Құжат мәтініне өту

Об организации оплачиваемых общественных работ

Қаулы · № 34 · қабылданған 27.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63144/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации оплачиваемых общественных работ Күшін жойған Қаулы ·№ 34 ·27.01.2012
15.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации оплачиваемых общественных работ

Күшін жойған Қаулы ·№ 34 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации оплачиваемых общественных работ
Атауы (қаз.)
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34
Қабылданған күні
27.01.2012
Көрсетілген редакция
15.01.2013 63144_178433.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CH000146
ЭКБ идентификаторы
63144
Редакция идентификаторы
63144_178433
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:14

0 Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi, нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Алматбаева Г. А) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Б. Күзембаеваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

5 Қоғамдық жұмыстардын түрлері

Мәртөк ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 қаңтардағы
№ 34 қаулысына
қосымша
Қоғамдық жұмыстың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру
көздерi және қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізімі
Рет
саны
Мекемелер
атауы
Қо­ғам­дық
жұ­мыстар­дын түр­ле­рі
/жо­ба­ла­ры/
Шарт
бой­ын­ша
жұ­мыстар
дың кө­ле­мі, 1
адам­ға
/бо­лжам/
/тең­ге/
Жоспар бойынша
Қар­жы­лан­ды­ру
көз­де­рі
Жұ­мыс
орын са­ны,
адам
Қа­рал­ған
қа­ра­жат,
мың
тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
1
Ауыл­дық
округ­тер:
Ақ­құ­дық
Бай­нассай
Құр­ман­сай
Мәр­төк
Тәңір­бер­ген
Се­ло­лық
округ­тер:
Бай­то­ры­сай
Қа­ра­шай
Қа­ра­то­ғай
Қы­зы­л­жар
Жай­сан
Род­ни­ков
Ха­зі­рет
Хле­бо­дар
«Құ­ры­лыс
бри­га­да­сы»,
«Жол­дар», «Көр­кей­ту», «Ту­ған
өл­ке», «Са­нақ»,
«Мей­ір­бан мед­би­ке»,
«Эко­лог», «Су­ға
ба­ту­шы­ны
құт­қа­ру­шы»,
«Сар­ба­з­дар», «Іс
ша­ра­лар өт­кізу­ге
жәр­дем», «Ауыл
ша­ру­а­шы­лы­ғы
жұ­мыста­ры», «Жа­ды»
17439
184
9020
Жер­гілік­ті
бюд­жет
2
«Мәр­төк
аудан­дық
про­ку­ра­ту­ра­сы»
ММ
«Са­нақ»,
«Көр­кей­ту»,
«Құ­ры­лыс бри­га­да­сы»
17439
4
209
Жер­гілік­ті
бюд­жет
3
«Мәр­төк
аудан­дық
жұ­мыспен қам­ту
және
әле­умет­тік
бағ­дар­ла­ма­лар
бө­лі­мі» ММ
«Са­нақ»,
«Ке­ңес­ші»
17439
6
314
Жер­гілік­ті
бюд­жет
4
«Мәр­төк ауда­ны
қор­ға­ныс іс­тер
бө­лі­мі» ММ
«Са­нақ»
17439
9
471
Жер­гілік­ті бюд­жет
5
«Мәр­төк
аудан­дық
бі­лім, дене
шы­нық­ты­ру және
спорт бө­лі­мі»
ММ және аудан
мек­теп­те­рі
«Са­нақ »,
«Көр­кей­ту»,
«Құ­ры­лыс
бри­га­да­сы»
17439
4
209
Жер­гілік­ті
бюд­жет
6
«Мәр­төк
ауда­ны­ның
жер-ка­дастр
фи­ли­а­лы» МК
«Са­нақ»
17439
2
104
Жер­гілік­ті
бюд­жет
7
Мәр­төк
аудан­дық со­ты
«Са­нақ», «Көр­кей­ту»
17439
8
419
Жер­гілік­ті
бюд­жет
8
«Мәр­төк
аудан­дық іш­кі
іс­тер бө­лі­мі»
ММ
«Сар­ба­з­дар»
17439
3
157
Жер­гілік­ті
бюд­жет
9
«Мәр­төк ор­ман
ша­ру­а­шы­лы­ғы»
ММ
«Тә­лім­бақ»,
«Көр­кей­ту»,
17439
35
1831
Жер­гілік­ті
бюд­жет
10
«Мәр­төк
аудан­дық
мә­де­ни­ет және
тіл­дер­ді
да­мы­ту бө­лі­мі»
ММ «Мәр­төк
аудан­дық
мә­де­ни­ет үйі»
МКҚК
«Іс ша­ра­лар
өт­кізу­ге сеп­те­су»,
«Көр­кей­ту»,
«Құ­ры­лыс бри­га­да­сы»
17439
10
523
Жер­гілік­ті
бюд­жет
11
«Мәр­төк ауда­ны
әкі­мі­нің
ап­па­ра­ты» ММ
«Са­нақ»,
«Көр­кей­ту»,
«Құ­ры­лыс бри­га­да­сы»
17439
8
419
Жер­гілік­ті
бюд­жет
12
«Мәр­төк
ауда­ны­ның
әді­лет
бас­қар­ма­сы» ММ
«Са­нақ», «Ке­ңес­ші»
17439
8
419
Жер­гілік­ті
бюд­жет
13
РМҚК Ақ­тө­бе
об­лы­стық
фи­ли­а­лы Мәр­төк
аудан­дық
ве­те­ри­на­ри­я­лық
зерт­ха­на­сы.
«Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы
жұ­мыста­ры»
17439
4
209
Жер­гілік­ті
бюд­жет
14
«Ақ­тө­бе
об­лы­сы­ның сот
ак­ті­ле­рін
орын­дау
ко­ми­те­ті­нің»
Мәр­төк
аумақ­тық
бө­лі­мі
«Са­нақ»
17439
4
209
Жер­гілік­ті
бюд­жет
15
«Мәр­төк
аудан­дық жер
қа­ты­на­ста­ры бө­лі­мі» ММ
«Са­нақ»
17439
2
104
Жер­гілік­ті
бюд­жет
16
«Мәр­төк
ауда­ны­ның
мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты» ММ
«Са­нақ», «Жа­ды»
17439
4
209
Жер­гілік­ті
бюд­жет
17
Ақ­тө­бе об­лы­сы
бой­ын­ша
жы­л­жы­май­тын
мү­лік
жө­нін­де­гі
ор­та­лы­ғы РМҚК
Мәр­төк
аудан­дық
фи­ли­а­лы
«Са­нақ»
17439
2
104
Жер­гілік­ті
бюд­жет
18
Мәр­төк жем шөп
мем­ле­кет­тік
сорт сы­нау
бө­лім­ше­сі
«Са­нақ»
17439
3
157
Жер­гілік­ті
бюд­жет
Бар­лы­ғы
300
15087,0
Қоғамдық жұмыстардын түрлері

1 1. «Құрылыс бригадасы»

Су, газ, кәріз құбырларын және басқа коммуникация жүйелерін төсеу және жөндеу, мектеп, балабақша, аурухана және басқада бюджеттік сала объектілерін жөндеу. Құрылыс аяқталмаған, жартылай қираған ғимараттарды қалпына келтіру мәселелерін шешу.

2 2. «Жолдар»

Жаңа жолдарды төсеу және қолданыстағы жолдарды және жол жиектерін, тротуарларды шөптен тазартуға, жөндеуге, жолға төселген материалдарды бекітуге, ұзақ жолға жүретін қоғамдық көліктің тұрағын көркейтуге көмек көрсету.

3 3. «Көркейту»

Аулаларды, гүлзарларды, парктерді, елді мекендерді көркейту. Екпе ағаштарды отырғызу және күту, гүлзарларды отырғызу, парктерді бөлу. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыру.

4 4. «Туған өлке»

Орман алқабын тазалау, бұлақтарды, құдықтарды тазарту, отын дайындау. Көпшіліктің шомылуына пайдаланатын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын қоршау.

5 5. «Ауыл шаруашылығы жұмыстары»

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге және жинауға маусымдық көмек көрсету (көкөніс және бақша дақылдары). Қоғамдық тамақтандыру блогы бар әлеуметтік сала объектілері үшін мал бордақылау, малды жемдеу, жас малды өсіру, маусымдық, малдарды жемдеу үшін қысқа мерзімдік алаңдар дайындау. Малдарды идентификациялау.

6 6. «Тәлімбақ»

Ағаштардың көшеттерін өсіру, гүлдердің көшеттерін аумақтарды жасыл желектендіру және абаттандыру кезінде одан әрі пайдалану мақсатында өсіру.

7 7. «Санақ»

Республикалық, аймақтық науқандарды (түрлі санақтар, әскерге шақыру, зейнетақы және жәрдемақыларды қайта есептеуге көмектесу, халыққа қызмет көрсету орталығында көмек беру) ұйымдастыруға қатысу және салықтарды жинауға көмектесу.

8 8. «Іс шаралар өткізуге жәрдем»

Мәдени мақсаттағы іс- шараларды (спорттық жарыстар, халықтық мерекелер) ұйымдастыру кезінде көмек көрсету.

9 9. «Жады»

Тарихи – сәулеттік ескерткіштерді, қорықтық аймақтарды қалпына келтіру, оларды күзету және күту. Молаларды, бауырластар зираттарын абаттандыру, тазалау және күзету.

10 10. «Кітапқа – екінші өмір»

Оқушыларды қажетті мөлшерде оқулықтармен қамтамасыз ету. Аудандардағы мектептердің кітапханаларындағы, көпшілікке арналған кітапханалардағы кітап қорларын қалпына келтіру. Жоба шеңберінде кітаптардың жекелеген беттері мен мұқабаларын алмастырып, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру.

11 11. «Мейірбан медбике» Денсаулық сақтау мекемелері мен үйде ауру және қарт адамдарды күту.

12 12. «Тігінші»

Ауруханаларда, мектептер мен мектеп – интернаттарда, бала бақшаларда, еңбекпен түзеу мекемелерінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде төсек-орын және киім –кешектерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

13 13. «Эколог»

Тұрмыстық, қатты-тұрмыстық қалдықтарды жою және жоюды ұйымдастыруға көмектесу.

14 14. «Кеңесші»

Аз қамтылған азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша ақысыз кеңес қызметтерін көрсету.

15 15. «Сарбаздар»

Қоғамдық тәртіпті сақтау. Селоларда және елді мекендерде қоғамдық тәртібін сақтау бойынша көмек көрсету.

16 16. «Суға батушыны құтқарушы»

Суға батқандарды құтқару және Суға түсуге арналған арнайы орындарда балалардың және басқа адамдардың суға түсуін бақылау.
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары
Жұмыс аптасы 5 күн, екі демалыс күндерін құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы еңбек табелінде көрсетілген нақты жұмыс уақытына байланысты жұмыссыздардың жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-сайман және жабдықтармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

Қолданыстағы