Қолданыстағы ред. 27.06.2000 (Редакция 6313_258020.kaz)

Қостанай облысында бастауыш және орта кәсіптік білімді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы от 27.06.2000 г. № 129 (Қостанай облысында бастауыш және орта кәсіптік білімді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы)

0

Қостанай облысында бастауыш және орта кәсіптік білімді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.12.2004 № 55 шешімімен.
"Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білімді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы № 721 қаулысын орындауда және облыста бастауыш және орта кәсіптік білімді одан әрі дамыту мақсатында ШЕШТIМ:

1

1. Қостанай облысының білім департаменті (Г.Г. Шек), Костанай облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (О.А. Киколенко) бір айлық мерзімде жастардың бастауыш және орта кәсіптік білімін дамытудың, жұмыссыз азаматтарды даярлау мен қайта даярлаудың аймақтық бағдарламасын әзірлесін. Тұрақты түрде еңбек нарығының мониторингін жүргізсін, экономиканың салалары бойынша білікті жұмысшылар мен мамандардың кажеттілігін анықтасын.

2

2. Қостанай облысының қаржы департаменті (М.А. Щеглова) 2001 жылға арналған бюджет жобасын құрастырғанда мемлекеттік кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерді 2001 жылғы 1 каңтардан бастап облыстық бюджеттен қаржыландыруды қарастырсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.