделген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

2 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды;

3 3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды.

12 12. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларды сақтауға тапсыру туралы анықтама беруді тоқтату көзделмеген.

Осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері Стандарттың 16-тармағында көзделген.

13 13. Уәкілетті органның кеңсесінде өтінішті және құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде іс-әрекеттер (өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар ұсынады.

Сақтауға ұсынылатын құжаттар нөмірленуі, тігілуі және өтініш берушінің қолы қойылуы тиіс.
Құжаттарды сенімді тұлға арқылы ұсыну кезінде қосымша:
заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған, автордың қол қойған сенімхаты;
сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсыну қажет.

15 15. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.

Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанына оның уәкілетті орган кеңсесінің тіркеу мөртабаны қойылған (кіріс нөмірі, күні) өтініш беруші өтінішінің көшірмесі растама болып табылады.
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері:

1 1) құжаттарды қабылдайды;

2 2) өтініш берушіге:

өтініш қабылданған нөмір, күні мен уақыты;
құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген өтініш көшірмесін береді;

3 3) қабылданған құжаттарды уәкілетті органның басшылығына береді;

4 4) Анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты өтініш берушіге қолма-қол немесе пошта қызметі арқылы беруді жүзеге асырады.

16 16. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

17 17. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

1 1) құпиялық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау).

18 18. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функциональдық бірліктер (өкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері және т.б.) (бұдан әрі – ҚФБ):

1 1) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері – құжаттарды қабылдау және беру;

2 2) уәкілетті органның қызметкері – өтінішті қарау және орындау.

19 19. Әр іс-қимылды орындаудың мерзімі көрсетілген әр ҚФБ іс-қимылының (процедураның, функцияның, операцияның) кезектік мәтіндік кестелік сипаттамасын осы Регламенттің 1-қосымшасында ұсынылған.

20 «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті

20. Іс-қимылдың қисынды кезектілігі (мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмманы осы Регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.
«Жарияланбаған туындылардың
қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларын
сақтауға тапсыру туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
1
Іс-қи­мыл­дың № (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
3
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы­на бе­ру
Құ­жат­тар­ды қа­рау және бө­лу
Өті­ніш­ті қа­рау және орын­дау
Жа­у­ап жо­ба­сын тек­се­ру
Анық­та­ма бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ру (ре­сми ті­зі­лім­ге жа­з­ба ен­гі­зу)
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру үшін қа­был­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер)
өті­ніш бе­ру­ші­ге өті­ніш қа­был­дан­ған нө­мір, кү­ні мен уа­қы­ты;
құ­жат­тар­ды рә­сім­де­у­ге өті­ніш­ті қа­был­да­ған тір­ке­у­ші ор­ган кең­се­сі қыз­мет­ке­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты көр­се­ті­л­ген өті­ніш кө­шір­ме­сін бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою
Анық­та­ма­ның неме­се дәлел­ді бас тар­ту­дың жо­ба­сын бас­шы­лық­қа бе­ру
Бас­шы­ның бұ­ры­шта­ма­сы
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­ріне бе­ру
Құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
45 ми­нут
Кү­ніне 2 рет
5 күн ішін­де
Кү­ні бойы
Кү­ні бойы
2 күн
6
Ке­зек­ті іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7
2-кесте. Пайдалану түрлері. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
Уәкі­лет­ті ор­ган
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
4. Өті­ніш­ті қа­рау және анық­та­ма­ның жо­ба­сын әзір­леу
2. Құ­жат­тар­ды элек­трон­дық аза­мат­тар­дың өті­ніш­те­рін есеп­ке алу кі­та­бын­да тір­кеу
5. Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сіне орын­дал­ған құ­жат­тар­ды бе­ру
3. Өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ру
6. Орын­да­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
3-кесте. Пайдалану түрлері. Баламалы процесс.
Ба­ла­ма­лы про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
Уәкі­лет­ті ор­ган
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
4. Өті­ніш­ті қа­рау және бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­тың жо­ба­сын әзір­леу
2. Құ­жат­тар­ды элек­трон­дық аза­мат­тар­дың өті­ніш­те­рін есеп­ке алу кі­та­бын­да тір­кеу
5. Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сіне бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­ты бе­ру
3. Өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ру
6. Бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша түр­де­гі дәлел­ді жа­у­ап­ты өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
«Жарияланбаған туындылардың
қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларын
сақтауға тапсыру туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 26 маусымдағы
№ 239 бұйрығына
7-қосымша
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті.

2 2) өтініш беруші – мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым;

3 3) Комиссия – мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу комиссиясы.

3 3. Мемлекеттік қызметті тіркеуші орган көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттік қызмет «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-1-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны қағаз тасымалдағышта берілетін Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс, № 1019 кабинет мекенжайы бойынша уәкілетті органмен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Қабылдау кезек бойынша жүргізіледі. Алдын ала жазылу немесе жедел қызмет көрсету көзделмеген.

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.intellkaz.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен уәкілетті орган орналасқан жерінде қойылған стендте орналасқан.

9 9. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу:

1 1) аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күн туралы ақпаратты орналастыруды;

2 2) аккредиттеуге өтініш пен құжаттарды қабылдауды;

3 3) өтініштерді тіркеу журналында нөмір беріп әрі қабылдау күнін көрсетіп жазу енгізуді;

4 4) өтінішті қарауды және ұсынылған материалдардың мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеруді;

5 5) аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысын өткізуді;

6 6) комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруді жүргізу арқылы шешім қабылдауды;

7 7) өтініш берушіге Куәлікті немесе дәлелді жауапты беруді қамтиды.

10 10. Аккретиттеуге түсетін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1 1) мемлекеттік қызмет өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 65 (алпыс бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі.

Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күн туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және оның интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей орналастырады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындылары бойынша уәкілетті орган отырыс аяқталған күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде аккредиттеу туралы шешім қабылдайды және өтініш берушіге бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік береді;

2 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды;

3 3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты 10 минуттан аспайды.

12 12. Куәлікті беруді тоқтату көзделмеген.

Осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері Стандарттың 16-тармағында көзделген.

13 13. Тіркеуші органның кеңсесінде өтінішті және құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде іс-әрекеттер (өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.

15 15. Мемлекеттік тіркеуді алу үшін қажетті құжаттар тіркеу органның кеңсесіне тапсырылады.

Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанына оның тіркеуші орган кеңсесінің тіркеу мөртабаны қойылған (кіріс нөмірі, күні) өтініш беруші өтінішінің көшірмесі растама болып табылады.
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері:

1 1) құжаттарды қабылдайды;

2 2) өтініш берушіге:

өтініш қабылданған нөмір, күні мен уақыты;
құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген өтініш көшірмесін береді;

3 3) қабылданған құжаттарды уәкілетті органның басшылығына береді;

4 4) Куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты (хаттаманың үзінді көшірмесі) өтініш берушіге қолма-қол немесе пошта қызметі арқылы беруді жүзеге асырады.

16 16. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

17 17. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

1 1) құпиялық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);

2 2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау).

18 18. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функциональдық бірліктер (өкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері және т.б.) (бұдан әрі – ҚФБ):

1 1) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері – құжаттарды қабылдау және беру;

2 2) уәкілетті органның қызметкері – өтінішті қарау және орындау.

19 19. Әр іс-қимылды орындаудың мерзімі көрсетілген әр ҚФБ іс-қимылының (процедураның, функцияның, операцияның) кезектік мәтіндік кестелік сипаттамасын осы Регламенттің 1-қосымшасында ұсынылған.

20 20. Іс-қимылдың қисынды кезектілігі (мемлекеттік қызмет көрсету процесінде) және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмманы осы Регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.

«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде
басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
1
Іс-қи­мыл­дың № (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Ко­мис­сия хат­шы­сы
Ко­мис­сия
Ко­мис­сия хат­шы­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
3
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, про­це­ду­ра­ның, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және ко­мис­сия хат­шы­сы­на бе­ру
Өті­ніш­ті және құ­жат­тар­ды қа­рау
Ак­кре­дит­теу жө­нін­де­гі ко­мис­сия оты­ры­сын өт­кі­зу, өті­ніш­ті қа­рау, сырт­тай да­уыс бе­ру ар­қы­лы ше­шім қа­был­дау
Бұй­рық, ку­ә­лік жо­ба­сын неме­се хат­та­ма­ның үзін­ді кө­шір­ме­сін әзір­леу
Бұй­рық және ку­ә­лік жо­ба­ла­рын тек­се­ру
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру үшін қа­был­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім­дер)
өті­ніш бе­ру­ші­ге өті­ніш қа­был­дан­ған нө­мір, кү­ні мен уа­қы­ты; құ­жат­тар­ды рә­сім­де­у­ге өті­ніш­ті қа­был­да­ған уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі қыз­мет­ке­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты көр­се­ті­л­ген өті­ніш кө­шір­ме­сін бе­ру
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма
Хат­та­ма
Бұй­рық және ку­ә­лік жо­ба­ла­ры
Қол қою
Құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
45 ми­нут
360 күн
5 күн
Кү­ні бойы
Кү­ні бойы
2 күн
6
Ке­зек­ті іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7
2-кесте. Пайдалану түрлері. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
Ко­мис­сия
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
2. Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лы­на жа­зу ен­гі­зу
3. Ко­мис­сия оты­ры­сын өт­кі­зу және ше­шім қа­был­дау (хат­та­ма­мен рә­сім­де­ле­ді)
4. Бұй­рық және ку­ә­лік жо­ба­ла­рын әзір­леу
6. Орын­да­ған құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­ма-қол неме­се по­шта қыз­ме­ті ар­қы­лы бе­ру
5. Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сіне ку­ә­лік­ті бе­ру
3-кесте. Пайдалану түрлері. Баламалы процесс.
Ба­ла­ма­лы про­цесс (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны)
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
Ко­мис­сия
1. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
2. Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лы­на жа­зу ен­гі­зу
3. Ко­мис­сия оты­ры­сын өт­кі­зу және ше­шім қа­был­дау (хат­та­ма­мен рә­сім­де­ле­ді)
4. Хат­та­ма­ның үзін­ді кө­шір­ме­сін әзір­леу

Қолданыстағы